Топқа бөлу үшін берілетін сөздер :
Ертіс өзені, Шыңғыстау, Семей қаласы, аспалы көпір
Майдың ашық күні. Көк жетіліп, гүл-жапырақ молайған. Жаңа шыққан алкүрең жасыл шөппен дала жасарған. Былтырдан қалған қу шөп азайғандай, анда-санда болмаса, көзге көп ілінбейді. Оның орнын қазіргі күнде аласа бетеге, жасыл тарлау, шашыраған жас көде, шашақталған жас сасыр басқан. Жасыл кілемнің түріндей көрікті далада әр жерге шашырап шыққан қызғалдақтың сары гүлдері көз қуантып жайнап тұр.
Үлкен таудың қолтығындағы жіңішке өзек пен ұзын сайлар да жылдағы сұлу көркіне келіп жаңарған. Жапырағы жетілген жас қайың, өзекті қуалап өскен ұзын тоғай, тасқыны басылмай, сарқырап аққан ойнамалы жүйрік өзен, бойы өсіп бұраңдап, толқынданған жасыл шалғын, өзектің екі жағындағы қатарланған биік жартас, өзек бойында ойнап ұшқан құстар – бәрі жиналғанда, сайды жаңа түскен жас келіншектің отауындай жайнатып, жасартып тұр.
Тірек суреттер арқылы шығармашылық жұмыс
*«Біздің мектеп»/оқушының шығармашылығы/
Достарыңызбен бөлісу: |