Сабақтың тақырыбы: Күз келді Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


Пән:Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі



бет68/187
Дата14.12.2023
өлшемі34,78 Mb.
#197066
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   187
Байланысты:
3-сынып қмж23

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлімЖақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Күні:
Сынып: 3

Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:.


Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Азға қанағат ет



Осы сабақта
Қолжеткізілетін оқу мақсаттары

3.​3.​3.​1* мәтінніңжанрын (әңгіме, тұрмыс-салтжырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау
3.​4.​1.​1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.
3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулысөздердіауызша/ жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:
Оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен мәтін құрастырады, сөздерді дұрыс байланыстырып жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтінніңжанрынажыратады, тірек сөздер бойынша мәтін құрастырады, өз бетінше жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, тақырып бойынша өз ойын білдіреді, өз бетінше мәтін құрастырады.

Бағалаукритерийлері

- оқыған мәтіннің жанрын анықтайды;
- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырады;
- жіктік жалғауларды дұрыс қолданады.

Тілдік мақсат

Апар, ереже

Жіктік жалғаулары
Мен апара+мын, біз апара+мыз

Құндылықтарды дарыту



Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

Бастапқы білім



ІІ бөлім. Еріншектің ертеңі бітпес № 6

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет





Ресурстар

Сабақтың басы
(5 мин)

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Сенім аралы»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Оқушылар шеңбер болып отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады, соңында бір-бірлерінің қолдарын ұстайды. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.


Үй жұмысын тексеру:
Оқушылар еріншектік, жалқаулық туралы мақал-мәтелдер айтады:
Жалқаудың жауы - жұмыс.
---
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
---
Еріншектің ісі — екі.
---
Жалқауға күнде той.
Кері байланыс: Оқушыларжауабын қорытындылап, еріншек, жалқау болмауға шақыру.

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. (Тақтада оқушылардың тілінебейімделген оқу мақсаттары жазылады)


- оқыған мәтіннің жанрын анықтаймын;
- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын;
- жалғауларды дұрыс қолданамын.

Таныстырылым № 2

Еріншектік, жалқаулық туралы мақал-мәтелдер


https://www.zharar.com/kz/makal/7616-laziness.html


https://www.youtube.com/watch?v=vCvoGjEwv7A
Таныстырылым № 3



Сабақтыңортасы
(30 мин)



(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту:апар, ереже
1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері арқылы түсіндіру.
Ереже – қағида, апар - жеткіз
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады:
Темір таға, ұста дүкені, ереже сақтау, апарып беру.
4. Сөйлемдер құрастыру.
Топтың ережесін сақтау керек. Мен анама кітап апардым.
5. Грамматикалық қоржын.
Мен апар+а+мын, біз апар+а+мыз
Сен апар+а+сың, сендер апар+а+сың+дар 
Сіз апар+а+сыз, Сіздер апар+а+сыз+дар
Ол апар+а+ды, Олар апар+а+ды
Оқылым алды тапсырмасы.
(Ұ, МК)Мұғалім мәтінді оқымас бұрын оқушыларды авторымен таныстырады
Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы. Балаларға арналған әңгімелері өте көп. Бүгін біз «Әке мен бала» атты әңгімесімен танысамыз. Ы.Алтынсарин Қостанай облысында дүниеге келгенағартушы, ұстаз,
жазушы. Алғаш мектеп ашқан, әліппе жазған.
Оқушылар «Әке мен бала» мультфильмін көреді.
Мультфильмніңнегізгі кейіпкерлерін айтады.


Оқылым кезіндегі тапсырма
(Ұ)Оқушылар мәтінді рөлге бөліп оқиды.
Бір адам жолда ескі тағаны көріп:
— Балам, анаутағаны, алшы! — дейді.
— Әке, ескі таға ғой, пайдасы жоқ, - деп, бала тағаны алмайды.
Әкесітағаныөзі алады.
Әкесі ескі тағаны ұсталарғаүштиынғасатады. Шиесатыпалады.
Әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Бала шиені жерден алып, жейді. Ол жерге түскен шиені он рет алып жейді.
Әкесі баласына:
— Көрдің бе: «Пайдасы жоқ!» - деп, тағаны алмадың. Шиені он рет алдың. Есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете алмасаң — көптен құр қаласың, — деді.
Ы.Алтынсарин
(Ұ)Сұрақтарға жауап береді
1. Әкесі жолдан не тауып алды?
2. Бала тағаны алды ма?
3. Әкесі тағаны кімге сатты?
4. Әкесі не сатып алды?
5. Бала шиені қалай жеді?
6. Әкесі баласына не деді?
«Бас бармақ» әдіс арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет