Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
3.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап,түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
|
Сабақтың басы
|
«Комплимент»
Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Кез келген қатысушы бір жағымды комплимент айтады. Шеңберде отырған оқушылар бұл комплименттің кімге арналғанын табуы керек. Комплимент алған оқушы ойынды әрі қарай жалғастырады.
Өткен тақырыпты еске түсіру.
«Қарлы кесек» ойыны
Оқушылар шеңберге тұрады. Ойын бастаушы қағаздан жасалған домалақ қарды кез келген оқушыға лақтырады да, өткен тақырыптар бойынша сұрақ қояды. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша диалогқа қатысамын.
Сөздерді дұрыс байланыстырамын.
|
|
Сабақтың ортасы
|
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту
Құлын, бота, бұзау, қозы, лақ
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру
Сүйкімді құлын. Құлын – жылқының төлі.
Екі бота. Бота- түйенің төлі.
(Ө, Ж)Тыңдалым
Тыңдалы мәтіні
-Сен төрт түлік малды білесің бе?
-Иә, білемін.
-Атап шықшы.
-Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой мен ешкі.
-Түйенің төлі не?
-Түйенің төлі –бота.
-Сиырдың төлі не?
-Сиырдың төлі –бұзау.
-Қойдың төлі не?
-Қойдың төлі –қозы.
-Жылқының төлі не?
-Жылқының төлі –құлын.
-Ешкінің төлі не?
-Ешкінің төлі –лақ.
Мәтінді тыңдайды. Әр оқушы өздігінен тапсырманы орындайды да, көршісіне суретті пайдаланып, малдардың төлдерін көрсетеді және атайды. Бірі –сөйлейді, екіншісі- тыңдайды. Содан кейін рөлдерімен ауысады. Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
(Ө) Жазылым. Көп нүктенің орнынакеректі қосымшаны жалғап жазады. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөз тіркестерімен сөйлемдер құрайды.
Үлгі: Ешкінің лағы. Ешкінің лағы тастан секірді.
Қой...
|
-дың
-нің
-ның
|
қозы...
|
-ы
-сы
|
Ешкі...
|
лақ...
|
Жылқы...
|
құлын...
|
Түйе...
|
бота...
|
Сиыр...
|
бұзау...
|
Тапсырманы орындап болған соң, тақтадан дұрыс нұсқа көрсетіледі.
«Өзін-өзі бағалау баспалдағы» арқылы өзін-өзі бағалайды.
МЕН ІСТЕДІМ, ҚОЛЫМНАН КЕЛДІ
МЕН ІСТЕЙМІН
МЕН ІСТЕЙ АЛАМЫН
МЕН ТЫРЫСЫП КӨРЕМІН
МЕН ҚАЛАЙ ІСТЕЙМІН?
МЕНІҢ ІСТЕГІМ КЕЛЕДІ
МЕНІҢ ІСТЕГІМ КЕЛМЕЙДІ
МЕН ІСТЕМЕЙМІН
Сергіту сәті «Белгісіз басшы»
Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.
(Ж) Оқылым.
Мәтін мазмұнымен танысады. Мәтін мазмұны бойынша 3-4 сұрақ құрастырады. Жұптар бір-бірінің сұрақтарымен ауысады да, басқа жұптардың дайындаған сұрақтарына жауап береді.
Үлгі: Әлібекке не ұнайды? Ол ненің төлі? Ол не істейді?
Оқылым мәтіні
Біз малдың төлдерін жақсы көреміз. Маған құлын ұнайды. Ал ағама бота ұнайды. Қарындасым қозыны жақсы көреді. Ініме бұзау мен лақ ұнайды.
Төлдер әдемі, сүйкімді. Олар шөп жейді, ойнайды.
Жұптар бір-бірінің жауаптарын бағалайды.
Дескриптор:
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады
(3-5 сұрақ).
(Ө) «Кім жылдам?» ойыны. http://bala.soyle.kz/picture/collection?id=8 сайтындағы жаттығуларды орындайды
1. Сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді.
2. Берілген әріптерден сөздер құрап, жануардың атын жазады.
|
|