Басы
|
Ой қозғау
Жұмбақ
Ащыдан басқа жемейтін,
Ыстық шөлде Отаны.
Шөлдесе су демейтін,
Шешуі бұл қай жануар ?
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Бұл қандай жануар?
Балалар: -Қойдың пайдасына келсек, терісі пайдалы, еті дәмді, қойдың жүнінен көрпе, күртеше, қолғап, байпақ тоқиды, киіз басады.
Басындағы тағы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар
Бұл қандай жануар ?
Балалар – Ешкінің пайдасы –жүні. Жүніне қарай ангор деген ерекше түрі бар. Оның жүнінен қолғап, күртеше , орамал тоқылады.
Сүті өте пайдалы, кішкентай балаларға береді.
Екі айнасы бар,
Төрт тармағы бар.
Бір шыбыртқысы бар,
Қай жануар?
Балалар – сиыр сүтті көп береді. Сүтінен қою айран, құрт, ірімшік, май жасайды.
Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келеді жүйрігім,
-Бұл қай жануар екен?
Мұғалім төрт түліктің суретін тақтаға іліп отырады.
-Балалар, тақтаға төрт түліктің суретін ілдік. Ал олардың төлдерін қалай аталады?
Төрт түлік төлдері қалай аталады?
Төрт түлік қалай дыбыстайды?
Жылқы........
Түйе.........
Сиыр......
Қой......
Ешкі.......
-Бұл төлдерді сендер қалай шақырасыңдар? Төрт түлікті қалай шақырады?
Керекті сөздер: Түйе - «көс-көс»,қой –пұшайт-пұшайт», сиыр- «аухау-аухау», жылқы- «құрау-құрау» ешкі – «шөре-шөре».
Төрт түлік қалай дыбыстайды.?
Дыбысын салайықшы (сиыр: мө-мө-мө, қой: мә-мә-мә, түйе бө-бө-бө, жылқы е-е-е; жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, қой маңырайды, түйе боздайды).
|
Балалар жұмбақтарды шешеді. Тақтаға төрт түліктің суретін іліп отырады.
Ешкі
Сиыр
Жылқы
-Жылқы төлін құлын деп аталады.
Түйе төлі бота деп аталады.
Сиыр төлі бұзау деп аталады.
Қойдың төлі қозы деп аталады.
Ешкі төлі лақ деп аталды.
Жылқыны «құрау –құрау» деп шақырады.
Түйені «көс-көс» деп шақырады.
Сиырды «аухау-аухау» деп шақырады.
Қойды «пұшайт- пұшайт» деп, ешкіні «шөре-шөре» деп шақырады.
|
|
Төрт түліктің суреті
|