Сабақтың тақырыбы Ұлықбек Есдәулет «Біз түркілерміз» өлеңі және замана Осы сабақ арқылы



бет2/5
Дата03.03.2023
өлшемі121,65 Kb.
#170942
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Саба ты та ырыбы лы бек Есд улет «Біз т ркілерміз» ле і ж не

1.Өлең тақырыбы не жайында?
2.Автор идеясы қандай?
3. Көтерілген мәселе қандай?
Дескриптор:
-өлең тақырыбы не жайында екенін айта алады;
-өлең идеясын анықтайды;
-өлеңде көтерілген мәселені айтады
ҚБ: «Қима кесте» арқылы бағалау
3-тапсырма
І-топқа: Жұптық жұмыс
«Концептуалдық кесте» әдісі

Тақырыбы

Идеясы

Тілдік ерекшелігі












Дескриптор:
-өлеңнің тақырыбын анықтайды;
-идеясын ашады;
-тілдік ерекшелігін анықтайды.
ҚБ: «Бағдаршам»
ІІ –топқа: Ақын Ұ.Есдәулеттің жырындағы жолдарды Күлтегін жырымен салыстыра отырып, түркілерге түсінік береді.

Ұлықбек ақынның өлеңі

Күлтегін жыры

Біз - түркілерміз... 
Біз - түркілерміз! 
Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз, 
Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз 


Түрік халқының аты
Құмға сіңген судай
Құрымасын деп,
Асып тұрған айбыны
Шөптей жұлынбасын деп
Әкемді қаған,
Шешемді Ханша еткен Тәңірі
Мені де қаған етті.
Жеріме қорған,
Еліме қамал етті.



Дескриптор:
-өлеңдерді салыстырады;
- мәнін ашады.
ҚБ: Гүл күлтешелерімен
ІІІ-топқа: «Біз - түркілерміз» өлеңін өлең құрылысына талдау
Біз - түркілерміз... 
Біз - түркілерміз! 
Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз, 
Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз
Көк бөріден туғанымыз рас болса, 
Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз. 
Кеудемізді билеген асқақ арман, 
Тарихымыз дастан боп таста қалған
Тірсегіміз тілінген кездерде де 
Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған. 
Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін, 
Айға қарап ұлыған көк бөрімін. 
Атқа мінсем кетемін аруақтанып, 
Арасында желік бар ет-терінің. 
Атқа мінсем кетемін айбаттанып, 
Қылыш көрсем кетемін қайраттанып. 
Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан
Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық! 
Намысымдай ешкімге таптатпаған, 
Түркістанның күмбезі асқақтаған. 
Бабаларым жатыр ғой бата беріп, 
Аруақтар аманатын ақтап бағам. 
Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз, 
Көк аспандай әлі де күркірерміз. 
Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса
Қай дұшпанның алдында іркілерміз? 
Біз - түркілерміз! 
Біз - түркілерміз!! 
Біз - түркілерміз!!!

Шығарманың композициялық құрылысы:

Сюжеттің басталуы




Сюжеттік байланыс




Шиеленісуі




Шарықтау шегі




Шешімі




Дескриптор:

  • Өлеңнің негізгі идеясын анықтайды;

  • Мақсатын анықтайды;

  • Құрылысына талдау жасайды;

ҚБ: «От шашу»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет