Сабақтың тақырыбы Ұлттық тағамдар. Мәтін



Дата14.04.2020
өлшемі1,95 Mb.
#62515
түріСабақ

Пәні: Сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын

Күні: 21.04.2017ж

Сынып: 1 а

Мектебі: Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Жандарбек Венера

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық тағамдар. Мәтін.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.4.1.Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.2.8.1. Мұғалімнің көмегімен түрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) және стильдегі (көркем және бейкөркем) мәтіндерді салыстыру.

1.3.5.1. Тақырыпқа байланысты керекті сөзер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер /мәтін құрастыру және жазу.

1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Ұлттық тағамдарды түрлеріне қарай ажырата алады. Түрлі жанрдағы мәтіндерді салыстырады.

Көбі: Мәтіннің тақырыбын анықтай алады, суреттерді қолдана отырып, сқйлем құрастырады

Кейбірі: Сурет бойынша жұмбақ құрастыра алады.

Жетістік критерийлері

Оқушылар ұлттық тағам шұжықтың жасалу жолын біледі, тағамның рецебін құрастыра алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым, аудиожазба

Тілдік мақсат







Пәнге тән лексика мен терминология: Ұлттық тағамдар, шұжық, жент, қымыз

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талдау

• Бұл мәтін бе әлде өлең бе?

• Өлеңде не туралы айтылған?

• Шұжық қалай жасалады?



Неге екенін айта аласыз ба…?

• Шұжық неліктен ет тағамына жатады?



Бастапқы білім

Ұлттық тағамдар және мәтін туралы білімі бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

4 минут

2минут


Сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Қайырлы күн балалар,

Қайырлы күн болсын!

Бейсенбінің бұл күні Сәттілікке толсын.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық



(Ө;Ұ) Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжау білігін бағалау.

Топқа бөлу.

1- топ Сүт тағамдары.

2- топ Ет тағамдары.

3- топ Ұн тағамдары.

4- топ Жемістер мен көкөністер.

(Әр топтан бір оқушы шығып, өз топтарында қандай тағамдар бар екенін айтады)

Сұраққа жауап алу арқылы өтілген материалдарды пысықтау.

Қағаздан қиылған тағам суреттері



Сабақтың ортасы

4 минут
10 минут

6 минут

1 минут


3 минут

6 минут




Оқулықпен жұмыс

(М;Ө;Ұ;Қ) Түрлі жанрдағы және стильдегі мәтіндерді ажырата алу білігін бағалау.

1-жаттығу. Өлеңді түсініп оқу. Шұжық.

- Өлең не туралы?

- Бұл мәтін бе,әлде өлең бе?


(Т) Шұжық өлеңі бойынша төрт топқа төрт түрлі тапсырма беру

1- топ Ребус шешу

2- топ Шұжықтың жасалу жолын түсіндіру

3- топ "Кластер" әдісі арқылы еттен жасалатын ұлттық тағамдарды жазу

4- топ "Венн диаграммасы" бойынша екі мәтінді салыстыру

"Күн сәулесі" кері байланысын алу
(МК;Ө;Қ) Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу білігін бағалау.

2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.



Қымыз - ұлттық тағам. Ол бие сүтінен жасалады. Оның емдік қасиеті мол.

Жаттығуды орындап болғаннан кейін дәптерлерін жұбымен алмасып, бір-бірін тексереді.



Ширату жаттығуы

Халықтар достығы мерекесіне байланысты өзге ұлттың әуеніне би қимылдарын жасау.



Сәйкестендіру

Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Олар бір-бірімен тату-тәтті тұрады. Бір-біріне қонаққа барады. Қонақтарға өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынады.

- Қонақтарға сендер қандай тағам ұсынар едіңдер?

(МК;Т;Қ) Суретте берілген заттардан тағамдардың рецебін құрастыру. Оқушылардың ой ұшқырлығын, шығармашылықпен жұмыс жасап, кері байланыс жасай алу білігін бағалау.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


Қима суреттер, кағаздар,маркерлер, желім

Күн суреті
Жұмыс дәптері

Бағалау критерийі

Аудиожазба

Таныстырылым

Қима қағаздар, желім, плакат


Аяқталуы

5 минут
3 минут



"Адасқан әріптер" ойыны

Әр топ араласқан әріптерден сөз құрастырады.

Ол сөзде неше буын, неше әріп бар екенін және қай топқа жататынын айтып өтеді.

1- топ ЖҰЫҚШ

2- топ ТЕЖН

3- топ ІШМІІРК

4- топ ТРОПКА

Күлегеш арқылы бағалау


"Ақиқат, Жалған" әдісі арқылы сабақты пысықтау.

1.Шұжық - ет тағамы

2.Қымыз түйенің сүтінен жасалады

3.Шұбат - шипалы сусын

4.Қымызды жейміз

5.Қазы сиыр етінен дайындалады.


Қима қағаздар

табличкалар


Сабақтың соңы

2 минут



Рефлексия

Бүгінгі сабақта алған әсерін "Поезд" вагондарына стикер жапсыру арқылы көрсету.




"Поезд" кері байланысы, стикерлер



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушыларға берілген сурет бойынша жұмбақ құрастыру тапсырылады.

Күн сәулесі, бағалау критерийі,"поезд" кері байланысы арқылы бағалау

Өнер, дүниетану сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткіз-бесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет