Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Балалар мен үлкендер
|
Мектеп: Жамбыл ММИ
|
Күні: 17.01.1019 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Какимова С. Ш.
|
Сынып: 7а
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
7.1.4.1-көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып,үзінділерді жатқа айту
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
«Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкер бейнесіне талдау жасайды, үзінділерді жатқа айтады
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
«Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкер бейнесіне баға береді, үзінділерді жатқа айтады және өзіндік пікірін ортаға салады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
«Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесін басқа шығармадағы кейіпкермен салыстырады, үзінділерді мәнерлеп оқып және өзіндік пікірін ортаға салу арқылы өмірмен байланыстырады.
|
Бағалаукритерйиі
|
-Кейіпкер бейнесін ашады, үзінділерді жатқа айта алады
|
Құндылықтарға баулу
|
Елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді тұлғасын тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих пәні
|
Тақырып бойынша
алдыңғы білім
|
М.Жұмабаев «Батыр Баян»
поэмасы
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған тапсырма түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 минут
5-минут
2-минут
|
1.Жағымды психологиялық орта қалыптастыру:
«Менің кейіпкерім» тәсілі бойынша 3-топқа бөліну
|
Әлімов А.
Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер-
Астана
2014ж 165-бет
|
Қызығушылықты ояту:
«Ұяшық »таңдау арқылы үй тапсырмасы тексеріледі
Ұяшықтағы сұрақтар:
1.Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэзиясын жазуға қандай себептер ұйтқы болды?
2.Баян кім? Баянның батырлығы поэмада қандай әрекет үстінде көрінеді?
3.Ақын Баян образын бейнелеуде қандай көркемдеуіш құралдар қолданды?
4.Автор батыр Баян образы арқылы қандай идеяны айтқысы келген?
5.Қалмақ қызына автордың көзқарасы қандай?
6.Поэмада қазақ тарихының қай кезеңі суреттеледі?
7.Поэма деген не? .
8.Баян бойындағы ашу мен ақылды қалай түсіндірер едің?
9. Отаншылдық сезім дегенді қалай түсінесің?
|
Жаңа сабақ
1-тапсырма.Өлеңдегі оқиғалардың ретін көрсете отырып, оқиғалар картасын әзірле:
«Оқиғалар картасы» үлестірме материал:
2.«Төрт қадам» әдісі арқылы төмендегі мәселелерді айтуы керек:
1. Шығармадағы 4 кейіпкерді ата;
2. Шығарманың құндылығына 4 сөзбен баға бер;
|
Сабақтың ортасы
7 минут
7 минут
7 минут
9 минут
| Шығарма кейіпкерлері
«Менің кейіпкерім» концептуалдық кесте толтырыңдар. үлестірме материал
Кейіпкер-лер
|
Өмірге қызығушы
лығы
|
Адамгершілік қасиеті
|
Кейіпкерге берілетін баға
|
Баян батыр
|
Өз елін сүйеді, жеңісін мақтан етеді, сұлулықты бағалайды.
|
Жырда қалмақ қызын тұтқын емес, қарындас ретінде ұстайды.
|
халқы үшін жанын беруге даяр, батыр, қайсар.
|
Ноян
|
Сұлулықты сүйеді, өзіне жар тапқысы келеді.
|
махаббатқа тұрақты, қыз сезімін бағалайды.
|
Махаббатына берік, сезімге адал, аңғырт.
|
Қалмақ қызы
|
Өз елін жақсы көреді, өмірді сүйеді, теңін тапқысы келеді.
|
Еліне, ата-анасына адал, Ноянның да махаббатын бағалайды.
|
Сұлу, ақылды, өз еліне адал.
| |