Сабақтың тақырыбы: Маған ұнайтын өлеңдер. Сөз Бағалау критерийлері Мектебі : №27 it-мектеп -лицейі



Дата07.02.2022
өлшемі1,57 Mb.
#86880
түріСабақ
Байланысты:
Соз сауат ашу слайд Байпанова Ж.
1 ВАРИАНТ - СЫНИ ОЙЛАУ - АНАЛИТКАЛЫҚ ОЙЛАУ, философия 9, филосоия-12

Оқу мақсаты
1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.
1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.
1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Сабақтың тақырыбы:
Маған ұнайтын өлеңдер. Сөз
Бағалау критерийлері
Мектебі :№27 IT-мектеп -лицейі
Бастауыш мұғалімі:Байпанова Жадыра Кошкаровна
1сынып Пәні:Сауат ашу
Барлық оқушылар: Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін дұрыс, көркем жазады.
Көптеген оқушылар: Өлең жолынан алынған сөйлем сызбасын оқиды, оқушылар сөздің санына, қойылған тыныс белгілеріне қарай сызбаға сәйкес сөйлемді оқиды, әрі табады. Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазады.
Кейбір оқушылар: Оқушылардың өлең мазмұнын берілген суреттер арқылы болжайды, өлеңнің не туралы екенін анықтайды. Каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
  • Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды.
  • Сөздерді сызбалармен сәйкестендіреді, сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.
  • Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаты
1 тапсырма (МК) ҰЖ Белсенді оқытудың «Түсіндіру жәні сипаттау» әдісі
2-тапсырма: ( ТЖ) Белсенді оқыту «Ойлан тап!» әдісі
3 тапсырма. ЖЖ. «Көршіңе әңгімеле» әдісі.
*
Алғаш мектеп ашып, балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсарин туралы «Бейнежазба» көрсетілімі арқылы жүргізіледі. Өлеңнің авторымен танысады.
1. Ыбырай атаның балаларды оқуға шақырған өлеңі екенін түсінеді.
2. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
Айтылым.Тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары дамиды
Топпен жұмыс жасайды. Шығармашылық қабілеттерін дамытады, сын тұрғысынан ойлауға, жүйелі түрде өз ойын айтуға жаттығады.Оқушылар сөздің санына, қойылған тыныс белгілеріне қарай сызбаға сәйкес сөйлемді оқиды, әрі табады, өлеңдегі сөйлемдерді сызба арқылы белгілеп, талдау жасайды. .
Бірлесіп жұмыс істеу арқылы біреуге үйрету, біреуден үйрену арқылы логикалық ойлау, сөйлеу, сәйкестендіру, дәлелдеу дағдылары қалыптастырады, диалог құруға үйренеді. Жұптаса отырып өлең мазмұнын берілген суреттер арқылы болжайды, өлеңнің не туралы екенін анықтатып, соған сәйкес суретті табады.
БЕЛСЕНДІ ОҚУ ӘДІСТЕРІ
Дәптермен жұмыс. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалардың мақсаты – сабақ барысында алынған білімді бекіту, сабақта алынған білім бойынша оқушылардың дағдыларын жетілдіру.Көркем жазу.
Дәптердегі суреттерді бояу, сызықтар сызу, таңбаларды салдыру арқылы баланың бұлшық еттерін дамытамыз. Әріп элементерімен танысады, олардың жазылым дағдысы қалыптастырамыз.
Саралау әдістері-әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды
Сараланған тапсырма
*
Сараланған тапсырмалар оқушылардың қажеттілігі мен ерекшеліктерін ескере отырып дайындалған. ЖЖ,ТЖ, жұмыстар ұйымдастырылды.
2 тапсырмада мұғалімнің көмегін қажет ететін кейбір оқушыларға сыни ойлау сұрақтарымен бағыттап, қолдау көрсетемін.
Оқушылардың барлығы: Сызба өлеңнің қай жолына сәйкес келетінін табады
Оқушылардың көпшілігі: сөздің санына, қойылған тыныс белгілеріне қарай сызбаға сәйкес сөйлемді табады,
Оқушылардың кейбірі: өлеңдегі сөйлемдерді сызба арқылы белгілеп, талдау жасайды.
3 тапсырмада жұптық жұмыс кезінде жұбымен диологқа түсуі үшін ынталандыру мақсатында сөзбен қолдау көрсетемін.
Критериалды бағалау
*
Бағалау крийтерилері қолданылды. Дескрипторлар білім алушының тапсырманы орындауда нақты қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалаудың төмендегідей әдістерін тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолданып отырдым. Мақсатым: Білім алушылардың ілгерлеуін, тақырыпты меңгеру деңгейін өлшеу үшін.
Олар:
Қ.Б «Ауызша бағалау»әдісі
Қ.Б ҚБ: Бас бармақ арқылы бірін –бірі бағалау
Қ.Б «Графикалық бағалау» әдісі
Белсенді оқытудың «Қорытынды шығару және есте сақта» әдісі.
Мақсаты: Сабақ барысына шолу жасап, оның қорытындысын шығару және не үйренгенін түйіндеу.
Кері байланыс «Білім ағашы» стикерлерді жабыстыру.
Қызыл түс- "түсінбедім"
Жасыл түс- "түсіндім"
Сары түс- " ойланамын"
Сабақты жоспарлауда сабақ мақсатын смарт форматында жасауда, бағалау критерийлерін белгілеуде, дескриптор жазу керектігін түсінбедім. Тренеріміз және әріптестеріміздің кері байланысы негізінде ықшам сабақ барысында білім алушылардың қажеттілігін есепке алу керектігін, белсенді оқу әдістерін тиімді пайдалануды, әр тапсырмаға дескриптор жазу керектігін түсініп, қарастыруды үйрендім.
  • Жаңартылған білім мазмұны бойынша алдағы уақытта сабақты смарт форматында дайындауды, саралау әдістерін және сабақ тақырыбына сай тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды мақсат етіп отырмын.

Ықшамсабақтың сабақты жоспарлауға ықпалы туралы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет