(F) Ой қозғау стратегиясы «Миға шабуыл».
Үй жұмысын тексеру:
Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру
№
|
Атауы
|
Белгіленуі
|
Өлшем бірлігі
|
Формуласы
|
1
|
|
F
|
|
|
2
|
жылдамдық
|
|
|
|
3
|
|
|
Секунд
|
|
4
|
|
|
|
s=vt
|
5
|
|
m
|
|
|
Бағалау критерийлері:
Оқушы кестенің әр жолын дұрыс толтырады;
Оқушы шамалардың физикалық мағынасын біледі және түсінеді.
Дескрипторлар:
Берілген кестенің әр жолын дұрыс толтырды;
Оқушы шамалардың физикалық мағынасын білді;
Оқушы әр жағдайды дұрыс түсіндірді.
Мұғалім интерактивті тақтада дұрыс жауабын шығарып көрсетеді.
Балалар өзін-өзі бағалайды.
Жаңа сабақ:
(Р) Сабақтың мақсатын айқындау. (видеоға қарап бүгінгі тақырыпты болжау (жұптық жұмыс) )
(W) Интернет сілтемелерімен жұмыс (Bilimland). Видео шолу жасалынады.
(G) (F) Проблемалық сұрақ қойылады.
Күнделікті өмірдегі жұмыс деген ұғымды қалай түсінесін?
Оның бүгінгі тақырыппен қандай ұқсастығы немесе айырмашылығы бар?
Бағалау критерийлері:
Өмірден мысал келтіреді;
Механикалық жұмыс пен тұрмыстағы жұмыстың ұқсастығымен айырмашылығын ажырата біледі.
Дескрипторлар:
Күнделікті өмірмен байланыстырады;
Олардың айырмашылығымен ұқсатығын ажыратады.
Оқушылар «Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана» және «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылықтарын дамытады.
Оқушылар тапсырманың меңгергенін «Бас бармақ» арқылы жүзеге асырады. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
(W) Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де жүрілген жолға да тура пропорционал.
Мұндағы: А-жұмыс;
Ғ-күш;
s – жүрілген жол.
Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың өлшем бірлігі ХБЖ-да джоуль алынады.
1Дж=1Нх1м=1Н∙м.
1 килоджоуль (1кДж)=1000 Дж=103Дж
1 миллиджоуль (1мДж)=0,001 Дж=10-3Дж
1 микроджоуль (1мкДж)=0,000001 Дж=10-6Дж
Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.
N=A/t
Мұндағы: N-қуат; А-жұмыс; t-жұмыс істеуге кеткен уақыт.
Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1 Джоуль жұмыс алынады.
Өлшем бірлігі ватт
1 Вт = Дж/сек
1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=103Вт
1 милливатт (1мВт)=0,001 Вт=10-3Вт
1 микроватт (1мкВт)=0,000001 Вт=10-6Вт
.
Оқушылар оқулықпен жұмыс жайсады.
(І) (G) (F) Есеп шығару (оқушылар есептің жеке орындап, содан соң топ ішінде талқылайды):
4 Н күштің әсерінен дене 10 м-ге жылжи отырып атқарылатын жұмысты есептендер.
Ауыр атлет массасы 2 центнер штанганы 4 секунд үшінде 2 метрге жоғары көтереді. Ауыр атлеттің күшін табындар
1500 г денені көтеру үшін адам 22, 5 Дж жұмыс атқарды. Сонда дене неше м-ге көтеріледі?
Арбаға жегілген ат массасы 1,5 т жүкті орнынан қозғау үшін 620 кДж жұмыс істейді. Арба қанша қашықтыққа қозғалды?
Бағалау критерийлері:
Есептердің берілгенін жазады;
ХБЖ-ға аударады;
Механикалық жұмыс мағынасын біледі және түсінеді;
Механикалық жұмысты алдынғы біліммен қолданған формулаларды есеп шығару барысында қолданады;
Механикалық жұмыс өмірмен байланыстырады және қасиетін талдайды.
Дескриптор:
Есептердің берілгенін дұрыс физикалық тілде жазды;
ХБЖ-ға дұрыс аударды;
Механикалық жұмыс пен қуаттың ұғымын түсінді;
Механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын ажырата отыры оларды есеп шығару барысында қолданды;
Оларды күнделікті өмірмен байланыстыра отырып талдау жасай білді.
Оқушылар «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» және «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылықтарын дамытады.
Оқушылар тапсырманы «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.
|