Сабақ жоспары:
Пәні: Педагогика
Тобы: МК-205
Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды
тәрбиелеу тұжырымдамасы.
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға үздіксіз білім беру жүйесіндегі
тәрбие тұжырымдамасының құрылымы, тұжырым-
даманың мақсаты мен міндеттері анықтауға
машықтандыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Білім алушыларға тәрбиенің мақсаты, міндеттері,
мазмұны, тұжырымдаманы іске асыру шарттарын,
күтілетін нәтижелерді анықтау.
2.Тәрбиелік: Білім алушыларды тиянақтылыққа, ептілікке,
жауапкершілікке, жағымды қарым - қатынас
мәдениетіне тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Білім алушылардың алған теориялық білімін
тәжірибемен ұштастыру, өз бетінше өзіндік
тұжырымдай білуге, жоба дайындауға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: тәрбие тұжырымдамасы слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Білім алушылармен амандасу. Сабаққа психологиялық дайындау.
Кіріспе сөз.
Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның тәрбие проблемаларына ерекше назар аударуда.
“Тәрбие – адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс” (Г.К.Коменский)
Сондықтан «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасымен» танысып, білім беру мекемелерінде іске асыру жолдарын анықтап, жоба ұсынуға бүгінгі сабағымыздың өзіндік маңызы бар.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Жобаның тақырыбы: Тәрбие тұжырымдамасы құжат па, әлде адам тағдырын шешетін үдеріс пе?
Жобаның сипаттамасы:
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие саласымен айналысатын тұлғалардың, яғни педагог мамандардың арасындағы үйлесімділік жүйесін қалыптастыру;
Тәрбие мәселесіне қатысты қоғамдық орта, әлеуметтік орындардың рөлін арттыру;
Тәрбие саласымен айналысатын мамандардың тәрбие технологиясын толыққанды меңгерту және кәсіби құзіреттілігін арттыру.
2.Оқу сұрақтары:
Тұжырымдама дегеніміз не?
Тұжырымдама туралы не білесіз?
Тұжырымдаманың ұқсастығы мен айырмашылығы?
Тәрбие құндылықтарын атаңыз?
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері?
Тұжырымдаманы іске асыру шарттары?
Тұжырымдама
Тұжырымдама-(лат.coneptio-тікелей байланыстырушы немесе қисынды аңдай) олардың көмегімен адам ойы кез-келген табиғаттың мінсіз нысандарын құра алатын ұғымдар мен көзқарастардың орамды жиынтығы (жүйесі).
Тұжырымдар бүкіл адамзат мәдинетінің теориялық бөлімін құрайды. Мысылы жалпы жаһандану процесі және оның әртүрлі құрамдас бөліктері (экологиялық, ақпараттық, коммуникациялық, энергетикалық, жалпы мәдени, этикалық, психологиялық және т.б. Теориялық зерттеу пәніне айналды ).
Тұжырымдаманың мақсаты
Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, мектеп оқушыларының және студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интлектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Тұжырымдама туралы мәлімет
1995 ж
|
2009 ж
|
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы “Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы” болды.
|
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы 2009 жылы Республиканың үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылды
|
Тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған көптеген проблемалар бар.
1. Педагогтар тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі?
2.«Тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелермен жеткіліксіз қамтамассыз етілуі неде?»
3. Балалар және жастардың қоғамдық ұйымдарының қызметін ұйымдастыруда бірыңғай ұстанымның болмауы.
Талқылауға арналған сұрақтар: (Мәселелік сұрақтар)
1-топ. Мектептегі тәрбие жүйесінің маңызы. (Практикадан мысалдар келтіру).
2 -топ. Тәрбие тұжырымдамасының колледжде іске асырылу жолдарын көрсету.
3-топ. Жастар ұйымы және жас ұлан балалар мен жас өспірімдер ұйымының маңызы.
Аталған мәселелер бойынша білім алушылардың өзбетіндік шағын зерттеу жұмыстарын тыңдау, талқылау, жобалар ұсыну.
Сабақты қортындылау:
Бағалау парағы:
Топ
|
Мазмұны
|
Ғылымилығы
|
Жинақтылығы
|
Жүйелігі
|
1-топ
|
|
|
|
|
2-топ
|
|
|
|
|
3-топ
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |