3 тапсырма. ПТМС формуласы бойынша эссе жазу
«Не себепті Абайды Хакім Абай деп атаған?»
Позиция (мен солай санаймын, )
Түсіндіру (....себебі, )
Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)
Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....)
Дескриптор:
5-6 сөйлемнен тұратын эссе жазады
10 сөйлемнен тұратын эссе жазады, 1-2 дәлел келтіреді;
15 сөйлемнен тұратын эссе жазады, 3-4 дәлел келтіріп, өз пікірін білдіреді
ҚБ: лайк, дизлайк.
4 тапсырма.
Тарихи диктант (жеке жұмыс)
Абай шын есімі (_______) (______ -______) жылы Абай _________ұлы қазіргі ШҚО Абай ауданында Құнанбай _______ отбасында 10 тамызда _____ жылы дүниеге келген. Әкесі Құнанбай дәулетті бай, аға сұлтан болып, өмірінің соңында _______ барып қажы атанған.
Шешесі _______ сабырлы, парасатты адам болған. Абай білімді 10 жасқа дейін ауыл молдасынан, одан әрі Семей қаласындағы ________ медресінде оқып, оның үшінші жылында осы қаладағы «приходская школаға» қосымша түсіп, орысша сауатын ашады. Он үш жасқа келгенде Абайдың әкесі Құнанбай оқудан шығарып алып, оны ел билігіне баули бастады.
Дескриптор:
- Абайдың шын есімі Ибраһим екенін жазады
- Өмір сүрген жылдарын атайды
-Болыс отбасында дүниеге келгенін жазады
-Шешесі Ұлжан екенін жазады
-Ахмет Риза медресесінде оқығанын жазады
ҚБ: Мұғалімнің ауызша бағалауы
Рефлексия:
Тазалық ойыны:
Чемодан:Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпаратыңызды чемоданға салып жазасыздар.
Қоқыс жашігі:Керек емес дүнені қоқыс жәшігіне
саламыз.
Еттартқыш: Ал бүгінгі ақпаратың ішінде әлі оқуымкерек дегенді болса, еттартқышқа саламыз.
Үйге тапсырма:
1.Абайдың қара сөздерін оқып келу.
2.Оқу мазмұндау
| Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|