Сабақтың тақырыбы Мен мектепке барамын Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет6/36
Дата10.12.2023
өлшемі6,65 Mb.
#196169
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
1 сынып қмж

Сабақтың тақырыбы:

Мектепке барар жол

Күні: 25.01.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Тукетаева М.Ж

Сынып: 1 «Б»

Қатысқан оқушылар
саны:

Қатыспаған оқушылар саны:0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.2.3.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді

        1. Тыңдаған өлеңді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді




Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: көліктердің атауын біледі, таныс сөздердің мағынасын түсінеді, тыңдаған ө дыбысын және сөздерді дұрыс айта алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: көлікті сипаттауда берілген сөздерді қолданады, өлеңнен түсінгенін сұраққа жауап беру арқылы білдіреді.
Кейбір оқушылар орындай аладыБасқа да көлік түрлерін атай алады, ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: тыңдаған дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады, сұрақ қоя біледі, сұраққа жауап береді, өлеңді түсінеді.

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



Психологиялық ахуал.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Шеңбер ішіндегі шеңбер»

  • Сен қайда барасың?

  • Сен кіммен барасың?

  • Мен анаммен, әкеммен барамын.

Үйге, мектепке, mayға, саябаққа, дүкенге, аулаға
3.Қызығушылықты ояту. Көліктерді атайды Оқушылармен бірігіп сабақтың мақсатын айтады.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
- Суреттерді көрсетіп көлік түрлерін атап, қайталау
Қазақша атауларға тоқталу
Тілдік жаттығу:
МЕ – ме – ме – мынау КЕМЕ
АҚ – ақ – ақ – ұшады ҰШАҚ
АҚ–ақ–ақ–менде бар ТІКҰШАҚ
ЫҚ – ық –ық – жүзеді ҚАЙЫҚ
ІК – ік – ік – бәрінің аты КӨЛІК
Жаңа сөздер: ( айтылым, тыңдалым, оқылым)
ҰШАҚ – САМОЛЕТ
ТІКҰШАҚ – ВЕРТОЛЕТ
ПОЙЫЗ – ПОЕЗД
КЕМЕ – КОРАБЛЬ



Қимыл – қозғалыс


Көліктердің суреттері


Кітаппен жұмыс
70 бет

Сабақтың ортасы

Өлеңмен жұмыс:
- Мұғалім өлеңді оқиды, оқушылар тыңдайды.
- Өзіңізге таныс сөздерді атаңыз.
Қаламызда көліктің
Алуан түрі табылар.
Ұшақ пенен кемелер
Автобустар тағы бар.
Велосипед мініп ап,
Жолды кесіп шаппаймын.
Жолда жүру тәртібін
Мен осылай сақтаймын.
Суреттен өлеңде айтылатын көліктерді тауып, белгілеңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- өлеңдегі таныс сөздерді атайды;
- таныс сөздерді қатыстырып сөз тіркестері немесе сөйлем құрастырады;
- өлеңде кездесетін көліктерді анықтап, белгілейді.
3-тапсырма. Толықтырып айт . Мен мектепке ... барамын.
Ө дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысу
оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?)Мысалы: өрік (не?), көк (қандай?), төрт (неше?), Өнербек (кім?)
Ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: төрт, көк, өрік, көлік



Қосымша тапсырма 5.4.3


Дәптермен жұмыс
6 беттегі

Сабақтың соңы.

«Кім жылдам» ойыны Үй тапсырмасы: жаңа сөздердіжаттау
Рефлексия: көңіл-күй смайликтері

Көліктердің суреттері Мынау не?

Қабілеті төмендеу жұпқа және топқа көмектесу
Қабілеті жоғары оқушыларға әңгіме құрап айтуға мүмкіндік беру

Бағалау. Қалыптастырушы бағалаудың түрлері қолданады және комментарий арқылы қорытынды бағалайды.

.

Қорытынды бағалау :


Сабақтың тақырыбы: Саяхат

Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы о/м

Күні: 30.01.2019

Мұғалімнің аты-жөні: М.Тукетаева

Сынып:1 В

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақта жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

1.1.4.1.Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.
1.1.5.1.Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады

мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша?) сұрақ қоя біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

сұрақтарға жауап бере алады.

Кейбір оқушылар орындай аладыӨздерінің қандай көлікпен саяхаттайтыны туралы еркін айта алады, ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

мәтін бойынша көлікті сипаттайды

Тілдік мақсат

Оқушылар істей алады: топтық, жұптық, жеке жұмыс

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көлік, саяхат

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
- Мынау не?
- Ол - көлік.
- Қандай көлік?
- Әдемі көлік.

Талқылауға арналған сұрақтар: Мынау ... . Ол менің ... . Менің ... әдемі.

Алдыңғы оқу

сөздерді жаттау

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

  1. Амандасу

Кезекшімен сұхбаттасу

  1. Сергіту сәті




Бағдаршам

Ортасы

(МК, Ұ) Мұғалім 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша оқушыларға саяхат сөзін түсіндіреді. Алыс жерлерге саяхатқа шығу үшін автобус, ұшақ, пойыз сияқты көлік түрлері пайдаланылатыны, сондай-ақ көлік жүруі қиын жерлерге (тауға), әдетте саяхатқа жаяу баратыны да түсіндіріледі. Саяхатқа әдетте көп адам бірлесіп шығатыны белгілі. Сондықтан мұғалім оқушылардың назарын біз сөзіне аударады. Мысалы: Мен саяхатқа барамын (1 адам). Біз саяхатқа барамыз (көп адам).


(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар көлік атауларын тағы бір рет қайталайды. Қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетіндіктен, ұшақ сөзінің дыбысталуына ерекше назар аударылады.-«Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім бару етістігінің жекеше, көпше түрдегі (I жақ, III жақ,) қолданысын түсіндіреді.
Мысалы: Мен барамын. Бізбарамыз. Олбарады. Оларбарады. (МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушыларбару етістігін I жақта (көпшетүрі) қолдануғажаттығады. Кестебойыншасаяхатқанеменбаратындарынайтады.
Сергіту сәті
Бір,екі, үш
Бойға жинап күш.
Әдемілеп жазамыз,
Күнде бестік аламыз.
(Ұ) 4-тапсырма. Сәйкестендір Мысалы: Біз ұшақпен барамыз
(МК, Ұ) Мұғалім ғ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды, ғ дыбысының айтылуын және ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.
Ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: ғарышкер, ағаш, тоғыз. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ғ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Ғалымжан т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім ғдыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: ғарышкер (кім?),ағаш (не?), тоғыз (неше?), Ғалымжан (кім?). (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі..

Видео бейне немесе аудио оқылым

Иллюстрация





Оқулық



4-сурет

№2 жұмысдәптері





Соңы

 Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Сабақ бөліп оқытылған соң, барлық оқушылардың қызығушылығы мен дарындылығы ескерілген.

Сабақтың әр бөлігінде дискрипторға тиісті бағасын қойып отырады. Сабақ соңында жинап алып, кері байланыс арқылы өзіне қанша қойдың деп? Өзімнің бақылағаныммен тексеріп шығамын

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Рефлексия
1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
2.Бүгін оқушылар не үйренді?
3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
5.Уақытты қалай пайдаландым?
6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақтың оқу мақсаттары мен міндеттері орындалды. Бүгін оқушылар әкесінің маманын айтып. Сол арқылы жаңа сөздерді игерді. Сабақ орта деңгейде өтті. Жоспарланған саралау толық іске асты. Уақытты толық жеткіздім. Жоспарыма өзгеріс енгізбедім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет