1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Ен алдымен жаңа сөздер қатарымен таныстырады. Олар: сорпа,- /сюп/ soupботқа- porridge /поридж/, ет – meat / миит/ бауырсақ, салат, су – /уота/ wafter шырын- juice / джус/, сүт- / милк/ milk,. Содан кейін үлгіде берілген «Мен шырын аламын» деген сөйлемнің мағынасы түсіндіріледі.
2-тапсырма бойынша оқушылар «Маған ... беріңізші» деген өтініш үлгісін еске түсіреді. Берілген кесте бойынша нан, сүт, ет, бауырсақ сөздерін қолданады.
(МК, Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларды сөйлесу үлгісімен таныстырады. Мұғалім оқушылардың назарын «Ас болсын!», «Рақмет!» деген ілтипат сөздеріне аударады. Содан кейін оқушылар берілген үлгі бойынша асханадағы сөйлесу үлгісін жүзеге асырады. Үлгі:
- Сен не аласың? - Маған салат және шырын беріңізші. -Міне, ал. Ас болсын! - Рақмет!
Оқулық
Аудиодиск: 7.3.1; 7.3.3.
№2 жұмыс дәптері
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.