Сабақтың тақырыбы: Металдардың адам өміріндегі маңызы. Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдардың құрылысы

Сабақтың тақырыбы: Сандық есептер. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу

бет2/3
Дата06.12.2016
өлшемі0,96 Mb.
#3280
түріСабақ
1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Сандық есептер. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеуді үйрету

2. Дамытушылық мақсаты: Есептеулер жүргізе отырып, маңызы туралы түсінік қалыптастыру, практикаға қолдана білуге, біліктілігін дамыту

3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың Әдіс-тӘсілдері: ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ

Сабақтың кӨрнекіліктері: фОРМУЛАЛАР

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру: ( ауызша сұрақтар беру).

Жұмыс дәптерлеріндегі үй тапсырмаларын тексеру, дұрыс еместерін толықтыру (тақтаға жазғызу)

9 сынып есептер жинағы

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, оқушы белсенділігін арттыру

(жазбаша тапсырмалар ұсынылады)

ІV. Жаңа материалды меңгерту (түсіндіру):

  1. 30%-тік азот қышқылын 20%-тік натрий гидроксидімен суыта отырып бейтараптандыру нәтижесінде алынған тұздың ерітіндідегі массалық үлесін есепте.

m(HNO3) = 100г болсын, сонда ондағы HNO3 массасы 30г болады. Осы 1әдіс: HNO3 массасымен қанша NaOH әрекеттесіп, нәтижесінде қанша тұз түзілетінін анықта.

30г m1 m2

HNO3 + NaOH → NaNO3 + Н2О

ν 1моль 1моль 1моль

М 63г/моль 40г/моль 85г/моль

m 63г 40г 85г

NaOH ерітіндісінің массасы

(100г ерітінді ---------- 0,2г)

Ал m(HNO3) ерітінді мен m(NaOH) ерітінді Σ = 195,25г, ал ерітіндідегі

2әдіс: Егер 1моль HNO3 1моль NaOH-пен әрекеттессе 1моль NaNO3 түзіледі.

m1(ерітінді) = mM(HNO3)/ω1 = 210г

m2(ерітінді) = mM(NaOH)/ω2 = 200г

ω(NaNO3)/(m1 + m2) = 85/410 = 0,2073 ≈ 21%

2әдістің артықшылығы көзге көрнеу көрініп тұр. Негізінен 1моль немесе басқа бүтін моль санына шағып есептеу тиімді әдіс болып есептеледі. Әсіресе ол есеп шарты толық емес заттар өзгеруіне тәуелді есептер үшін тиімді. Әйткенмен әрбір нақты жағдайда бастапқы берілгеніне орай тиімді әдісті таңдаған жөн.

Бірнеше типтік есептердің шығарылу жолын қарастырайық:

  1. Пропан мен бутанның ауамен қоспасы (С3Н8) = 30%. Көмірсутектер толық жануы үшін қандай көлемдік қатынаста әзірлеу керек?

Шығарылуы: Қоспада 3моль С3Н8 болсын. Онда ν (С4Н10) = 7моль

С3Н8 + 5О2 → 3СО2 + 4Н2О

С4Н10 + 6О2 → 4СО2 + 5Н2О

1моль С3Н8 жану үшін 5моль О2 қажет

1моль С4Н10 жану үшін 6,5моль О2 қажет

Жалпы реакцияға кететін оттегінің жалпы шығыны 10моль. Газдар қоспасы үшін 5 · 3 + 6,5· 3 = 60,5моль. Ауадағы отегі үлесі 1/5 екенін ескеріп V(қоспа) : V(ауа) = 10 : (60,5 – 5) = 1: 30

3. 20%-тік NaOH ерітіндісін 35%-тік H2SO4 ерітіндісімен байқап нейтралдау арқылы ерітіндідегі су молі бастапқы сілті ерітіндісіндегі су молінен неше есе артық?

1әдіс: NaOH массасы 100г болсын ,сонда m(NaOH) = 20г.

20г NaOH-пен H2SO4-тің қанша массасы әрекеттесетінін және қанша су түзілетінін есептейміз.

2NaOH + H2SO4 = Na2SO4 + 2H2O

Қарапайым пропорциядан мынаны табамыз:

m(H2SO4) = 24,5г

m(H2O) = 9г

Осы ерітіндідегі m(H2O) = 70 – 24,5 = 45,5г

Бастапқы NaOH ерітіндісінде - 80г су, 20г NaOH, ал H2SO4 ерітіндісінде – 45,5г су, сонымен бірге реакция нәтижесінде 9г H2O түзілді (бейтараптандыру). Судың моль саны су массасына пропорционал болғандықтан алынған ерітіндідегі (H2O) моль санының бастапқы ерітіндідегі (H2O) моль санына қатынасы:

Х = m2(H2O)/ m1(H2O) = (45,5 + 80 + 9) : 80 ≈ 1,68

2әдіс: 2моль NaOH 1моль H2SO4-пен әрекеттессін. Сонда 2моль (36г) H2O түзіледі. Бастапқы ерітіндідегі (NaOH, H2SO4) судың массасын есептейік:

m1(H2O) = 2mM(NaOH) · (1 – ω1)/ ω1 = 320

m2(H2O) = mM(H2SO4) · (1 – ω2)/ ω2 = 182г

Барлық су массасы: 320 + 182 + 36 = 538г

ν2 (H2O)/ν1 (H2O) = 538/320 ≈ 1,6 m1(H2O) = 2· 40· (1 – 0,20)/0,020 = 80 · 0,8/0,020 = 64 : 0,20 = 320г

m2 : ω2 = mM(H2SO4) :(1 – ω2)
4. Тұз қышқылы кальций карбонатымен әрекеттесуі нәтижесінде 6,820% СаСІ2 ерітіндісі түзілді. Бастапқы ерітіндідегі НСІ-дың массалық үлесін есепте.

1әдіс: Реакцияға 1моль СаСО3 түссін

ν(НСІ) = 2моль, ν(СаСІ2) = 1моль, ν(СО2) = 1моль

Біз бір шаманы ойша алғандықтан НСІ ерітіндісіндегі су массасын белгісіз – Х арқылы белгілейміз. Реакция теңдеуі бойынша: СаСО3 + 2НСІ = СаСІ2 + СО2↑ + Н2О

СаСІ2 ерітіндісі түзіледі, оның массасы:

100,09 2· 36,462 44,01

m(ерітінді СаСІ2) = mM(СаСО3) + 2mM(НСІ) + Х - mM(СО2) = 100,09 + 72,924 + Х – 44,01= (129,004 + Х)г

Осы ерітіндіде 1моль СаСІ2 бар – 111г

Есеп шарты бойынша: ω(СаСІ2) = 0,0682 = m(СаСІ2)/ m(ерітінді)

М(СаСО3) = 100,09г/моль; М(СО2) = 44,01г/моль; 2М(НСІ) = 2 · 36,462г/моль

Біз мольдік массаны аса үлкен дәлдікпен аламыз, себебі ω(СаСІ2) төрт таңбалыға дейінгі дәлдікпен берілген

0,0682 = 111/129 + Х 0,0682 · (129 + Х)

8,7978 + 0,0682 · Х = 111 0,0682 · Х = 102,2022

Х = 1498,5 ≈ 1499

ω(НСІ) = 2mM(НСІ)/2mM(НСІ + 1499 = 2 · 36,462/36,462 · 2 + 1499 → 72,924/1571,9 = 0,0464 ≈ 4,64%
Есептер жинағынан тапсырмалар беріледі

V. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу

VI. Үй тапсырмасын беру:

9 сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы: Экологиялық мазмұны бар есептер шығару

Мақсаты:

  1. Теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыру.

  2. Химиялық формулаларды есте сақтау, есептеу дағдыларын дамыту.

  3. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: есептер шығару

Көрнекілігі: слайдтар, қосымша материалдар

Сабақтың барысы:

І. Сұрақ-жауап

1. Экология нені зерттейтін ғылым?

2. Экологияның химиямен байланысы қандай?

3. Қазақстандағы қандай экологиялық проблемаларды білесіздер?

4. Суды ластайтын заттар не деп ойлайсыздар?

5. Ауаны ластағыштарды атаңыз.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Слайд №1«Су – тіршілік нәрі» десек те, судың құрамында қайсыбір химиялық элемент шектен асып кетсе ол адамның денсаулығына зиянды екендігіне тоқталамын. Мәселен, кадмий қан айналысын бұзса, асбест ісік ауруларына алып келеді, хром бүйректі құртса, сынап ішек ауруын тудырады. Холестеринмен қосылып, қан тамырлары мен тамырша көздерін бітей бастайды.
Нәтижесінде адам склероз, инсульт, инфаркт ауруларына шалдығады.
Көптеген елдерде судың құрамындағы сульфат мөлшері 1 литрге шаққанда 200-400 миллиграмнан келсе, бізде бұл көрсеткіш орта есеппен 500 миллиграмнан айналады.
Куба, ЧССР, Румыния мемлекеттерінің стандартына қарағанда біздегі стронций деңгейі ГОСТ бойынша 7000 есе көп. Цианид мөлшері ГДР, АҚШ, Канада, Румыния елдерімен салыстырғанда 2-10 есе артық. Осының салдарынан елімізде бүйректің қалыпты қызмет етуі, бүйректе тас байлану секілді аурулар жиі кездеседі.

Қазіргі таңда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есептеулеріне қарағанда дерт түрлерінің 80 % тікелей судан болап отыр. Бұл проблема әсіресе Арал өңірінде айрықша мәнге ие болуда.

Қазіргі кезде Сырдария өзенінің су бассейіндері пестицидтермен, ауыр металдармен ластануы айтарлықтай алаңдатушылық білдіруде.
Слайд №2
Мыс ,қорғасын және мырыш сияқты ауыр металдар адам ағзасының тканьдері мен өмірлік маңызды органдарында жоғары кумулятивтік қасиетке ие болып, созылмалы интоксикацияға ұшыратады, ал, ол өз кезегінде онкологиялық ауруларға, жүрек , қан тамырларының аномалиясына әкеліп соқтырады. Сондықтан да су құрамын ауыр металдар ионынан тазарту маңызды да, күрделі міндет болып табылады.

Су көздерін таза ұстау мәселесі бізде де оңып тұрған жоқ. Алматы қаласының көшелерімен өтетін Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Весновка, Қарасу өзендерінде мұнай өнімдерінен басқа да зиянды қалдықтар көп. Автобаздардың, тері комбинатының, қаладан жоғары канализациясы жоқ елді мекендердің қалдықтары өзен суларын ластайды.

80-шы жылдары Жамбыл облысының химия кәсіпорындарында бірнеше рет апат болып, олардың уытты өнімдерін маңайдағы көлдерге құйып «өлі» көлге айналдырды.
Қарағанды облысында Нұра өзені сынап қалдықтарымен уланып адамдар мен қоршаған ортаға өте қауіпті болып отыр.
Жайық өзеніне Ресей мен Қазақстанның химия, металлургия және мәшине жасайтын кәсіпорындары тазаланбаған қалдықтарын төгуде. Осының салдарынан өте бағалы бекіре балықтар ұрық шашатын алқаптар уланып Атырау өңірі көп зиян шегуде.
Судың экологиялық зардаптарының тигізер сырына қанық әрбір адам ауыз суға талап деңгейін жоғары ұстап, оны тазартып ішуге ынталы болуы керек.Cабақты сайтқа қалай енгіземін?

ІІІ. Оқушылар экологиялық мазмұны бар есептер шығарады:Ашық сабақты сайтқа енгізу

Сертификат алу

Сертификат алу

Қалай ақша аударамын?

Әкімшілікпен хабарласу

Файл алмастырғыш серверлер

http://narod.yandex.ru

http://files.namba.kz

http://www.fayloobmennik.net

http://файлообменник.рф

Сурет сақтау серверлері

http://pics.kz

http://image.kz

http://www.fastpic.biz

Слайд №3

Экологиялық мазмұнды есептер
1. Химияның екі жақтылығын ашатын есеп
Ауыз суынан токсиньді және наркотикалық әсері бар заттардың болатынын анықталған. Сандық және сапалық анализ негізінде өндірістік фенол және мынадай заттардан тұратыны анықталған. Олар: 36,5% көміртегі, 1,5% сутегі, 8,1% оттегі, 53,9% хлор заттың молекулалық формуласын құрыңыз. Оны алудың реакция теңдеуін жазыңыз. Табиғи ортаға осы заттардың мүмкін болатын түсу жолын көрсетіңіз.

2. Технологияныңжетілмегенінқарастыратын есеп

Жылуэлектростанциясытәулігінеқұрамында 75% көміртегіжәне 5% күкіртбар 6400 ткөміржұмсайды. Егергазтүтінінтазалауөндірісіболмаса, тәулігінеқоршағанортағатүсетін CО2 және SО2 оксидтеріжәнекөмірсутектердіңмассасынесептеңіз. Қоршаған ортаға осы шығарылған заттар қандай зиянын тигізеді?

3. Аймақтық экологиялық мәселелерін қарастыратын есеп 1996 жылы Каспий теңізінде қаржының болмауынан газөткізу құрылысында мұнай газының 3млрдм 3 факельде өртелді. Егергазқұрамы: СН4 – 40%, С2Н10 – 20% болса, С3Н8 жәнеС4Н10 – 20% болса, атмосфераға түсетін көмірқышқыл газының көлемін есептеңіз, оның қоршаған ортаға әсері болама?

4. Бекіту.

5. Оқушылардың есептерін тексеріп, бағалау.

6. Үйге тапсырма: Ғаламтордан экологиялық мәнісі бар есептер тауып, шығарып келу.

Cынып: 9 Пәні: химия күні:
Сабақтың тақырыбы: Темірдің маңызды қосылыстары. Қазақстан Республикасындағы темір кен орындары. 
Сабақтың мақсаты: 
1) Білімділік: Қара металлургия кешенінің маңызы мен құрамы туралы, оның шаруашылықтағы рөлі және Қазақстан Республикасындағы темір кен орындары мен құймаларының қолданылуымен таныстыру. Темірдің ІІ және ІІІ оксидтері және гидроксидтері жайлы білім беру. 
2) Дамытушылық: Оқушылардың темір және оның қосылыстары туралы түсініктерін, дүниетанымдарын кеңейту. 
3) Тәрбиелік: Танымдық іс-әрекеттерін, өзіндік жұмыстарды тез орындауға төсілдіру, іздеу, ізденіс әрекеттерін қалыптастыру. Қоршаған ортаны қорғауға, еліміздің байлығын тиімді пайдалануға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, өздік ізденіс жұмыс 
Сабақтың пәнаралық байланысы: география, химия 
Сабақтың көрнекілігі: «шойын және болат» жинақтары, металлургиялық кешен картасы, слайдтар, «Қара және түсті металлургия» плакат, бейнекөріністер. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, көңіл-күйін сабаққа аудару. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Темір қандай топшада орналасқан? (қосымша) 

2. Темірдің электрондық формуласы. (1S2 2S2 2P6 3S2 3p6 3d6 4S2
3. Темірдің тотығу дәрежелері. (+2, +3) 
4. Темірдің тотығуы. (4Fe + 3O2 = 2Fe2 O3
5. Темірдің мыс хлоридінен мысты ығыстыру теңдеуі.

(Fe+CuCI2 = Cu+FeCI2

ІІІ. Жаңа білімді игерту: 
Темір екі түрлі оксид түзеді: FeO және Fe2 O3 , FeO .

Fe2 O3 (Fe3 O4)-аралас оксид. Олардың құрылымдық формулалары Fe = O, О = Fe – О = О 

Темір (ІІ) оксиді – негіздік оксид 
Темір (ІІІ) оксиді – екідайлы оксид, бірақ негіздік қасиеті басымдау. 
FeO – негіздік оксид, сондықтан қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді. 
FeO + 2Н CI = FeCI2 + H2
FeO + CO2 = Fe CO3 
Темір (ІІІ) оксиді Fe2 O3 – ең тұрақты оксид, қызыл-қоңыр түсті, минералы гематит. 
Fe2 O3 – екідайлы болғандықтан қышқылмен

Fe2 O3 + 3Н2SO4 = Fe2 (SO4)3+3H2 O

Қышқылдық оксидпен Fe2 O3 + 3SO3 = Fe2 (SO4)3 
Негізбен Fe2 O3 + 2NaOH = 2Na FeO2 + H2
Темірдің гидроксидтері.

Темірдің (ІІ) және (ІІІ) валентті оксидтеріне екі түрлі гидроксидтері сәйкес келеді Fe (ОН)2 – ақ түсті, Fe (ОН)3 – қызыл-қоңыр түсті. Олар суда ерімейтін заттар. 

Темірдің 2 түрлі құймасы бар. Оның қайда өндірілетін жайлы география пәніне білесіздер. 
Химия пәнінен темір қосылыстары тақырыбын өту кезінде география пәнінен қай тақырып бойынша ұқсастықты көріп отырсыздар. Қара металлургия тақырыбын еске түсірейік. (Оқушылар өздері өткен сабақтан алған білімдері бойынша қара металлургия туралы айтады) 
Қазақстанда алынатын металдардың 90% үлес салмағын темір қорытпалары, яғни қара металдар құрайды. Біздің еліміздің темір кені 800 жылға (әлемде 8 орында) жетеді. Кокстелетін көмір қоры 600 жылға жетеді. 
Темір кенінің шикізатының 90% Қостанай мен Атасу алаптарында орналасқан. Осы кендердің барлығы 3 кен байыту комбинаттарында өндіріледі (КБК).
Болат өндіру екі қайта қолданылымнан тұрады. 
1.темір кенін домна пештерінде шойын алу. 
2.сұйық шойынан конверторларда болат алу 
Шойынды, болатты, прокатты жекелей шығаруға болады. Бірақ оларды алуды бір кәсіпорында – комбинатта біріктіру үнемді болады. Осы өндірістің 3 сатысын біріктіретін өндірісті толық циклді металлургия комбинаты деп атайды. 
Тиімді жақтары: 
- процестер үздіксіз жүреді
- дайын өнім тез алынады
- көлік шығыны азаяды
Толық емес циклді қайта балқыту зауыттары бар. Олардан шойын алынбайды, болат метал сынықтарымен  балқытып, прокатқа айналдырады. Ол – Павлодарда Біздің елімізде толық циклді металлургия комбинаты біреу ғана – Теміртау қаласындағы «МитталлСтилТеміртау» АҚ болат құю комбинаты. (бейне көрініс) Онда шойын, прокаттың 100%, болаттың 95% өндіріледі. (болат табақтар, консервілер, ақ қаңылтыр, су-газ құбырлары шығарылады). 
Орналасу принциптері: 
- шикізат және отын базаларына 
- жақын орналастыру керек 
- су энергиясы 
- электр энергиясы 
- табиғи газ 
- экологиялық факторлар ескерілуі тиіс. 
Болашақта Ақсу феррақорытпа зауыты мен Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты негізінде толық циклді қара металлургия комбинатын салу жоспарлануда. Республикамызда қара металлургияның дамуы үшін қажетті шикізат пен отын түрлері жеткілікті: темір, марганец және хром кендері, коксті тас көмір, қоңыр көмір, тақтатас. Қарағанды, Теміртау металлургия зауыттары. Ақтөбе мен Ақсу феррақорытпа зауыттары жұмыс жасайды. 
Қара металлургия – Қазақстанның маңызды экспорттық саласы. Темір кенін 50%, ферроқорытпаның ¾, прокаттың 90% шет елдерге жіберіледі. Негізгі сатып алушылар – Ресей, Қытай, Еуропа елдері. 
Металлургиядан бөлінетін зиянды газ қалдықтары, күкірт пен азот оксидтерінен атмосфераны қорғау үшін, тұтқыш қондырғылар орнату және мұржаларды биік етіп орналастыру сияқты жаңа технологияларға көшу жолдары қарастырылуды. 
ІV. Бекіту.
Болжау картасымен жұмыс: Дұрыс жауапты тауып, жанына «+», таңбасын қойыңыз (қажет жерінде реакция теңдеуін жазыңыз) 
І-нұсқа Fe О-темір (ІІ) оксиді

ІІ-нұсқа Fe2О3-темір (ІІІ) оксиді 

1 Сіздің қосылысыңыз 
а) оксид 
ә) гидроксид 
б) тұз 
2 Қосылыстағы байланысы 
а) ковалентті полюсті 
ә) ковалентті полюссіз 
б) иондық 
3 Сіздің қосылысыңыздағы темір 
а) екі валентті 
ә) үш валентті 
б) сегіз валентті 
4 Заттың агрегаттық күйі 
а) газ 
ә) сұйық 
б) қатты 
5 Сіздің қосылысыңыз әрекеттеседі 
а) сутек 
ә) сілтімен 
б) қышқылмен 
в) бейметалмен 
г) қыздырғанда ыдырайды 
ғ) металмен 
V. Қорытындылау: 
Кестемен жұмыс: Қорытындылау кестесін толтыру. 

Р/с

Аталуы

Химиялық таңбасы

Сыртқы түрі

Қазақстандағы кездесетін жері

Қолданылуы 

1

Алюминий 

2

Темір 

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.

Пәні: химия Сынып: 9 Күні ________

Сабақтың тақырыбы: Металдар және олардың құймаларының жемірілуі – қоршаған ортаның ластануының нәтижесі, жемірілуге қарсы күрес.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Оқушыларға металдардың жемірілуі туралы мағлұмат беру, жемірілумен күресу жолдарымен таныстыру.

2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың металдар және оларға табиғи орта факторларының әсері туралы білімдерін дамыту.

3.Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, металдарды мұқият қарауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару

Көрнекілігі: периодтық жүйе, электронды тақта, презентация

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Үйге берілген есептің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

Білімді тексеру:

  1. Кендер дегеніміз не?

  2. Полиметалл кендері.

  3. Қазақстандағы кен орындары.

  4. Темірдің биологиялық рөлі.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу (коррозия) деп аталады. Металдардың бәрі бірдей жемірілуге ұшырай бермейді. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдар «бекзат металдар» деп аталады, олар іс жүзінде бүлінбейді.

Темірдің таттануы әдетте оттектің әсерінен болады:
2Fe0 + 2Н2О + O20 = 2Fe+2 (OH)2
Оттек молекуласы темірді алдымен Fe2+ , содан кейін Fe3+ катионына айналдырады:
2Fe0 -2е = 2Fe+2 тотықсыздандырғыш 4 2
O20 + 4е = 2О2-2 тотықтырғыш 2 1
4Fe(ОН)2 + 2Н2О + O2 = 4Fe(OH)3
2Fe2+ - е = Fe3+ тотықсыздандырғыш 1 4
O2 + 4е = 2О-2 тотықтырғыш 4 1

Жемірілу:

  1. Химиялық – электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен пайда болады.

  2. Электрохимиялық – электролит ерітінділерінің балқуы нәтижесінде пайда болады.

Жемірілумен күресу жолдары:

  1. Металдарды жаңа конструциялық материалдармен алмастрыру.

  2. Жемірілуге тұрақты құймалар алу.

  3. Электрохимиялық қорғау әдістері

  4. Қорғаныш қабаттармен қаптау: а) бейметалдық; ә) металдық.

  5. Қоршаған ортаның құрамын өзгерту.

4.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Оқушыларға Венн диаграммасын толтыру:

Электро-

химиялық жемірілу

Химиялық жемірілу

5. Білімді бекіту. Есептер жинағынан есептер шығару.

6. Бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру. §32 оқу, сұрақтар мен тапсырмалар

Пәні:химия Сынып: 9 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Шойын және болат өндірісі

Білімділік мақсаты: Сабақта шойын мен болат өндірісіндегі технологиялық үрдістердің ғылыми негіздерін толық ашу. Оқушылардың темір құймалырына дейінгі аралықтарды еске түсіре отырып,темір металына мәлімет беру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды химиядан білік мен білікке баули отырып, шығармашылық, танымдық ойын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың іздемпаздылығын, іскерлігін жауап беру қабілеттерін бағалай отырып,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсінік айту, сипаттау және ізденіс жұмыстары тірек-сызба жүргізіледі.

Сабаққа қажетті құралдар: Интерактивті тақтаны слайд көрсету барысында және плакаттар, сызбалар, , тақта, таратпа көрсетілімдер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1 кезең: сәлемдесу

2 кезең: оқушыларды журнал бойынша түгендеу

3 кезең: сабаққа дайындығын тексеру және сабаққа дайындау

4 кезең : оқушылар көңілін аударту

ІІ Үй тапсырмасы :

Үйге берілген есептің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

  1. Металдарға жалпы сипаттама беріңдер.

  2. Темірге жалпы сипаттама.ъ

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Темір-жер қыртысында таралуы бойынша Аl кейін 2-ші орында. Басқа металдардың ішінде оның тұтыну үлесі 95% құрайды. Темірді алу процесі-құрамында едәуір мөлшерде С бар шойынды балқыту сатысынан басталады.( с кенді балқытуға қолданылатын кокс немесе ағаш көмірінен келіп түседі) Шойын қаттылығымен ерекшеленеді, бірақ ол морт. Одан С толығымен бөліп алуға болады.

Металдарды алу әдісі: 1. Гидрометаллургия 2. Пирометаллургия

  1. Электрометаллургия

Соның ішінде темір пирометаллургия әдісі арқылы көміртектермия, сутектермия, әдісімен алынады.

Өнеркәсіпте алынуы: Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:

Пирометаллургиялық әдіспен: оксидінен тотықсыздандыру арқылы:

Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O

соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:

Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe

және көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру арқылы:

Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2

қолданылады. Іс жүзінде темірдің құймалары – шойын мен болат көбірек қолданылады.

Шойын (Чугун) – жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы. Темірдің көміртек (2%-тен астам, әдетте, 3-4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын). Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған Шойын, құйма Шойын, арнаулы Шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.

Шойынды арнайы домна пештерінде өндіріледі. Биіктігі 30 м, ішкі диаметрі 12 домна пеші жоғарғы жағындағы шахтасы колошник деп аталатын тесікпен бітеді, ол тесікті колошник воронкасы жауып тұрады

жоғары жағынан алдымен кокс, одан сон қабат-қабат етіп кенді, коксты, флюсті салады, соңынан коксты салады. Домна пешінің кеңірек бөлігін распар, ал төменгі жағын горн деп атайды. Кенді қорытып шойынға айналдыру үшін домнаның төменгі жағы-горндегі тесік арқылы, ыстық ауа немесе оттегін жібереді. Бос жыныстарды оңай балқитын шлакка айналдыру үшін домнаға флюстер салады. Егер бос жыныс құм болса,флюс ретінде әктасын қосады. СаСО3 әктас құм мен әрекеттесіп, шлак түзеді СаSiO3. Түзілген СО темір кенімен әрекеттесіп оны бос күйдегі темірге дейін тотықсыздандырады, темір кенінің тотықсыздануы негізінен домнаның жоғарғы жағында жүреді. Домнаға салынған темір кені таза күйінде емес,құрамында темір оксидтерінен басқа бос жыныстар, мыс: құм SiO2 кездеседі. Горндегі кокс жанып СО2 –геайналады.ал СО2 жоғары қарай қызған кокстың арасымен өткенде онымен әрекеттесіп, СО айналады. Домананың жоғарғы жағында темір оксидтерінің тотықсыздануы нәтижесінде түзілген темір пештің төменгі жағына (распарға) түсіп балқиды да көміртегінің біраз мөлшерін ерітіп шойынға айналдырады. Егер ауаның орнына домнаға оттегімен байытылған ау жіберсе, ауаны колошник газымен жылытудың қажеті болмайды. Сондықтан куперлер де керексіз болып қалады, яғни шойын қорыту процесі ықшамдалады және сонымен қатар пештің өнімділігі артады. Жұмсалатын отынның мөлшері азаяды. Домна пеші бірнеше жыл үзіліссіз жұмыс істеді.тәулігіне 1,5-3 мың т шойын өндіреді. Домнадан шығатын колошник газының құрамында 30% ке дейін Со болады. Бұл газдарды арнаулы кауперлерде жағып домнаға келетін ауаны жылытады. Шойын ағып,горнның төменгі жағына жиналады, ал массасы жеңіл балқыған шлак шойынның бетіне жиналып,оны тотығып кетуденм сақтап тұрады. Шойын мен шлак жиналған соң ауық-ауық арнаулы тесіктер арқылы құйып алып отырады.,ал оған дейін бұл тесіктерді сазбен бекітіп қояды. Мұнда метал кесектерін және темір кеңін салып балқытады. Жоғары температурада алу үшін ауа қатысында жанғыш газды жағады. Газ жанғанда пештің температурасы 1800 градус жетіп шойын, металл кесектері, темір кені балқып кетеді де ауадағы оттегі арқылы шойынның құрамынлдағы көміртегі жанып газға, ал басқа элементтердің оксидтері шлакка айналады. Шойынды болатқа айналдыру үшін пішіні алмұрт тәрізді конвертордағы балқыған шойын арқылы ауа үрлейді. Шойынның құрамында,ы С және басқа элементтер жанып газдар және шлактар түрінде бөлінеді., ал құрамындағы С мен басқа элемнеттер мөлшері азайған шойын болатқа айналады.

Домнадан алынған шойында 93% шамасында темір, 5% С және0,3% Si, 1% ке дейін Мn, 0,1% S, 0,5 P кейде басқа қосымшаларда болады.

Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын).

Шойыннан болат қорыту үшін шойынның құрамындағы С –тің мөлшерін 2%-ке азайтып, басқа элементтерді немесе шлак, не газ түрінде бөлу керек

Құйма шойын- құрамында С гарфит түрінде болады

Болат (араб. фолад) — темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Ол деформалануға төзімді (созылмалық қасиеті бар). Болат — қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Болат өндірісінің көлемі мемлекеттің техника-экономика деңгейін сипаттайды. Құрамы: Хим. құрамына қарай көміртекті және легирленген болат болып бөлінеді. Көміртекті болаттың құрамында темір мен көміртектен басқа марганец (1%-ке дейін) және кремний (0,4%-ке дейін), сондай-ақ, зиянды қоспалар — күкірт, фосфор, т.б. элементтер болады. Болаттың сапасын жақсарту үшін қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец, кремний, т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген Болат деп аталады.

Болаттың құрылымын жақсарту. Болаттың құрылымын жақсарту үшін оны термиялық өңдеуден өткізеді; термиялық өңдеудің маңызды әдісі — болатты суару және жасыту. Болатты суарғанда 760 — 900ӘС-ға дейін қыздырып, бірден суға малып суытады, мұның нәтижесінде болат қатты және берік болады, бірақ томырық, морт сынғыш келеді. Суарған болатты қайта қыздырып, біртіндеп суытқанда, болат босап, жұмсап, жасиды. Болаттан жасалған кейбір заттардың сырты қатты, іші жұмсақ болуы керек кездері де болады (мыс., автомашина осінің сырты қажалмайтын қатты болуымен бірге, машина ой-шұқырға соғылған кезде, ось морт сынып кетпес үшін іші жұмсақ болуы керек). Міне, осындайда металдың сыртқы бетінің хим. құрамын өзгертетін мынадай бірнеше әдістер бар: цементтеу — жұмсақ болаттан жасалған заттың сыртқы бетіне көміртек сіңіреді; азоттау — болаттан жасалған затты аммиак ішінде 500 — 600ӘС-та 20 мин. ұстайды; циандау — заттың бетін көміртек әрі азотпен байытады; осы сияқты жылу арқылы силицийлеу, алюминийлеу, хромдау әдістері бар. Пайдалану ретіне қарай Болат мынадай негізгі топтарға бөлінеді: құралымдық Болат , аспаптық Болат және айрықша хим.-физикалық қасиеттері бар Болат (қышқылға төзімді Болат , тот баспайтын Болат , ыстыққа төзімді Болат , электр тех. Болат , т.б.).

Қайта өндірілетін шойын құрамында- С цеминет Fe3 C түрінде болады және одан болат өндіріледі.

Қазақстандағы қара металлургия

Соколов-Сарыбай темір кені өнеркәсібі

Лисаковск кен байыту комбинаты

Теміртаудағы Металлургия зауыты орналасқан

Бұл екі зауыт

Атасу және кокс,флюстер, отқа төзімді заттар мен электр энергиясын өндіретін өнеркәсіптермен бірге ірі қарағанды металлургиялық комбинатын құрайды.

1964 ж. Қазақстан магниткасы — Қарағанды металлургия з-тында (1970 жылдан кейін Қарағанды металлургия комбинат, 1997 жылдан “Испат-Қармет”) Болат қорытатын екі мартен пеші (әрқайсысының сыйымд. 650 т), ал 1970 ж. әрқайсысының сыйымд. 300 т (іс жүзінде 350 т) үш оттекті конвертерлер іске қосылды. Конвертер цехтарының жылдық өнімд. 5,7 млн. т. Онда ауыр жүк көтеретін автомобильдердің рамаларына керекті аса берік лонжеронды Болат балқыту, Болаттың оттегісі аз және оттегісі төмен маркаларынан ақ қаңылтырлы және сортты прокат алу, сондай-ақ, электр тех. Болат алу, т.б. технологиялар игерілген.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

№ 1 тапсырма. Барлыгына толтырылмаған домна пешінің үлгісі беріледі. Соған презентацияда көрген реакция теңдеуін жазады.

Жаксы жазған оқу тақтадағы үлгісін толтырады.

№ 2 тапсырма .

  1. Домна пешінің құрылысы, жалпы сипаттама.

  2. Шойын өндірісі.

  3. Болат пен шойын өндірісінің ерекшелігі.

  4. Қандай жолмен шойынды болатқа айналдыруға болады.

  5. Темірді кеннендомна пешин колданбай тікелей алудың артықшылығы неде?

V.Үйге тапсырма.

  1. Домна пешінде жүретін реакциялардың бірі :

Fe2O3 +3CO → 2Fe +3CO2. Осы теңдеу бойынша 32 г әрекеттесетін тотықсыздандырғыштың зат мөлшері?

  1. Массасы 120 г темір (III) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді. Темірдің теориялықпен салыстырєғандағы шығымы?

  2. Массасы 26,4 г темір (II) оксиді мен темірдің қоспасын термиялық тотықсыздандырғанда 4,5 г су түзілсе, осы реакцияның соңындағы темірдің зат мөлшері.

  3. Шойын мен болаттың қолдану аймағы және олардан жасалатын құралдар жайлы пайдасы.

Пәні: химия 9 сынып Күні ________

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы. Металдар және олардың құймаларын алу әдістері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: металл кендері жайлы түсінікті дамыту. Қазақстанның кен орындары жайлы мәліметтер беру. Жергілікті материалдарды пайдалана отырып, оқушыларды елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: «Металлургия» ұғымын қалыптастырып, белсенділігі әртүрлі металдарды өндіру әдісі туралы мағлұмат беру.

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: «Минералдар және тау жыныстары» жинақтамасы, «Металл кендері» кестелері, электролизер моделі, т.б.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Сабақты қабылдауға дайындақ. Сұрақ-жауап әдісін пайдаланып, үй тапсырмасын еске түсіруге болады.

1.Жемірілу деген не?

2.Жемірілудің металдардың белсенділігіне қандай қатынасы бар?

3.Жемірілудің қандай түрлері бар?

4.Жемірілумен күресудің басты бағыттарын атап беріңдер.

3. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Географиядан алған оқушылардың алғын білімін пайдалана отырып, Қазақстанның кен байлығын еске түсіру қажет. Қазақстан жерінде периодтық жүйедегі элементтердің барлығының дерлік қосылыстары кездесетінін, бір ғана Алтайдың Қазақстанға қарасты жағындағы кен орындары және соның ішінде 900-гежуық полиметалл кен көздері табылғаны айтылады. Қазақстанның басты байлығы-түсті металадар. Түсті металдар: ауыр, жеңіл, асыл, сирек кездесетін металдар болып бөлінетіні туралы мағлұмат беріледі.

1.Ауыр түсті металдарға: мыс, қорғасын, мырыш жатады. Мыс кен орнының маңыздылары-Жезқазған, Қоңырат, Саяқ, Қаратас жерлерінде.

Қорғасын, мрыш кен орындары-Жәйрем, Ащысай, Текелі, Зырян, Ертіс, т.б. жерлер бар.

2.Асыл түсті металдарға: алтын, күміс, платина, осмий, палладий жатса, олардың кен орындары-Жолымбет, Майқайың, Бақыршық жерлерінде кездеседі. Ал платиноидтардың ала, Солтүстік Балқаш пен Алтайда бар.

Кендерден металдарды бөліп алумен металлургия өнеркәсібі айналысады, ол грек тілінен аударғанда металлдарды өңдеу деген сөз екенін түсіндіріп кеткен жөн. Қазақстан кен байлықтары мен металлургия өнеркәсібі сөз болғанда, тұңғыш академик Қ. Сәтбаевтың қосқан үлесі кеңінен айтылып, оқушыларға ол туралы реферат даярлатуға да болады. Мұндай мәліметтерді пайдалану, сабақтың мазмұнын ашумен қатар оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеп, туған жер байлығына құрмет сезімін оятады. Оқушылардың туған жерге, оның қара тасын ардақтап ғалымдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады. Оқушы ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылады.

Бүгінгі металлургия саласы адамзатқа 80-нен аса таза металл және 5000-нан аса қасиеттері алуан түрлі құймалар беріп отыр.

Енді еліміздегі бай кен орындарынан таза металды бөліп алдың өндірістік тәсілдерін анықтауды оқушылардың ізденімпаздық әрекетін дамыту үшін қосымша тапсырма ретінде беруге болады. Қазіргі заманғы металлургия металдарды бөліп алу әдістеріне қарай 3-ке бөлінеді. Оқушылардың назарын оқулықтағы кестеге айдарған жөн.

Оқушылар географиялық карта көмегімен Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі дамыған аудандарды атайды. Мысалы, Қарағанды металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай, Лиосков және Қашар комбинаттары темір кендерінің концентартымен жұмыс істеп, феррохром шығарады. Ақтөбе зауыты Оралдан жеткізілетін кварцитті пайдаланып, ферросилиций шығарады. Шымкентте қоғасын зауыты, Текеліде қорғасын-мырыш комбинаты бар.

Алюминий және титан-магний өндірісі Өскемен мен Павлодарда бар.

Балқаш және Жезқазған кен металлургия комбинаттары –мыс өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорындары. Осы өндірістердің дамуына зор үлес қосқан ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

Ғалым Қазақстанның қазба байлықтарын зерттеп, оның металлогендік картасын жасады. Алдын ала Қазақстанның кен орындары, өнлірістік комбинаттары туралы оқушыларға хабарлама даярлатқан жөн.

4. жаңа сабақты қорытындылау мақсатында тест сұрақтарын даярлап, ұсынуға болады.

1.Жеңіл балқитын металдар.

2.Металдарды алудың қандай әдістерін білесіңдер?

3.Электр тоғын ең күшті өткізетін металл.

4.Қ. Сәтбаев ашқан кен орындары, т.б.

Мұғалім әр сұраққа 3-4-жауап даярлап, тест түрінде ұсынады. Оқушылардың өздеріне сыныпта даярлатуға да болады.

5.Үйге тапсырма. §33. 1-9-жаттығулар. Қосымша әдебиеттер. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар. Реферат даярлау.

4. Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында тест сұрақтарын даярлап, ұсынуға болады.

Сабақтың тақырыбы: Металдардың қосылыстарының табиғатта кездесуі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Металдардың қосылыстарының табиғатта таралуы туралы мәлімет беру.

2.Дамытушылық: Металдардың қасиеттеріндегі ерекшеліктеріне назар аудара отырып, қосылыстарын тереңірек үйрету. Сонымен қатар химия пәнін географиямен байланыстыра өту.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың тұлғалық қалыптасуын дайындау арқылы металдар мен бейметалдардың қосылыстарының өмірде, тұрмыста қолданылуын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап.

Көрнекілігі: Кітап, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, кітап-даптерлерін алып тек сабаққа көңіл аударуын қадағалау.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Үйге берілген есептің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою:

  1. Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын кім қай жылы құрастырды?

  2. Металдардың химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңдер.

  3. Металдардың жалпы физикалық қасиеттерін сипаттаңдар.

  4. Жаңа сабақты түсіндіру:

Көптеген металдар табиғатта кең таралған. Кейбір металдардың жер қыртысындағы мөлшері мынандай: алюминий – 7,5%, темір – 4,7%, кальций – 3,4%, натрий – 2,6%, магний – 2,3%, калий – 2,4%.

Металдар табиғатта әртүрлі күйде кездеседі. Күміс, алтын, платина, мыс кейде сынап бос күйінде, ал металдардың көп бөлігі табиғатта кендер мен қосылыстар түрінде кездеседі. Олар оксидтер, сульфаттар, карбонаттар және басқа химиялық қосылыстар түзеді.

Еліміздің аумағында периодтық жүйедегі барлық элементтердің табиғи қосылыстары кездеседі. Әсіресе металл кендеріне бай, уран, вольфрам, мырыш және барий қоры жөнінен дүнежүзіндегі алдыңғы орында. Қорғасын, хром, алтын, күміс, мыс, марганец, темір, қалайы қоры да жеткілікті.

Қазақстанда мыс малахит, халькозин, куприт, халькопирит минералдары түрінде кездеседі. Мыс кендері Шығыс Қазақсанда, Жезқазғанда, Балқаш маңында, Жоңғар Алатауында кездеседі. Мыс Жезқазғаннан басқа Өскемен және Риддер полиметалл комбинаттарында өндіріледі.

Мыс топшасы элементтері, алтын мен күміс полиметалдық кендер құрамына кіреді. Жамбыл облысындағы Ақбақай кен орнындағы фабрикада алтын өндіріледі.

Оңтүстік Қазақстанда Қаратауда Фосфориттердің ірі кен орындары бар. Фосфорит кен орындары сонымен қатар Ақтөбе облысында Жем өзенінің жоғары ағысында кездеседі.

Алюминий кендері Торғай ойпатында, Ертіс маңында, Оңтүстік Қазақстанда таралған. Олардан тасылатын боксит кендерінен Павлодар алюминий зауытында металл күйіндегі алюминий өндіріледі.

Хром кендері Қостанай, Ақтөбе, Семей өңірінде кездеседі. Хромиттен Ақтөбе хром қосылыстары зауытында металл хром және оның аса маңызды қосылыстары кездеседі.

Қазақстанда кездесетін темір минералдары: магнетит, магномагнетит, титаномагнетит, т.б. бұлардың өндірістік кендері Қарағанды, Қостанай, Жезқазған, Торғай, Көкшетау жерлерінде орналасқан.

Күкірттің ең бай қоры – майқайыңда, таза күкірт Алтайда, Жоңғар Алатауында, сондай-ақ тұздары – мирабилит (глаубер тұзы) Павлодар жеріндегі Ақболат көлдерінде кездеседі. Одан басқа металл сульфидтері түрінде Жосалыда, Успенде, Ырғызда, Сакалов-Сарыбайда, Қоңыратта кездеседі.

Мінеки, бүгін біз металдар қосылыстарының табиғатта, елімізде қай жерлерде кездесетінімен таныстық. Тақырыпты одан ары меңгеру үшін есептер шығарамыз. Сабаққа белсендірек қатысқан оқушыларды бағалаймын.

  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

№1 есеп. 80% кальций корбанаты бар 200г әктасқа азот қышқылымен әсер еткенде СО2-нің қандай көлемі (қ.ж.) бөлінеді?

№2 есеп. 80 г екі валентті металдың корбанаты ыдырағанда 17,92л СО2 (қ.ж.) бөлінген. Белгісіз металл карбонатын табыңдар.

5. Білімді бекіту.

1. Елімізде түсті металдардың кен орындары қай аумақта орналасқан?

2. Жер қыртысында ең көп кездесетін бейметалл?

3. Қара металлургияның кен орындарын ата.

4. Металдардың табиғатта кездесуі.

6. Бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру. §4.6 оқу,№5есеп, 136 бет.

Пәні: химия 9 сынып Күні ________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет