Сабақтың тақырыбы: «Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс- тәсілдері»



Дата25.08.2017
өлшемі89,94 Kb.
#27268
түріСабақ
Сынып: 6 «А»

Күні: 20.01.2016

Сабақтың тақырыбы: «Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс- тәсілдері».

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мәтінді теру, редакциялау және пішімдеу туралы білімдерін қайталау, жалпылау, бекіту. Мәтінге символдарды қоюдың, мәтінді рәсімдеудің жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс: пернетақтада жоқ символдарды мәтінге қоюдың тәсілдерін, регистрды өзгерту мүмкіндігін пайдаланып, мәтінді қаріппен рәсімдеуді.

Оқушылар үйренуі тиіс: пернетақтада жоқ символдарды пайдаланып, мәтін теруді, процессордың барлық мүмкіндіктерін қолданып мәтінді рәсімдеуді.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі (оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару, психологиялық жағдай жасау, Қауіпсіздік ережесін еске түсіру)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Ғажайып қоржын оқушылар қоржындағы сұрақтарға жауап береді)

ІІІ. Білімді өзектендіру (бұл жерде оқушылар пернетақта батырмасының қызметін көрсетеді, яғни бір оқушы батырманы атайды, ал екінші оқушы оның қызметін түсіндіреді жалпы 5 батырма көрсетіледі). Осыдан кейін мұғалім оқушылардың батырмаларды, жалпы мәтіндік процессорды жақсы игергендігі туралы айтып, жаңа сабақтың тақырыбын жариялайды.

ІV. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою (оқушылар өздері сабаққа мақсат қояды)

V. Жаңа сабақты оқып үйрену (мұғалім жаңа сабақты түсіндіріп, кітаппен жұмыс жасатады 37-38)

VI. Компьютерде тәжірибелік жұмыс (оқушылар компьютерге отырып орындарында 3 тапсырма орындайды. Оқушылар бір-бірімен орындарын ауыстырып жасалған жұмыстарын тексереді де, бағалау парағына бағаларын қойып кетеді).

1 тапсырмадан кейін Физминутка жасаймыз.

VII. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары және сабақты қорытындылау (оқушыларға жаңа сабақ бойынша 4 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары және интерактивті тақтадан орындайтын 6 тапсырма беріледі, бүгінгі сабаққа байланысты 6 қазақша сөздерді оқушылар орыс және ағылшын тілдеріне аударып жазады). Балалар, бүгін сендермен бірге өткен тақырыптарды-мәтінді сауатты теруді, оны пішімдеу мен редакторлауды қайталадық. Мәтіндік процессорда жұмыс істеудің жаңа тәсілдерімен таныстық. (оқушыларға жаңадан алған түсініктерін қайталап айтып беру ұсынылады).

VIII Үй тапсырмасы

§17 оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»,

Барша адамды құрметтеп

Сәлеметсіз бе дейміз біз.

Оқушылар көңіл күйлеріңіз қалай? бүгінгі ашық сабаққа дайынбыз ба?Егер сіздерде барлығы жақсы болса онда сіздердің психологиялық дайындықтарыңызды бақылап көрейік.

Психологиялық дайындық

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында психологиялық дайындық өткізу

Балалар сіздердің алдарыңызда гүл сабағы Бұл гүл сіздерге жетістік, жақсы көңіл – күй сыйласын, сондықтан осы гүл сабағын әдемі гүлдермен жандандырайық. Сәттілік тілеймін!

Бұл түстердің мағынасын ашып берейін, осы түстерге қарап сіздер бүгінгі сабаққа қалай қатысасыздар соны байқайық. 1 мин



Жасыл түс- бүгінгі сабақта жақсы жетістікке жетеді

Қызыл түс – көпшілік ортасында жүргенді ұнатады

Сары түс белсенділік танытады.

Сабағымыз басталмас бұрын қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік.
ІІ. Үй тапсырмасы

«Ғажайып қоржын» ойыны. 5 мин

Қоржын ішінде өтілген тақырыптар жазылған сұрақ жасырылады. Оқушылар әр бір сұраққа жауап беріп ұпайларын алып отырады.

1.Мәтіндік процессор дегеніміз не?

2.Місrosoft Word программасын іске қалай қосамыз?

3.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?

4.Мәтіндік процессордың терезелерін атаңыз?

5.Жаңа құжатты құру үшін...?

6.Құжатты қалай сақтаймыз?

Өте жақсы!! Өткен сабақтарды естен шығармапсыздар жарайсыздар!!!

ІІІ. Білімді өзектендіру (бұл жерде оқушылар пернетақта батырмасының қызметін көрсетеді, яғни бір оқушы батырманы атайды, ал екінші оқушы оның қызметін түсіндіреді жалпы 5 батырма көрсетіледі). Осыдан кейін мұғалім оқушылардың батырмаларды, жалпы мәтіндік процессорды жақсы игергендігі туралы айтып, жаңа сабақтың тақырыбын жариялайды.

ІV. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою (оқушылар өздері сабаққа мақсат қояды) Содан кейін оқушылардың ойын толықтырып өтемін!!!!

V.Жаңа сабақ (презентациямен көрсетіледі)

Мұғалім сөзі: Сендер бұған дейін мәтіндермен жұмыс істедіңдер және мәтінді қалай теруді, оның қателерін қалай түзетуді, қаріптерді (шрифт) қалай баптауды және т.б. білесіңдер. Бұл сабақта біз MS Word-тың тұтынушыға беретін қосымша мүмкіндіктерін қарастырамыз.

1 Слайд. 37 сурет. Символды кірістіру ол үшін Вставка---символдарды ашамыз!!!

Құжатқа пернетақтада жоқ түрлі символдарды мысалы, математикалық √, ≤, α, ± немесе ақша таңбаларын: $, €, £ және тағы басқа көптеген символдарды кірістіруге болады. Ол әдеттегі мәтіндерді сирек кездесетін, бірақ арнайы мазмұнды құжаттармен жұмыс істегенде қолданылатын пайдалы, ерекше таңбалар. Символдық әріптің құрамына әріптер мен сандардың орнына, әдеттегі қаріптердегідей арнайы символдардың бейнелері кіреді.

Мысалы, Symbol қарпінің құрамына математикалық символдар, сілтемелер, грек әліпбиінің әріптері кіреді.

Webdings қаріптерінде телефондардың, машиналардың кескіндері бейнеленген кішкентай картинкалар бар. Символды таңдағаннан кейін вставка (кірістіру) батырмасын басамыз.

2 Слайд. 38 сурет Қаріпті өзгерту

Қаріпті (шрифт) өзгерту үшән жолақтың Басты (Главная)—Қаріп (Шрифт) бұйрықтарын пайдаланамыз.



3 Слайд 11 бұйрықпен таныстырып өтемін.

4 Слайд Қаріп тіркеме парағы. Сұхбаттық терезені шақыру бұйрығы сонымен қатар жанама мәзірде де орналасқан. Бұл тіркеме парақта мына бұйрықтарды орындауға болады: қаріптің гарнитурасын, мөлшерін, сырт пішімін, қаріптің түсін, мәтінді сызып тастау.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!!

5 Слайд 40 сурет Интервал тіркеме парағы

Қаріптер арасындағы интервалды ұлғайтуға немесе кішірейтуге мүмкіндік береді. Қаріптер арасындағы арақашықтықты үлкейту үшін сиректетілген интервалды қолданады.

ИНТЕРВАЛ

IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. «Қатесін анықта».

Әр оқушыға жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Әр оқушыға мәтін жазылған карточкалар үлестіріледі. Сол мәтіннен қатесін тауып дұрыстап жазулары керек. Тапсырма Microsoft Word программасында орындалады.



1-тапсырма

ТНӘМІ                                                               МӘТІН

ЗЕТЕРЕ                                                              ТЕРЕЗЕ

ОТИМНРО                                                        МОНИТОР

ЕПНРЕТҚАТА                                                  ПЕРНЕТАҚТА

ШЫҚНАТ                                                          ТЫШҚАН

РЮТЕМЬПОК КОМПЬЮТЕР

ФИЗМИНУТКА 1,5 мин

2-тапсырма. Жылдамдыққа мәтінді теріп жаңа сабақта өткен символдарды кірістіріңіз, қаріпті ARIAL ауыстырыңыз, мөлшерін 16, түсін жасыл, курсивный етіп жазыңындар

Біздің дәуірімізге дейінгі 3000 жыл бұрын Ежелгі Мысыр елінде ондық санақ жүйесі қолданылған. Бірліктердің, ондықтардың және жүздіктердің өзіндік белгілеулері болған.

| - бірліктер

ʊ - ондықтар

ʄ - жүздіктер

ʓ - мыңдықтар



3 тапсырма. Өлең жолдарын теріп, 1-ші жолды 16 мөлшермен қызыл түске, 2-ші жолды 20 мөлшермен сары түске 3-ші жолды 24 мөлшермен қоңыр түске, 4-ші жолды 28 мөлшермен жасыл түске бояңыз.

Құлақтан кіріп, бойды алар



Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

VII. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары және сабақты қорытындылау (оқушыларға жаңа сабақ бойынша 4 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары және интерактивті тақтадан орындайтын 6 тапсырма беріледі, бүгінгі сабаққа байланысты 6 қазақша сөздерді оқушылар орыс және ағылшын тілдеріне аударып жазады). Балалар, бүгін сендермен бірге өткен тақырыптарды-мәтінді сауатты теруді, оны пішімдеу мен редакторлауды қайталадық. Мәтіндік процессорда жұмыс істеудің жаңа тәсілдерімен таныстық. (оқушыларға жаңадан алған түсініктерін қайталап айтып беру ұсынылады).

Тест-тапсырмалары:

  1. Кегль – ол..

А) қаріптің сырт пішімі

В) қаріптің мөлшері (+)

С) абзацтың элементі

Д) пішімдеу сызғышындағы маркер



2. Артығын таңдаңдар. Тізімдермен жұмыс қашан қажет?

А)жұмыс жоспарын құрғанда

В)әңгіме мәтінің тергенде (+)

С)құжаттың мазмұнын құрғанда

Д)мектептегі сабақ кестесін құрғанда

3. Мәтінді тізімге айналдыру үшін ең алдымен не істеу керек?

А) нөмірлеуді орнату

В) қаріптің түрін таңдау

С) мәтінді ерекшелеу

Д) тізімнің түрін таңдау (+)

4. Тізімді баптау терезесінің «Нөмірдің пішімі» өрісінде:

А) құрылатын тізім нөмірінің мөлшерін және сыртқы пішімін таңдайды

В) тізімнің бетте орналасуын баптайды

С) нөмірлеу түрін таңдайды



Д) саннан немесе әріптен кейін шығарылатын символды тереді (+)

Интерактивті тақтада орындалатын тапсырма:

Ағылшын

Қазақша

Орысша




Қаріп







Тышқан







Ыстық пернелер







Мөлшер







Мәзір







Рахмет




VIII Үй тапсырмасы

§17 оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет