Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы»



Дата10.02.2020
өлшемі25,76 Kb.
#57605
түріСабақ
Байланысты:
сабак жоспары 8а әдебиет караш караш

Күні: 24.01.2017

Пәні: қазақ әдебиеті

Сынып: 8 «а», «ә».

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы» повесі

Сабақтың   мақсаты:

Білімділігі  М.Әуезов шығармашылығымен таныстыру, хикаяттың мазмұнын ұғындыру арқылы Бақтығұлдың іс - әрекетіне екі түрлі көзқараста баға беру;

Дамытушылық - түсініп оқу, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғай білуге дағдыландыру

Тәрбиелік – ақыл - ой, адамгершілік тәрбиесін беру, имандылыққа, әдептілікке, жақсы қасиеттерге үйрету

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың  әдісі: Сұрақ - жауап, пікірталас, ой қозғау,салыстыру,іздендіру

Сабақтың   көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, М. Әуезовтің портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

 I.  Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу  құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



II. Үй тапсырмасын пысықтау: үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушы- ларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. 

-М.Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі» «Жастарға» өленің жатқа айту;

-«Ана-өмір гүлі» ой-толғау тексеру.

III  Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қандай да болмасын көркем шығарманың жазылуына өмір шындығы негіз болады. Жазушы өзін қызықтырған өмір оқиғаларын жан - жақты зерттеп, таразылап, сосын шығарма жазуға кіріседі

- М. Әуезов кім?
- М. Әуезов - ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері, әдебиет тарихшысы, білгір, шешені іскер, тапқыр, драматург, зерттеуші. (топтастыру)
- М, Әуезов шығармаларына тоқталу.(«Еңлік - Кебек», «Абай жолы», «Көксерек», «Бүркітші», «Қорғансыздың күні» т. б )
- Енді, балалар, «Қараш - қараш» оқиғасына тоқталайық

IV.Cабақты меңгерту

М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» 1927 жылдың желтоқсан айы мен 1928 жылдың қаңтар айларында жазылған.1959 ж.қайта өңделіп басылған. 
1961 ж.орыс тіліне аударылған.1968 ж. «Қазақфильм»мен «Қырғызфильм» 
киностудиялары бірігіп «Асуда атылған оқ»деп аталатын көркем фильм түсірген.Бұл шығармаға француз жазушысы Андре Стиль жоғары баға берген. 
Повесть туралы оқушылардың пікірін тыңдау
-«Қараш – Қараш оқиғасының» тақырыбын ашайық:
«Ескі қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік».

Кейіпкерлеріне тоқталсақ.
Басты кейіпкер - Бақтығұл мен інісі Тектіғұл. Қозыбақ ауылындағы байлар - ағайынды Сәт пен Сәлмен, Жарасбай болыс, Қоқыш жандайшап, Досай аулынан - Бәйтен бай, қарындасы Қалыш т. б.
Бақтығұл қандай адам? (топтастыру әдісімен )
Бақтығұл - еңбекқор, бейнеткер, адамгершілігі мол, кедей, батыл, ержүрек, әділ, жалшы, барымташы, жалғыз, кекшіл, ұзын бойлы, денелі, иықты аңғал, сенгіш адам.

Тақырып бойынша оқушыларға сұрақтар:

1.Тектіғұл өліміне не себеп болды? Оның өлімінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр? Бұл өлімнің шығармадағы орны қандай?
2. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
3. Бақтығұлдың барымтаға аттануына, ұрлық жасауына қалай қарайсың? Ақтайсың ба, қаралайсың ба?
4. Жарасбай болысқа баруын құптайсың ба, жоқ па?
5. Бақтығұлдың басты-басты қателіктерін, адасуларын ата.
6. Ол адасуларға тек Сәлмен, Жарасбайлар ғана кінәлі ме? Өзіне кінә қояр ма едің?
7. Жарасбай мен Сәлменге салыстырмалы мінездеме бер.
8. Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбайды өлтірді?
9. Жарасбайды өлтіру қылмыс па? («Иә» десең де, «жоқ» десең де, ойыңды дәлелдеуге тырыс)

10. Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар, барымташы, сорлы малайға айналды?
11. «Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген? Шығарма неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталған?

Салыстыру әдісімен:

Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір – екі ай » өлеңімен байланыстыру.

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып...

...Жалшы үйіне жаны ашып ас бермес бай,

Артық қайыр,артықша қызметке орай

Байда мейір,жалшыда пейіл де жоқ, 

Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!

Сұрақ: Өлең қай кейіпкердің бейнесін ашады?

Сәлмен кім? 1. Бай,болыс

                      2. Екі жетімнің еңбегін жеген адам

                      3. Екі жетімді де соққыға жыққан адам

« Болыс болдым, мінеки » өлеңімен байланыстыру.

Болыс болдым мінеки, 

Бар малымды шығындап.

Түйеде қом, атта май,

Қалмады елге тығындап.

Сүйтсе дағы елімді,

Ұстай алмадым мығымдап.

Күштілерім сөз айтса

Бас изеймін шыбындап.

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап.

Сұрақ: Абайдың бұл өлеңін оқығанда шығармадағы қай кейіпкер көз алдымызға келеді?

Жарасбай кім?

1.  Өз есебімен Бақтығұлды қол астына алып, паналатты

2. Бар жұмысын жасатты

3.Бақтығұлды ұрлыққа жұмсап,ұры етті.

4.Болыстыққа таласты.

5.Өз қара басын ойлап, Бақтығұлды сатып кетті.



Пысықтау: Шығармаға берер оқушы бағасы

1. Шығарманы оқып шыққанда қандай әсер алдың?

2. Бақтығұлдың бойындағы қандай қасиеттер ұнайды? (Намысты азамат, қайратты ер, табанды адам.)

3. Осы шығарманың тәрбиелік мәні немесе біз қандай тәрбие аламыз?



  • Адал болу

  • Ұрлық іске бармау              

  • Әділ болу

  • Қиянат жасамау                                                

  • Мейірімді болу

Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Тақырыпқа жоспар құру. Повесьте кездесетін портреттерді тауып жазу,кейіпкерлерге сипаттама,мінездеме беру. Повесь бірнеше тілге аударылып жазылған. Соны тауып келу.(қай тілге,қандай атпен).

Қосымша мәліметтер:
*Ал повестің басқа тілдерге аударылып, басылуына келсек, ол әр кезеңде әр алуан атпен шығып отырды. Ең алғаш оның бірер тарауы отызыншы жылдардың орта шенінде жазушы Н.Ановтың көмегімен орысшаға аударылды. 1935 жылы А.Гамовтың әдеби өңдеуімен бұл аударма «Литературный Казахстан» журналында (№5-6) «Расплата» деген атпен жарияланды. Бұдан кейін шығарманы автордлың 1959 жылғы түзеген нұсқасы бойынша Алексей Пантилиев орысшаға түгел аударды. Ол «Выстрел на перевале» («Асуда атылған оқ») деген атпен 1961 жылы 27 июнде «Литературная газетада» үзіндісі «Дружба народов» журналында (№7) «Хараш-Хараш» деген атпен тұтастай басылды. Кейін осы аударма бойынша «Қараш-Қараш оқиғасы» орысша екі рет («Выстрел на перевале», москва, 1962; Алма-Ата, 1964) жеке кітап болып шықты.

«Қараш-Қараш оқиғасы» сонымен қатар Отанымыздың басқа да туысқан халықтары тіліне және шет тіліне де аударылды. Мәселен, И. Қошқартаевтың аударыуымен өзбек тілінде («Қараш-Қараш», Ташкент, 1962), И. Стонустың аударуымен литва тілінде («Выстрел на перевале», Вильнюс, 1963.) жеке кітап болып шықты. «Месть Бактыгула» («Бақтығұл кегі»)деген атпен алғаш шеьел тіліне аударылған французша нұсқасы (Москва, журнал, «произведения и мнения» на французком языке, 1961, №9) қазақ жазушысының даңқын шырқата түсті. Атақты «Абай жолы» эпопеясының томдарымен 1958-1960 жылдарда танысып үлгерген және М.Әуезовтің суреткерлік құдіретіне шексіз сүйсінген Франция оқырмандары повестің Октябрь төңкерісі алдындағы қазақ өмірінің қатал шындығын бейнелеген көркмдік дәрежесіне тағы да қайран қалысты. «Юманите» газетіне осы шығарма қақында мақала жазған жазушы Андре Стиль:



«Бұл шығарма өткен өмір жайын айна өатесіз, әрі мейілінше әсерлі баян етеді... Осынау қарапайым оқиғаның аясында ақ отаудай шыңдарын қар басқан, асқар таулар мен шалқар дала да, дүлдүл жүйріктер мен тулап аққан өзендер де, жаралы халықтың табиғи ақылдылығы мен ірілігі, қайраты да бар. Тіпті осы стилінің айқындығымен, ара-тұр сөз ормадарымен Гомерді еске түсіреді. » - деге болатын.

Осы повесть жөнінде пікір айтқан француз жазушысы Андре Стиль 1961 жылы: «еркіндік сүйгіш, ер көңілді Бақтығұлдың жеңістері мен қателерінің өзі де азаттық пен адам ұлылығын бейнелейді» – деп жазды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет