Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісовтің «Соғыс» өлеңі. 5-сынып



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі411,13 Kb.
#25728
түріСабақ
  1   2
Дисенова Ботакуз Оразқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы, М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты
Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісовтің «Соғыс» өлеңі. 5-сынып

Сабақтың мақсаты: 1) білімділік жағынан: Оқушыларға М.Өтемісовтың өмірі мен өлеңдерінен мәлімет беру, тарихи деректерге назар аудару, өлеңнің шығу тарихын түсіндіре отырып, Исатай бейнесін ашу, Махамбеттің әрі ақын, әрі көтеріліс басшыларының бірі екенін дәлелдеу.

2) тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өз еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімін ояту, ерлікке, әділдікке, табандылыққа тәрбиелеу.

3) дамытушылық мақсаты: Балаларға ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың көрнекілігі: М.Өтемісовтің суреті, өлеңдері,көтеріліс болған жерлердің картасы, интерактивті тақта,жоспар, нақыл сөздер жазылған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, шешендік өнер.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру, аралас сабақ .

Жаңа сабақ.

Махамбеттің өлеңдерін жатқа сұрау.

Сөздікпен жұмыс,мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу.

Жоспар бойынша жұмыстану

Бекіту сұрақтарын беру.

Сабақты қорытындылау.



Махамбет туралы білетіндерін ортаға салу.
Ақын

Күйші Батыр

сазгер

Азамат


Композитор

Көтерілістің жалынды жыршысы Отаршылдыққа қарсы күресуші

«... Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні,өз тілі, өз арман талабы »

Мұхтар Әуезов



Махамбет кім? Қандай шығармалары бар? Ол шығармаларында не жөнінде жырлайды? Міне, осы жөнінде төмендегі жоспар бойынша мағлұмат беру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет