Барлық оқушылар үшін
- Жоба скриптерінде жасырыну мен көрсету командаларының қызметін түсіндіре алады.
Көпшілік оқушылар үшін
- Scratch-те ойын құру барысында циклдік алгоритмді қолдануды үйренеді.
Кейбір оқушылар үшін
«Гүлмен тілек жеткізу» әдісі
Оқушыларға түрлі түсті қағаздардан жасалған гүл таратылады. Оқушылар гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.
І – топ – «Дыбыстық әуендер»
ІІ – топ – «Дыбыстық файлдар»
Ой қозғау.
✔Қандай тақырыптағы компьютерлік ойындарды ұнатасың?
✔1-суретті қолданып, құрастыруға қандай ойын идеясын ұсынар едің? Ойыңды ортаға сал.
«DEAL» әдісі
D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу);
E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу);
A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау);
L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).
«Миға шабуыл» әдісі
1- тапсырма
«Еңбекқор кірпі» ойын жобасындағы алма кейіпкерлерінің скриптілеріне талдау жасаңдар.
1) 3, 5, 6-суреттегі алмалардың скриптілеріндегі айырмашылықтарды табыңдар.
2) Алмалардың скриптісіндегі мұндай айырмашылықтардың себебін түсіндіріңдер.
Жұптық жұмыс
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Төмендегі суреттерді пайдаланып, қандай ойын жобасын құрастырған болар едіңдер? Ойын идеясын ұсыныңдар. Ұсынған ойындарыңның алгоритмін сөзбен сипаттаңдар.
Дескриптор
- Ойын идеясын ұсынады.
- Ұсынған ойындарының алгоритмін сөзбен сипаттайды.
- Бір сұраққа жауап береді.
- Екі сұраққа толық жауап береді.
Қорытынды
«Еркін микрофон» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды
Достарыңызбен бөлісу: |