10 көлеміндегі сандардың нөмірленуін оқытудың міндеттері: Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру, санды әр түрлі тәсілмен шығарып алу, 10 көлеміндегі сандардың атауын және сол сандарды сәйкес цифрлармен белгілеуді меңгерту, цифрларды жазу біліктерін қалыптастыру.
1-ден 10-ға дейінгі ( және керісінше) сандар ретін еркін игеру. Сандар қатарындағы 0 санының орнын білу.
Сандарды салыстыру және оның нәтижелерін <, >, = таңбаларымен белгілей алу біліктерін қалыптастыру және теңдік пен теңсіздік ұғымдарымен таныстыру.
10 көлеміндегі сандар құрамының барлық жағдайларын берік игеру.
«Бір және екі таңбалы сан» ұғымдарын бірдің және нөлдің қасиеттерін меңгерту.