Сабақтың тақырыбы: Он көлеміндегі сандардың нөмірленуі



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі51,18 Kb.
#89700
түріСабақ
1   2
Байланысты:
f059ba74-f20a-43da-8412-fa7f24412900
sydykov-zhomart, 3 Lecture METHODS TO UNDERSTAND PSYCHOLOGICAL PROCESSES
Оқытудың әдістемесі:

  1. Санды әр түрлі тәсілдермен шығарып алуға болады:

а) кез-келген санды заттарды санау арқылы шығарып алуға болады.


ә) санды шаманы өлшеудің нәтижесінде шығарып алуға болады: кесіндінің ұзындығын сантиметрдің немесе уақытты сағаттың көмегімен өлшеу арқылы.
б) қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды шығарып алуға болады.






4+1 = 5



5-1= 4
- Сонымен бірге сандардың аталуын игеру жүзеге асырылады, оқушылар санды естиді және айтады.


- цифрларды жазу біліктері қалыптастырылады: цифрдың баспа және жазба түрімен таныстыру, оларды ажырата алуға, басқа лардың ішінен тани білуге үйрету.
- цифр неге ұқсайды? Оны қайдан көрдіңдер? Балалар ойындарын қолдану.



  1. А) натурал сандар қатарын құру принциптерімен таныстыру жүзеге асырылады: санға 1-ді қосу арқылы келесі сан шығады., ал саннан бірді азайту арқылы оның тікелей алдындағы сан шығады.

Ә) оқушылар тура және кері бағытта санауға үйренеді., яғни кез-келген саннан бастап, өсу және кему ретімен сананйды.
Б) сандар қатарындаға сандардың орнын анықтау оларды салыстыру арқылы жүзеге асырылады: 5>4 демек, ол сандар қатарында 4-тен кейін тұрады.
В) 0 санымен таныстыру 1 ден 9- ға дейінгі сандарды оқытып үйреткеннен кейін іске асырылады.



  1. а) Сандарды салыстыру екі топ заттарын салыстыру арқылы іске асырылады.

ә) Сандар қатарындағы реті туралы білім негізінде сандарды салыстыруға үйренеді:

7>6, өйткені санағанда 7 6-дан кейін айтылады.


3<5 , өйткені үш бестен бұрын айтылады.


<, >, = таңбалары түсіндіріледі.
б) «теңдік», «теңсіздік» ұғымдарымен таныстыру іске асырылады:
2>1 , 3<5 – бұлар теңсіздіктер
2 = 2, 1=1 - бұлар теңдіктер,
Сондай ақ қосу және азайтудың таңбалары қолданылады.
Он көлеміндегі сандарды оқытудың міндеттері:

  1. Санның натурал қатарының жасалу принципін түсіндіру.

  2. Сандардың атауларымен сәйкес белгіленуімен таныстыру, цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру.

  3. Заттардың екі тобын біріктіру және ажырату арқылы «+» немес «-» таңбаларын, қосу және азайту амалдарын қолдануды, жазуды үйрету.

  4. Көрнекілікке сүйеніп, сандарды салыстыру арқылы «>», «<», «=» таңбаларымен сәйкес теңсіздік , теңдік ұғымдарымен таныстыру.

  5. 0 санының мағынасын, пайда болуын, сандар қатарындағы орнын, жазылуын таныстыру.

  6. Геометриялық фигуралардың элементтерімен таныстыру, бұрыш, қабырға, төбелер, ортақ қабырғалары – сәулелер, төбелері – нүктелер болатынына назар аудару.

  7. Сандарды және амал таңбаларын пайдалоанып орындағалған жазу-өрнек, нәтиже өрнектің мәні болатынын түсіндіру.

  8. Қосу, азайту амалдарының атауларымен, өзара байланысын, қосу амалының оорын ауыстырымдылық қасиетімен таныстыру, пайдаланудың тиімділігнін көрсету.

  9. Бір санның екінші саннан қанша артық, қанша кем екенін білу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керектігшін түсіндіру, яғни сандарды айырмалық салыстыру.

  10. Әр санның сан қатарындағы орнын, құрамын анықтауға жаттықтыру.

  11. 10 саны, оның 2 цифрмен жазылуы, 1 және 2 таңбалы сан, ұзындық өлшеуіші – дм, оның мәні, белгіленуі туралы түсінік қалыптастыру.

Жаңа әдістеме бойынша он көлеміндегі сандармен таныстыру мынадай кезеңнен тұрады:

  1. Санның санау нәтижесі екенін көрсету.

  2. Сан өлшеудің нәтижесі екенін көрсету.

  3. Сан амалдың нәтижесі екенін көрсету.

  4. Санның жазылуы, цифрмен таныстыру.

Бұл тапсырмаларды орындау барысында болашақ оқытушылар 1-сынып математикасы оқулығына, дәптерлеріне әдістемелік талдау жасап, оқулықтың осы тақырыптарға арналған өзіндік жұмыс жүргізіп, келесі суреттер бойынша қосымша сабақ көрінісін дайындауы керек. Сурет бойынша әңгіме құрастырып, оқушылардың білімін тексеруге тапсырмалар орындалады.
Себетте неше алма бар?

Бірінші себетте Екінші себетте Үшінші себетте


3 3+1=4 4+1=5

10 көлеміндегі сандардың нөмірленуін оқып үйрену кезінде оқушылар екі негізгі математикалық ұғыммен танысады: сан және цифр.


«Сан» ұғымы математикадағы ең негізгі бастама ұғымдардың қатарына жатады. Бастауыш буында 0 саны және натурал санлдар оқытылады. Олар жайында қарапайым түсінік қалыптастырылады. Мұнда анықтамаға сүйенудің қажеті жоқ. Демек, «Натурал сан дегеніміз не?» деген сұрақ қоюға болмайды. Жалпы алғанда сан ұғымының мән мағынасы тек қана нақты мысалдар арқылы ашылады. Бірақта сан шығу үшін заттарды немесе нәрселерді санаудың қажеттілігі аңғартылады. Осыған орай заттар мен сандарды сәйкестендіруге байланысты әр алуан жаттығулар қарастырылады. Мысалы, оқушылар қолдарына бір сану шыбығын, екі дөңгелекті үш үшбұрышты, төрт шаршыны алады да, санау арқылы сәйкес заттардың 1,2,3,4 сандармен өрнектелетінін байқайды. Ал енді заттардың басқа тобын алып та осылай сандарды шығарып алуға болатыны көрсетіледі. Демек, оқушылардың сан туралы қабылдаған түсініктері сандардың – заттарды немесе нәрселерді санаудың нәтижесін көрсететіндігі болып табылады. Осы деңгей бастауыш буын шәкірттері үшін жеткілікті деп есептеледі.


Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар:

  1. Оқулықпен жұмыс жасау.

  2. Сабақ жоспарын құрастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет