Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата25.08.2017
өлшемі60,9 Kb.
#26343
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар Математика

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

«Ондық бөлшектер»



Мектеп: №142 орта мектеп

Күні :

Мұғалімнің аты-жөні: Ембергенов Айдос

Сынып: 5-сынып

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

1.Ондық бөлшектердің қосындысының және айырмасының мәнін табу. Ондық бөлшектерді баған түрінде жазып, ең кіші разрядтан бастап разрядтар бойынша қосу немесе азайту

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Ондық бөлшектерді баған түрінде разрядтар бойынша орналастырады

Оқушылардың басым бөлігі: Бүтін бөлік астына бүтін бөлікті қояды;

Кейбір оқушылар: кейбір ондық бөлшектерді қосу және азайтуды ойша есептейді;

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: Ондық бөлшектерді оқи алады, жаза алады;

Негізгі сөздер мен тіркестер: Бүтін бөлік, бөлшек бөлік, разряд;

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Ондық бөлшекті жай бөлшектен ажырата аласың ба?

  • Координаталық сәуледе кескіндей аласың ба?




Құндылықтарға баулу

Өзіне сенімді болу, жауапкершілікті сезіну, білім алуға ұмтылу.

Алдыңғы оқу

Ондық бөлшек жайлы түсінік

Сабақтың кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

Уақыты

3 мин


2 мин

3 мин




Ұйымдастыру кезеңі:

Ширату «Дене бөліктері» арқылы ондық бөлшектерді бейнелеп көрсету.

Топқа бөлу. «Санамақ»

1,2-ге саналу арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді.

Кері байланыс:

  • Ширату ұнады ма?

  • Ондық бөлшектерді қалай бейнеледік?




Сабақтың ортасы

10 мин

4 мин


2 мин

9 мин


4 мин

2 мин


1-тапсырма: Берілген жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдыр.

1-топқа: Шарлардың түстері арқылы жай бөлшектерді таңдап алады



2-топқа: шар түстері арқылы ондық бөлшектерді таңдап алып, жай бөлшекке айналдырады

Кері байланыс:

  • Жай бөлшекті ондық бөлшекке қалай айналдырамыз?

  • Ондық бөлшекті жай бөлшекке қалай айналдырамыз?


Сергіту сәті: «Басынан баста» ойыны

Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жақсартуға байланысты ойын. 1 - ойыншы кез келген жай бөлшек айтады. Келесі оқушы 1 ойыншының айтқан жай бөлшегімен қоса өзі де бір жай бөлшек айтады. Одан кейінгі ойыншы алдыңғы екі оқушының айтқан бөлшектерін қосып бір ондық бөлшек айтады. Осылай жалғасып кете береді.
2-тапсырма: Жұптық жұмыс

  1. Жұлдызшаларда берілген ондық бөлшектерді қосып мәнін табады

  2. Ондық бөлшектерді азайтып мәнін табады.

ҚБ жұптар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.
3-тапсырма: Жеке жұмыс

  • Ондық бөлшекке натурал санды қос.

  • Ондық бөлшектерге жай бөлшектерді қос.



Кері байланыс: «Сиқырлы логика» ойыны.

Аулада бес ешкі,екеуі –тоқал, біреуі – теке. Барлығы неше мүйіз?


Шарлар


Үлестірмелер


Смайликтер

Сабақтың соңы

6 мин

Рефлексия 1.не білемін?

2.не білдім?

3.не білгім келеді?



таратпалар

Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

1)Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау көмек көрсету жүзеге асырылады.

2) Барлық оқушыларға ондық бөлшектерді есептеу жолдарын түсіндіру.



1. Кері байланыс: 2 жұлдыз, бір ұсыныс


2. ҚБ смайлик арқылы бағалау


- Парта бұрышынан,

- Электр тогынан

-АКТ қолданғанда

Рефлексия

  • Мен үшін не сәтті болды?

  • Сәтсіз тұстарым?

  • Нені жақсартамын?

  • Қай әдісті қолданған тиімді?

Қорытынды бағамдау

1.Қандай екі нәрсе табысты болды?

2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?

  • АКТ-ны пайдалану;

  • Критериалды бағалау

3.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет