Күні:
Пән: математика
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырыпты игере отырып, ондық бөлшекті натурал санға бөлуге есептер шығаруға, жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, нақты айта білуге үйрету.
Тәрбиелік: алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндіктеріне сенуге, үлкен жетістіктерге ұмтылуға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты есептер шығару арқылы оқушының ой-өрісін белсенді дамыту, логикалық есептер шешу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндірмелі, кубизм стратегиясы, сұрақ-жауап, семантикалық карта стратегиясы, жұппен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада презентация, кубик, конверттің ішінде карточка, бағалау парағы, қағаздан жасалған гүлдің жапырақтары, маркер, плакат.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдасыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық («Миға шабуыл» стратегиясы)
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Практикалық жұмыс (топпен жұмыс)
VІ. Сергіту сәті
VІІ. Логикалық есеп. («Ой қозғау» стратегиясы)
VІІІ. Сабақты бекіту («Кір ілгшш» стратегиясы)
ІХ. Рефлексия («Гүл отырғызу»)
Х. Үй тапсырмасын беру
ХІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал-жабдықтардың барлығын тексеру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Психологиялық дайындық:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады.
Досың солар табылатын қасыңнан.
Оқушыларды сурет құрастыру арқылы топқа бөлу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
«Кубизм стратегиясы»
Үй жұмысын Кубик лақтыру арқылы тексеру. Кубиктің алты жағында алты түрлі түс болады. Мысалы қызыл жағы түссе қызыл конверттің ішіндегі сұраққа жауап беру керек. Әр топтан 3 оқушы шығады.
қызыл:
көк: бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз?
сары: 11 саны жай сан ба, алде құрама сан ба?
қызыл сары: 2,1*0,3
жасыл: ондық бөлшекті қалай көбейтеміз?
ақшыл қызыл: жай бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
Достарыңызбен бөлісу: |