Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 8 облыстық мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бижанова Мейрамгүл Сейілханқызының қазақ тілі пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.
Мерсер мен Литлтон (Нұсқаулық, 39-бет)
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы:
Өсиет.
Жалпы мақсаты:
Оқушылар өсиет сөзінің мән-мағынасын түсінеді.Әке өсиетінің құндылығына назар аударады.Үлкенді тыңдау арқылы дұрыс жолға түсуге болатынына көздерін жеткізеді. Сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады.
Диалогтің нәтижесінде ынтымақтастық қалыптасады.
Сілтеме:
Электрондық оқулық, әдебиет, қазақ тілі оқулығы.
Қазақ тілі, әдебиет оқу пәнінің әдістемесі.
Тренингтік ойындар мен жаттығулар.(К.З.Жаксылыкова)
Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және қолдану.(Орақова А.Ш.,Жартынова Ж.А.)
Оқу нәтижесі:
Теріс жолға түспеген, ата- ана сенімін ақтайтын, адам атына лайық азамат болудың маңыздылығына көздерін жеткізеді.
Оқушылар білімді өз бетінше меңгере алуға дағдылана бастайды.
Топпен, жұппен жұмыс істеуге қалыптасады. Сөйлеу мәдениетін дамытады.