Сабақтың тақырыбы: Отбасы және қоғам



Дата28.01.2018
өлшемі130,34 Kb.
#34451
түріСабақ




«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні 11.12.2017

Мұғалімнің аты -жөні: Онгарова Жанар Айтбаевна

Сынып: 9г

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Отбасы және қоғам

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Отбасы және қоғам туралы түсініктерін кеңейте отырып, алған білімдерін өмірде тиімді пайдалана білуге бағыт-бағдар көрсету

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Отбасы ,неке туралы білімді меңгереді, жауап бере алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Отбасы түрлерін бөле алады,отбасындағы қарым –қатынас туралы біледі.



Кейбір оқушылар:

Ата-аналар мен балалардың құқықтары туралы қосымша ақпаратпен бөлісе алады.



Бағалау критерийлері

-Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін білуі.

- Сабақта өтілген жаңа терминдерге анықтама беру алуы





Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Отбасы туралы өз ойларын баяндай алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Неке, отбасы, құқық, міндет,

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық құндылығы:

-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-қарым-қатынас жасау қабілеті;

-өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

- жауапкершілік;

-отбасы құндылықтарын құрметтеу, қамқорлық көрсету;



Пәнаралық байланыстар

Күнделікті өмірмен,өзін-өзі тану пәнімен байланысты.

Бастапқы білім:

Отбасы туралы түсініктерін еске түсіру

Сабақтың барысы:




Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы:

10 мин


(МК). Ынтымақтастық атмосферасын құрамын. Әр топтан бір оқушы тілек айтады.

Оқушыларды түгендеу.

Тақырыпқа сай 5 топқа бөлу. Топ басшы сайлайды.

1 топ-Отбасы тобы

2 топ-Неке тобы

3 топ- Ата-аналар тобы.

4 топ- Балалар тобы.

5 топ-Қоғам тобы.



Қайталау сұрақтары:

«Ашық микрофон» әдісі.

Меншіктің қандай түрлері бар?

Экономика сөзінің қазақша мағынасы қандай?

Экономикалық жүйе нешеге бөлінеді және оларды ата?

Ақша дегеніміз не?

Ақшаның қызметі қандай?

Нарық дегеніміз не?

Қазрігі таңда Қазақстанда қандай экономикалық жүйе?

Қоғам дегеніміз не?

Ең үлкен қоғам.

Ең кіші қоғам

Үй тапсырмасын бағалау


Көрнекілік

АКТ


Үлестірмелі қағаздар

Сабақтың ортасы
Түсіну деңгейі

10 минут


Қолдану 5 мин

Талдау 8 мин



Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап. Сабақтың мақсатын айтып өтемін . Оқушылар өзінің мақсатын дәптерге жазады.Әр топқа тапсырмалар беріледі «джигисо» әдісі( дайындыққа 5 минут, әр топқа жауап беруге 1-2 минут уақыт беріледі)

1 топ. Отбасы (отбасы тобына)

2 топ. Неке. (неке тобына)

3 топ.Отбасындағы ата-аналардың құқықтары мен міндеттері (ата-аналар тобына)

4 топ. Отбасындағы балалардың құқықтары мен міндеттері. (балалар тобына)

5 топ.Қоғам және отбасы. (қоғам тобына



Дискриптор:

-Тақырыпты нақты, түсінікті жеткізуі

-уақытты тиімді қолдануы

-жаңа термин сөздерді қолдануы


Жаңа тақырыпты түсінгендерін тексеру үшін сұрақтар қою.


Ата-ана мен балалардың құқықтары мен міндеттерін жаз

Жаңа сөздерге анықтама бер

-

Отбасы-

-

Неке-

-

Қоғам-

-





Дискриптор:

-нақты 3 сөзге анықтама бере алуы

-ата-ана құқығы мен міндетін 2-ін дұрыс жазуы

-бала құқығы мен міндетін 2-ін дұрыс жазуы

Жауапты өзара тексеріп бағалау

Бейнеролик көрсетіледі

Бейне ролик бойынша өз ойларын айтады. Қандай ой түйдіңдер?




Оқулық
Көрнекілік

Үлестірмелі қағаздар

Ватман, маркер, керекті құрал жабдықтар

Үлестірмелі кесте тапсырмалары

АКТ


Сабақтың аяқталуы 7 мин

Жинақтау

Бағалау

Кері байланыс



Мақсатты тақтаға шығарып , жеткен, жетпегенімізді анықтау. Әркім өз мақсатына жетті ма бір екі оқушы мақсатын оқып жеткен, жетпегенін айтады

Бағалау.әр топтың топ басшысы өз тобының мүшелерін сабақ барысында бағалап отырады, қорытынды баға қояды.
Кері байланыс
Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін , не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін қолдарындағы суреттің артына жазып ковертке салады.

Үйге тапсырма «Менің отбасым» эссе жазу



АКТ

Бағалау парағы

Үлестірме қағаздар, конверт.


Саралау тапсырма

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  1. 1. Бала құқықтары қандай заңдарда жазылған.?

  2. Қандай жағдайда ата-ана құқығынан айырады?

Оқушылар өзін өзі бағалайды. Қалыптастырушы бағалау, топпен бағалайды. Мұғалім бағалайды.

Кабинет жарық болу керек, парталары ыңғайлы тұру керек, қауіпсіздік техникасы сақталу керек

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайыма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


.





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:
2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Отбасы тобы


Отбасы
Отбасы- адамдардың бірлесіп өмір сүруі мен әрекет етуінің ең жиі кездесетін формасы.

Отбасы - ерлі зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың және басқа туыстардың арақатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт

Отбасының бірнеше түрі болады:

  1. Ата-анасы және балалары бар отбасы толық отбасы деп аталады.

  2. Ата-анасының біреуі ғана бар болса, ол толық емес отбасы деп аталады.

  3. Ата-анасы мен балаларынан басқа туыстары қосылып өмір сүріп жатқан отбасы кеңейтілген отбасы деп аталады. (әжесі, атасы, жеңгесі т.б.)

Отбасын құру белгілі бір қағидалар негізінде жүзеге асырылады. Олардың ең бастылары мыналар:

-ер мен әйелдің некелік одағының еріктілігі; ерікті түрде болу керек мәжбүрлеуге болмайды.

-отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігі;

-бөгде адамдардың отбасы ісіне араласуын болдырмау;

-отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;

-балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;

-отбасы мүшелерінің бір-біріне қамқор болуы;

-отбасында сенім болуы; Сенім болған отбасының шаңырағы биік, босағасы берік болады. Ажырасушылықтың бірден –бір себебі осы сенімнің жоқтығы.

Қазақ отбасыларында ер адамның басқарушылық рөлі әрқашан үстем болып келді. Қазір отбасын билеушілік мәртебесі екі адамның теңдігіне және бірін-бірі сыйлай алуына негіздеу басым орын алған.

Неке тобы

Неке

Неке-отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағы.

Некеге отырған ерлі-зайыптылар бірі-бірінің алдында белгілі бір құқықтарға ие болады және міндеттер орындайды.

Әркім қандай кәсіппен шұғылданатынын , мамандық таңдауды, қай текті (фамилияны) қабылдайтынын өзі шешеді.

Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттері заңды болады. Өмірде тіркелмей-ақ ерлі-зайыптыларша бірге тұратындар кездеседі. Діни мекемелердің араласуымен қиылған некенің заңды күші жоқ. (мысалы: мешітте, шіркеуде)

Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы бойынша неке жасы ерлер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленген.

Неке және отбасы туралы” заңынын



11-бабында араларында неке қиюға жол берілмейтін адамдар санаты берілген:

1.Егер жұбайлардың біреуі басқа тіркелген некеде болса, біздің елімізде заңды түрде некесі бұзылмаған адамның жаңа некесін тіркеуге жол берілмейді

2.Қандас туыстар арасындағы неке (тікелей ата тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстар) Мысалы қазақта жеті атаға дейін үйленбейді.

3.Психикалық ауруы немесе ақыл-есі кем деп танылған адамдардың арасындағы некеге жол берілмейді

4.Асырап алушылар мен асырап алғандардың арасындағы неке.

Ата –аналар тобы



Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.

Отбасын құрған екі адам өздерінің балаларының қамын ойлауға міндетті.

Ата-ананың балалар алдындағы құқықтары мен міндеттері тең.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы»заңы 2011 жылы 26 желтоқсанда қабылданды, Бұл заң 17 бөлімнен. 33 тараудан, 283 баптан тұрады. Осы заңмен ата-аналардың құқықтары мен міндеттері бекітілген.

Ата-ана құқығы мен міндеттері 62 бап.

1.Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.

2.Ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және міндетті.

3.Балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

4.Баласының сабақтан себепсіз қалмауын, сабаққа кешікпеуін, мектеп формасын сақтауын қадағалауға міндетті.

5. Оқулықты, мектеп мүлкін ұқыпты ұстауын қадағалауға міндетті.

6. Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға , өмір қауіпсіздігін сақтауға міндетті.

67 бап. Ата-ана құқығынан айыру :

Егер ата-аналар:



  1. Өз міндеттерін орындаудан бас тартса

  2. Өз баласын тастап кетсе. (перзентханада, көшеде, жетімдер үйінде т.б.)

  3. Ата-ана құқықтарын пайдаланып балаға қиянат жасаса.

  4. Балаларға қатыгездік көрсетсе. Зорлық зомбылық жасаса.

  5. Заңда көрсетілген тәртіппен маскүнемдікпен,нашақорлықпен ауырады деп танылған болса.

  6. Өз балаларының өміріне, денсаулығына қасақана қылмыс жасаған жағдайда.

Балалар тобы
Балалардың құқықтары мен міндеттері
Отбасы жағдайында бала ерекше құқықтарға ие. Бала құқықтары туралы конвенцияда 18 жасқа толмаған азаматтар бала болып есептеледі.

Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы № 345 Заңы 2002 жылы 8 тамызда қабылданды.

Осы заңның 3- тарауда көрсетілген: балалардың құқықтары

1.Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы

2.Баланың ата-анасымен бірге тұру құқығы

3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы бар

4. Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығы мен қадір қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.

5. Баланың білім алуға құқығы

6.Баланың тұрғын үйге құқығы

7.Баланың демалу құқығы

8. өз ойын айту құқығы.

Балалардың міндеттері:


  1. Ата –анасын, ұстаздарын тыңдауға,

  2. Өзге адамдардың пікірін , ар намысын құрметтеуге

  3. Сабақтан қалмауға, кешікпеуге, мектеп тәртібін сақтауға міндетті.

  4. Салаутты өмір салтын сақтауға міндетті

  5. Заңдарға бағынуға міндетті.

  6. Ауру немесе қартайған ата-аналарына қамқорлық жасауға міндетті

  7. Отбасын құрметтеуге міндетті.

Қоғам тобы


Қоғам және отбасы
Қоғам - дегеніміз адамдардың табиғатпен және өзара байланыста бола отырып белгілі бір мақсатпен бірлесу формасы.

Ең шағын қоғам-Отбасы. Отбасы адамдардың бірлесіп өмір сүруі мен әрекет етуінің ең жиі кездесетін формасы.



Қазақстан қоғамы ол біздің мемлекетіміз.

Бүкіл планетаға қатысты алып қарағанда бұл -адамзат қоғамы деп атаймыз.



Отбасы –қоғамының негізгі бөлшегі. Кез келген мемлекеттің қалыптасқан жағдайға байланысты жүргізетін демографиялық саясаты болады. Демография дегеніміз – халықтың санын өсу немесе кему мөлшерін анықтау. Әлемде кейбір елдер халықтың табиғи өсімін тежей саясатын жүргізеді. Оған мысал Қытай Халық Республикасының әр отбасында бір ғана бала болуын көздейтін заң қабылданған. Қазақстан Республикасының жерінің кеңдігі, табиғи ресурстарының молдығы, оларды игеру қажеттігі халық санының үнемі өсіп отыруын қажет етеді.

Халық санының өсуін қамтамасыз ету – отбасының басы қызметі. Қазақстанның азаматы болып табылатын әр жас адам дер кезінде отбасын құрып,өмірге бала әкелуді мейлінше қасиетті борышы деп есептеуі керек.
Қорыта келгенде Отбасы шағын мемлекет. Қоғамның негізгі бөлшегі.
Пәні: Адам.Қоғам.Құқық

Пән мұғалімі: Онгарова Жанар

Сынып: «9г» сыныбы

Кабинет: №29

Күні: 11.12.2017 ж

Уақыты: сағат 11.05 мин. 5 –сабақ

Қоғамдық пәндер апталығы.
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет