Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру



Дата13.02.2017
өлшемі61,33 Kb.
#9224
түріСабақ
Өтілу мерзімі: 22.10.2014ж.

Сынып: 2-«А»

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың ой-өрісін, танымдық қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылыққа, алғырлыққа баулу.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа және сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, тест, топпен жұмыс, жеке жұмыс

Пәнаралық байланыс: Математика, әдебиеттік оқу, дүниетану

Сабақ көрнекілігі: Оқулық, кеспе қағаздар, слайд, тест

Сабақ құрылымның жоспары:


  1. Ой қозғау

Озық ойлы, тапқыр кім?

  1. Қызығушылықты ояту

а) Сөзжұмбақ

б) Топтастыру

3. Мағынаны тану

а) Оқулықпен жұмыс

ә) Тест

б) Сергіту сәті



4. Ой толғаныс

«Сиқырлы сандық» ойыны


Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық:

Сөзіңізді тыңдаймыз,

Ойға тоқып, тыңдаймыз.

Білім нәрін жинаймыз

Деп сабақты бастаймыз.


Сыныпты «Тұлпар», «Сұңқар», «Өркен» топтарға бөлу.

Топтардың ұраны



1-топ

Оқу-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

2-топ

Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

3-топ

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

Дауыссыз н-ң дыбыстарын қайталау.

Топтағы 3 оқушыдан ереже сұрау.

-Қ мен ғ дауыссыз ы-і дыбыстары келгендегі өзгеріс

-Б мен п дауыссыз шап, тап, қап, жап, сөздерді жұптастыр

-К мен г дауыссыз «Сөз ойла, тез ойла »


  1. Ой қозғау.

«Хан талапай» ойынын ойната отырып, асықтағы тапсырма сұрақтарына жауап алу.

  1. Дыбыс дегеніміз не?

  2. Әріп дегеніміз не?

  3. У дыбысы дауыссыз дыбыс болған жағдайда дауыссыз дыбыстың қай түріне жатады?

  4. У әрпінің дауысты болған жағдайда дауыссыз дыбыстың қай түріне жатады?

  5. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

  6. Неше дыбыс бар?

  7. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Барлық оқушыларға тест сұрақтарын тарату.



«Озық ойлы тапқыр кім?» ойыны.

Топтағы оқушыларды шығарып, тест сұрақтарына жауап алу.



  1. Қандай? деген сұрақтар қай сөз табына қойылады?

а) Зат есім

ә) Сын есім

б) Сан есім

2. Заттың түрін, сапасын білдіретін сөздерді тап.

а) Қара, ақ, қызыл

ә) Айжан, кітап, оқушы

б) Алты, төрт, бес

3. Не істеді, қайтті? Деген сұрақтар қай сөз табына жатады?

а) Зат есім

ә) Сан есім

б) Етістік

4. Сан есімнің сұрақтары

а) Кім, не?

ә) Не істеді? Қайтті?

б) Қанша? Неше?
ІҮ. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту



Қазанның жиырма екісі

Сөз жұмбақ

  1. 4 ондық

  2. 6 ондық

  3. Жуан дауысты дыбысты қойсақ жарық болар түнгі аспан

  4. Бестен кері санағандағы бір сан

  5. Асыл бұйым

  6. Ешкі төлі

  7. Ер балалар ойыны

  8. Адамға ең бірінші не қажет?



1

қ

ы

р

ы

қ

2

а

л

п

ы

с

а

й













4

т

ө

р

т




5

а

л

т

ы

н

6

л

а

қ







7

а

с

ы

қ




а

у

а












4-ребус. Дыбыстық талдау. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра.
Дәптермен жұмыс.
Мақал-мәтелді жалғастыр.

Сергіту сәті

  1. Ас атасы ...

  2. Оқусыз білім жоқ

... күнің жоқ.

  1. Білімдіге дүние жарық

Білімсіздің - ... кәріп.

  1. Кітап- ... бұлағы


Ұтылған топ.

Сөздерден 2 дыбыстың қосындысынан жасалған дыбысты табу.

Аю, кітап, білім, өнер, ән, баян, әйнек, бояу

Қою, дәптер, терезе, ата, қою, перде

Қоян, Елка, оқушы, өнеге

Шаян.
«Сиқырлы сандық ойыны»




  1. Дауысты у дыбысы бар сөзді тап. Тау, сусын, әуен.

  2. Дауыссыз у дыбысы бар сөзді тап. Қауын, сурет, елу.

  3. Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап. Мал, бұлақ, кітап.

  4. Ұян дыбыстан басталған сөзді тап. Ғарыш, ұршық, парақ.

  5. Үнді дыбыстан басталған сөзді тап. Бұзау, қозы, лақ.

  6. Дұрыс жазылған сөзді тап. Сайа, сая, сайла.


Ү. Бағалау: балалырдың білімін жинақтап бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: Қайталау.

Топтың аты: Ұпай саны

«Тұлпар» тобы:

«Сұңқар» тобы:



«Өркен» тобы:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет