Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Оқу сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы
Модуль /пән атауы:Жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып сабақтарды жоспарлау және өткізу
Педагог: Қожанова Алтынай
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 3-курс, МДТ 22-1, 17.10.2023
Сабақ түрі: Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттері:
- «Жаңа педагогикалық технологиялар» пәні жайында түсініктері қалыптасады терең түсінеді;
- сын тұрғысынан ойлау технологиясын функцияларын анықтау;
3. Оқу – жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі:
1. Блоктың модульдік технологиясын түсінеді
2. М.Жанпеиісованың оқыту технологиясы ерекшеліктері туралы қызметін түсінеді,үйренеді.
Негізгі ұғымдар:, «Жаңа педагогикалық технология» пәні жайында түсініктер.
4. Қажетті ресурстар:
Ноутбук, , А4 плакаттар, смайликтер, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер.
5. Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Студенттермен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру.
Үйге тапсырма «Миға шабуыл» әдісі арқылы тапсырма беріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының тиімділігі
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет - ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы былайша айтқанда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы әдістер мен тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
• шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
• күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;
• үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы оқушыларының кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған, бірін - бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушылардың осындай қабілеттерін дамытуға әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы осы орайда былай депті: «Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу.»Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын байқалады.
Бұл стратегияларды қолданудағы менің міндетім – баланың өзіне деген шығармашылық қабілетін дамыту, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
1 - кезең - Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі болып табылады. Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т. б. деген аттары бар стратегиялар жинақталған. Жеке басын құрметтей отырып, білім беру - қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
- жаңа ақпаратпен танысу;
- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе - эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп, топ түрінде жүргізіледі. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.«Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын» өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жиі қолданамын.
Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру немесе мағынаны тану кезінде түртіп алу немесе INSERT стратегиясын пайдаланамын. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V - «білемін»,- - «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаңа ақпарат»?- «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - күрделі жұмыс. Оқушылар арасында оқуға жеңіл - желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Бұл кезеңінде үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
Іс әрекет:
1 - қадам. Түртіп алудың түсініктемесін тақтаға жазған дұрыс. Сонан соң оқуға уақыт беру керек.
2 - қадам. Оқып болған соң, түртіп алу кестесін толтырады - тақтаға сызу керек, дәптерлеріне сызып алу үшін уақыт беру керек. Алдыңғы қойған белгілеріне сәйкес, кестені өз беттерімен толтырады.
3 - қадам. Кестелерін жұпта талқылайды.
4 - қадам. Кестені топтарында талқылайды. Сыныптың жалпы кестесіне не енгізу керектігін таңдайды.
5 - қадам. Сыныптың жалпы кестесін тақтаға толтырады. Мәтіннің барлық даулы жақтарын анықтайды, сондай – ақ сұрақтарға жауап іздейді. Не сәйкес келеді, егер сәйкес келмесе неге? Алғашқы жазған тізімдерімен салыстырады. Кестедегі сияқты тізімдегі айқындалмаған пікірталастар мен қалған сұрақтар - әрі қарай іздену үшін қалады - жұмыстың әртүрлі нысандарын анықтауға болады.
Бұл тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
«Ирек» стратегиясы. Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат - әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында. Осы орайда «Бұлар қайдан шығады?» тақырыбын топ бойынша бөліктерге бөліп тастап және интерактивті тақтадан жайлаудың суретін көрсету арқылы мәтін құрастыруына жол сілтедім.
«Болжам» стратегиясы. Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
- оқылған материалды талдау және қорытындылау.
- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
- Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
- Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады.
- кластер құру
- әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.
- түйін сөздерге қайта оралу.
- дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.
- рефлексивті сұрақтар
- пікір алмасу.
- шығармашылық жұмыстар жазу (эссе) және т. б.
Ой толғаныс бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір - бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіреді. Ой қозғау стратегиясында «Бұл туралы не білетін едік, есімізге түсірейікші?» — деп 2 - 3 минут оқушыларды ойлана білуге бағыттаймын.
Ой - толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренеді. Алғашқыда оқушылар мәтіннің мазмұнын қысқаша жазып келіп жүрді. Бірте - бірте мәтіндегі өзін толғандырған нәрсені де айта алатындай болды.
«ДЖИКСО» әдісінде мәтінді топқа бөліп оқу оқушылардың жауапкершілігін арттырады. Өз тобына келгенде оқығанын айтып беру үшін әлсіз оқушылар да әрбір сөйлемге мән беріп оқитын болды. Мұның өзі жауапкершілік.
Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр – жеңілдігіне лайықтыла қолданылады.
Сын тұрғысынан ойлау - жеке тұлғаның танымдық процестеріне, еріктік процестеріне, сезімдеріне, эмоцияларына әсер етеді.
Осы оқыту үрдісінің маңыздылығы: әдістердің түрлілігі, белсенді практикалық іс - әрекетте болу, басқалармен қарым - қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу, қажет болса өз көзқарасын өзгерту, топтық тұжырымға келе білу, топ алдына шығып, өз ойын айта білу, қорғай білу.
Осының бәрі де өздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлау іскерлігін, кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
*бір - бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым - қатынастың негізі қаланды;
*мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
*өзін - өзі, бірін - бірі бағалауға;
*өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
* достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесу;
* өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
*бір - біріне құрметпен қарауға;
*белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.
Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады.
Жеке басын құрметтей отырып, білім беру - қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс – тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяаттар жасайды. Мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиімді байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз деп ойлаймын.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.
1. Әдістердің түрлілігі.
2. Белсенді практикалық іс - әрекетте болу.
3. Басқалармен қарым - қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу.
4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.
5. Топтық тұжырымға келе білу.
6. Топ алдына шығып, өз ойын айта білу, қорғай білу.
Осының бәрі де:
- өздігінен білім ала білуін
- сын тұрғысынан ойлау іскерлігін,
- кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады.
1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3. Топтасарының сұрақтарына жауап береді.
4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмысты бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы баланың алдына жан - жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.
Алдағы болатын құбылысты болжау үшін қиялға ерік береді, ал ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты.
Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей бастайды.
Сұрақ қою және жауап беру барысында тілдік қатысымдық бірліктер жүзеге асырады.
Аз уақыт ішінде материалдың мазмұнын түсініп, жеткізе білу үшін асқан шешендік.
Бір сөз төңірегінде бірнеше ой өрбіту арқылы сөздік дәлдікке жетелейді.
Пікірлесу кезеңінде танымдық қорды сыртқа шығарып, тілдік қатынасқа түседі.
Берілген сөзге орай ұғымдардың синонимдік қатарын құрастыру тілдік тапқырлықты қажет етеді.
Мұндай табыстар көп ізденудің, жаңаға деген айрықша ұмтылыстың нәтижесінде деп ойлаймын. Қытай ойшылы Конфуций сөзімен қорытындыласақ: «Оқытушы мен оқушы бірге өседі... Оқыту - жартылай білім алушы» өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден - бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Міне осындай жаңа технологияларды оқу – тәрбие үрдісінде пайдаланудың арқасында оқушылардың белсенділігі артып, жан – жақты дамиды, пәнге деген қызығушылықтары арта түседі деп өз ойымды білдіргім келеді.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді де, білікті оқушыларды тәрбиелеуге болады. Ол үшін ең бастысы мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек деп сөзімді аяқтағым келеді.
Ұсыныстар:
1.«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегиясын сабақта тиімді қолдану.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашу.
3. Сапалы білім мен саналы тәрбие беру.
Достарыңызбен бөлісу: |