А)Оқыту/оқудағы тәсіл
|
Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, білім сапасын арттыру үшін топтық жұмысты пайдалану
|
Б)Тақырып(оқу жоспарының бөлігі)
|
Өзгелік етіс
|
В)Әдіс-тәсілдер
|
Конверттегі хат, Венн диаграммасы, жұптық жұмыс, жасырын жұлдызша
|
С)Күтілетін нәтиже
|
-Тақырыпты толық меңгереді;
-Өзгелік етістерге мысалдар келтіреді,жұрнақтарын ажырата алады;
-Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады,өз бетінше ізденеді;
-Білімдерін жүйелейді,жетілдіреді;
|
Д)Сабақ жоспарының кезеңдері
1)Ұйымдастыру
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Жетондағы сандар арқылы топқа бөлу.
|
Алған сандары бойынша топтпрына барып отырады. Топ басшысы тағайындалады.
|
2) Үй тапсырмасын сұрау
|
«Конверттегі хат» әдісі арқылы өткен тақырып жайлы теориялық білімдерін еске түсіру мақсатында топтарға сұрақтар құрату.
240-жаттығу. Өздік етістерді теріп жазу.
|
Таратылып берілген конверттегі құрған сұрақтарын жазып, сағат тілімен бір-біріне беріп, жауаптары тыңдалады.
240-жаттығуды әр топтан 2-3 оқушы ауызша айтып өтеді.
|
3) Жаңа сабаққа кіріспе
|
Өздік етістің ережесін естеріне түсіртіп,сызбаны көрсету арқылы салыстыра отырып өзгелік етіске ереже қорытып шығарту;
Үш түрлі жұрнақтар арқылы жасалатынын айта отырып, мысалдар келтірту;
М:тік+тір,жаса+т,отыр+ғыз.
Кітаппен жұмыс. Кітаптарын ашқызып,тақырыпты шолып оқытқызу,жұптасып бір-біріне айтқызу;
|
Тақтада берілген сызбалар арқылы өз ойларын айтып,ереже қорытып шығарады.
Мысалдарды дәптерге жазады.
Оқулықты ашып,тақырыпты шолып шығады.
Жұптаса отырып тақырып бойынша оқығандарын бір-біріне айтады.
|
4) Бекіту
|
1. «Топпен тізбек» ойыны. Оқушылардың алдарына етістіктер жазылған стикерлер таратылып беріледі.
2.242 – жаттығуды орындатады.
3. «Бір айналым сөз» деген тапсырма орындатады. М.Домбыра
Етістің қай түрін қолданғандарын айтқызу
|
«Жасырын жұлдызша» әдісі Етістіктерге қажетті жұрнақтар жалғау арқылы өзгелік етіс жасайды да , интер белсенді тақтаға шығып жазады.Қалған оқушылар дәптерлеріне түсіреді.Жаттығуды орындап көршілеріне беру арқылы тексереді.Бірінші топ бастаса келесі топ тізбектей отырып жалғастырып отырады.
|
5) Қорытындылау
|
Венн диаграммасы арқылы Өздік етіс пен өзгелік етіс сабақты қорытындылайды.
|
Интер белсенді тақтадағы диаграмманы толтырады.
|
6) Үй тапсырмасын беру
|
Өзгелік етіс.243-жаттығу
|
Күнделіктеріне жазып алады.
|
7) Бағалау
|
Топ басшысының бағалауы тыңдалып, мұғалімнің қорытынды бағасы қойылады .
|
Топтардың бағасын ескере отырып , Мұғалімнің сумативті бағасы.
|
8) Рефлексия
|
Кері байланыс.Сұрақ –жауап әдісі.Сабақ ұнады ма? Қай сәті ұнады?
|
Стикерге жазып параққа жапсырады.
|