«Ойлан және әңгімеле» әдісі:
«Растрлық және векторлық графика артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында оқушылар постерде талдайды.
Дескриптор:
Растрлық және векторлық кескіндерді құратын программаларды біледі.
Растрлық және векторлық ұқсастығы мен айырмашылығын біледі.
ҚБ. Бірін-бірі бағалау «Үш шапалақ» әдісі.
3 шапалақ – Өте жақсы!
2 шапалақ – Келісуге болады!
1 шапалақ – Түсініксіз болды.
|
Сабақтың ортасы
5 минут
Сараланған тапсырмалар
|
«Гауһартас» иерархиясы» әдісі:
Тақтаға жасырын сұрақтар ілінеді.
І-топ. Рaстрлық және вeкторлық кeскіндерді ажырату.
ІІ-топ. Растрлық және векторлық кескіндердің ұқсастығы.
ІІІ-топ. Растрлық және векторлық кескіндердің артықшылығы мен кемшілігі
Дескрипторлар:
Растрлық және векторлық графада құрылған екі түрлі кескінді ажырата алады.
Артықшылығы мен кемшілігін ажыратады.
ҚБ. Бірін-бірі бағалау.
.
Басқа көз қарасым бар!
Келісемін!
Толықтырамын.
|
Тақтаға жасырын сұрақтар ілінеді
|
10 минут
|
Компьютерде тәжірибелік жұмыс:
Inkscape программасын ашыңдар. Жұмыс парағының өлшемін және бағытын таңдаңдар. Сақталған кескіндерді ашып, әрекеттерді орындаңдар: бұлт және күннің бейнесін салыңдар.
а) Екі кескінді де 3 есе кішірейтіңдер. Нәтижелерін салыстырыңдар.
ә)Екі кескінді де 3 есе үлкейтіңдер. Нәтижелерін салыстырыңдар.
б)Екі бейненің де алатын көлемін салыстырыңдар.
Дескрипторлар:
Векторлық графада құруға болатын Inkscape редакторда кескіндерді құруды біледі.
Растрлық кескіндердің кеңейтілімдерін талдайды.
|
Информатика 6 сынып
Г.И.Салғараева,
Г.Б.Илиясова,
А.С.Маханова
Астана «Арман-ПВ» баспасы
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Рефлексия:
Оқушылардан «Инсерт» әдісі бойынша кері байланыс аламын.
Бүгінгі сабағымызды оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы аяқтай отырып,сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету.
Қызыл түс- жаңа сабақ түсінікті
болды.
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім
толды.
Жасыл түс – мен үшін сабақ
түсініксіз болды.
|
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).
Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады.
|
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
|
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты).
1.
2.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты).
1.
2.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
1.
2.
|