Сабақтың тақырыбы Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#86243
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Моллаева Г.С.

Бағалау критерийі

-параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын біледі,
- параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулер мен кесінділер анықтамасын айтады, оны түсіндіре алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:



Қазақша

Русский

English

Түзу

Прямая

straight

нүкте

точка

point

градус

градус

degrees

кесінді

отрезок

Line segment

параллель

параллель

in parallel

перпендикуляр

перпендикуляр

perpendicular to

вертикаль.

вертикаль

vertical



Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер:
-қиылысатын түзулер қалай сипатталады.
-қиылысатын түзулер жазықтықты неше градусқа бөледі?
-Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
- Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» 6-шы құндылығы негізінде оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге, үштілділікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, ағылшын

Алдыңғы білім

Түзулер және бұрыштар, бұрыштың градустық өлшемдерін және атауларын айтып бере алады

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
(10 мин.)

1. Ұйымдастыру. «Шаттық шеңбері» арқылы сыныптың ахуалын жақсарту
2.Үй тапсырмасын сұрау: «Миға шабуыл» әдісі
Сұрақтар:

  1. Тік бұрыштың градустық өлшемі неге тең?

  2. Қандай бұрышты сүйір бұрыш деп атаймыз?

  3. Қандай бұрышты доғал бұрыш деп атаймыз?

  4. Толық бұрыштың градустық өлшемі неге тең?

3.Топқа бөлу. 1-4 ке санау арқылы
Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен талқылаймын.




Сабақтың ортасы
(20 мин.)

  1. Топтық жұмыс. «INSERT» әдісі

Тапсырмалар:
1 (№1023)
а және в түзулерінің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың болса , -тің градустық өлшемдерін табыңыздар.
2 (№1058)
Суреттегі фигуралардың қай қабырғалары бір-біріне параллель? Параллель кесінділерді белгіленуімен жазыңдар.
B C P Q L N
А D R S M K

3.АВ және СД кесінділерінің ортасы О нүктесінде қиылысады. АС және ВД түзулерінің параллель екендігін дәлелдеңдер.





ҚБ:Ашық микрофон


Сергіту сәті. Бастың қимылымен 1-5 ке дейінгі сандарды салу.



Математика 2-бөлім,


6 сынып,
Алдамұратова Т.А.
№1023,1058

Сабақтың соңы
(10 мин.)

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:
1.а түзуінде жатпайтын Е нүктесі арқылы осы түзуге параллель түзу жүргіз.
Дескриптор:
1. түзуге тиісті емес нүктені белгілейді
2. ережені біледі
3. параллель түзу жүргізеді
2 . а в екені белгілі. Перпендикуляр түзулердің бойындағы перпендикуляр кесінділерді жазыңдар.
а

А
В С в

Д


Дескриптор:
1. ережені біледі.
2. перпендикуляр кесінділерді белгімен жаза алады


ҚБ: ауызша


Рефлексия: «Білім теңізіне кеме жіберіңіз»

(Мектеп – кеме,білім (education)- теңіз(ocean)).
Үйге тапсырма: № 1045



Кеме қиындылары



Математика


2-бөлім,
6 сынып,
Алдамұратова Т.А.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың қажеттілігіне қарай тапсырмалар беремін. Тапсырманы орындау барысында кейбір оқушылардың жанына барып көмек көрсетемін, оқуға тартуға бағытталған белсенді оқыту әдіс тәсілдерінің тиімдісін таңдаймын.



«Ауызша». Берілген жауаптары бойынша оқушылар келесі топты бағалайды,
«Ашық микрофон»
әдісі бойынша бағалау және критерий бойынша өзін-өзі бағалау немесе бірін-бірі бағалау.
Дескрипторы бар тапсырмалар құрастырдым

Оқушыларды топтастыру кезінде денсаулықтарын ескеремін.
Сергіту сәтін өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет