Сабақтың тақырыбы: Пирамиданың көлемі. Есептер шығару Мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты



Дата18.05.2017
өлшемі69,32 Kb.
#16287
түріСабақ
Бадауова Айлат Қабидуллақызы

Ақтөбе қаласы,

Ақтөбе автожол колледжінің

математика пәнінің оқытушысы

Пәні: Геометрия



Сабақтың тақырыбы: Пирамиданың көлемі. Есептер шығару

Мақсаты:

Сабақтың білімділік мақсаты: Пирамиданың негізгі элементтерін пайдалана отырып оның көлем формуласын беру және оны есептер шығаруда қолдана білу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

Логикалық бейнелік есептер арқылы оқушылардың бағдарлы іскерлік

құзыреттілігін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Сызба жұмыстарын салуда этетикалық тәрбие және кәсіптік бағдар беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Түсіндірме, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: Модельдер, слайдтар, кеспе қағаздар, плакат.

Сабақтың құрал-жабдығы: Power Point бағдарламасында жасалған презентация, интерактивті тақта, сызғыш, пирамидалар макеті,

Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, география, сызу.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесіп, түгелдеу. Сабақтың мақсатын айтып өту.



ІІ Үй тапсырмасын тексеру 

Қайталау сұрақтары1.Пирамида дегеніміз қандай фигура?

  1. Биіктігі                             Пирамиданың биіктігі – SО

3.Апофемасы                       Апофемасы  – SК

4.Бүйір жағы                        Бүйір жағы – SАВ үшбұрышы



  1. Sбүйір                              Sбүй= ?  Sбүй=  1/2РҺ

6.Sтолық беті                      Sт.бет= Sбүй + Sтаб

Параллелепипедтің және призманың көлемінің формулаларын еске түсіру. Әрбір оқушы өз үйінің көлемін есептеп шығарып келуін тексеру.



Математикалық интермедия. «Пирамидалар шеруі» мәнжазба

Жаңа сабақ түсіндіру.

Айталық, SABC төбесі S және табаныABC болатын үшбұрышты пирамида болсын. Бұл пирамиданы табаны мен биіктігі дәл сондай үшбұрышты призмаға дейін толықтырамыз. Бұл призма үш пирамидадан құралады: берілген SABC пирамидасы және тағы екі үшбұрышты SCC1B1 және SCBB1 пирамидалары.

Екінші және үшінші пирамидалардың табандары СС1В1 және

В1ВС өзара тең және S төбесінен жүргізілген биіктігі ортақ. Сондықтан олардың көлемдері де тең болады.

Бірінші және үшінші пирамидалардың да табандары

SAB мен BB1C тең және С төбесінен жүргізілген биіктіктері беттесіп түседі. Сондықтан олардың көлемдері де тең болады. Демек, барлық үш пирамидалардың көлемдері де бірдей. Бұл көлемдердің қосындысы призманың көлеміне тең болғандықтан, пирамидалардың көлемдері–ке тең болады.

Сөйтіп кез-келген үшбұрышты пирамиданың көлемі оның табан ауданы мен биіктігі көбейтіндісінің үштен біріне тең.

Енді үшбұрышты емес, кез-келген пирамиданы алайық. Оның табанын 1 2 , ..., n үшбұрыштарға бөлшектейміз. Табандары осы үшбұрыштар болатын, ал төбелері берілген пирамиданың төбесі болатын пирамиданы қарастырады. Берілген пирамиданың көлемі оны құраушы пирамидалардың көлемдерінің ққосындысына тең. Олардың барлығының биіктігі берілген пирамиданың H биіктігіндей болғандықтан, берілген пирамиданың көлемі мынаған тең:





Сөйтіп, кез-келген пирамидалардың көлемі оның табан ауданы мен биіктігінің үштен біріне тең.

Есептер шығару.



Кешегі пирамида (Хеопс пирамидасының суреті көрсетіліп беріледі)

 Египет астанасы – Каирде оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқай сұрғылт таулар көрінеді. Ең үлкені Хеопс пирамидасы, оның биіктігі 146 м, жер бетіндегі периметрі 1000 м. Б.з.б. 28 ғасырда, бұдан 5 мың жылдай бұрын салынды. Бүйір бетінің ауданы 96100 м2. Толық бетінің ауданын табайық.

Жауабы:  96600 м2.

Оқулықтан есеп. 351-бет 39-есеп

Пирамиланың табаны-қабырғалары 9м және 12м болатын тіктөртбұрыш: барлық бүйір қырлары 12,5 м-ге тең. Пирамиданың көлемін тап.

Жауабы: 360м3.

Пирамиданың табан қырлары 6см, 8см болатын тік төртбұрыш әрбір қыры 13см биіктігін тап.
Жауабы:12см2   

 ІІІ. Пирамиданың табан қырлары 6см,  4см болатын тік төртбұрыш, әрбір бүйір қыры  7см.  Көлемін тап.



Жауабы:48см 3  

Пирамида табаны – қабырғалары 3м және 4м тең тік төртбұрыш.Оның биіктігі табанының диагоналіне тең.Пирамиданың көлемін табыңдар.

  Жауабы: 20 м3


  1. Сабақты қорытындылау. Бекіту сұрақтары. А. Сәйкестік сынағы,

Б.Еске түсіру сынағы



Тапсырмалар

А

В

С

1

Бер: Призма

Sтаб=64см2

H =7см

Т/к: V



36 см3

448 см3


12см3

2

Тік бұрышты параллелипед өлшемдері: 15 м; 50 м; 30 м. Көлемін тап.


150м

1250м

22500м

3

Бер: Пирамида

Sтаб=48см2

H =12см

Т/к: V



 

321см3



 

52см3



 

192см3



Көлемі 4 см3, ал табаны квадрат, бір қабырғасы 2 см-ге тең пирамиданың биіктігін тап.

Үйге тапсырма 41-есеп Бүгінгі пирамида  (Бейбітшілік және келісім сарайының суреті көрсетіліп беріледі. )

 Биіктігі 62  метр, төменгі  қырларының  ұзындығы  да  62 метрден болып

тұрған  Пирамида  25  қабатты  үймен  бірдей. Оның  құрылысына 12 мың

шаршы метр гранит тасы, 52 мың метр құрылыс ағашы, 15 мың тонна цемент,

900 шаршы метр шыны жұмсалған. Осынша  құрылыс  материалын бар-жоғы

13  айдың  ішінде  сағызша  илеп, тамаша  ғимарат  етіп  шығарған  түріктің



“Сембол-Иншаат”құрылыс компаниясы. Бүйір бетінің ауданын табайық.

 Жауабы : Sбүй=8556 м2
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет