Мазмұнды меңгеру: Ресурс және мазмұн арқылы саралауды қолдау үшін оқушыларға ақпарат көздері ретінде жасушалардың суреттері/ ақпарат парақшалары, таныстырылым ұсынылады. Осы ресурстармен таныса отырып, оқушыларға жасушалардың сызба/үлгі/апликациясын жасау сұралады. Бұл жұмысты топта, немесе жұпта орындатуға болады.
Нұсқаулық:
1 топ.
1. прокариоттар жасушасының үлгісін жасау
2. жасуша құрылымдарын белгілеп жазу (жасуша қабырғасы, талшық, капсула, мезосома, сақиналы ДНҚ)
3.жасуша өлшемін көрсету
2 топ.
1. эукариоттық жасуша үлгісін жасау
2. жасуша құрылымдарын белгілеп жазу (жасушалық мембрана, ядро, цитоплазма, митохондрия, рибосомалар, ЭПТ, Гольджи жиынтығы, пластидтер, ДНҚ, ядролық мембрана)
3. жасуша өлшемін көрсету
|
1, 2- қосымша
флипчарттар, маркерлер
желім, қайшы, ермексаз, түрлі-түсті қағаздар, жіп, моншақтар сияқты қол астындағы ұсақ заттар.
4-8 слайдтар
|
17-27 мин
|
Оқушылар жасаған үлгілерін қорғайды. Эукариоттық және прокариоттық жасушалардың ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Оқушылар өзге топтардың жұмыстарын бағалайды.
|
Топ жұмыстарын өзара бағалайтын стикерлер
|
27-36 мин
|
Прокариоттық және эукариоттық жасушаларын салыстырып Венн диаграммасын толтырады. Толтырылған диаграммаларды салыстырып өзара бағалау жүргізу ұсынылады.
|
3- қосымша
9 –слайд
|
Сабақтың соңы
|
37-40 мин
|
Кері байланыс
Түсінгендер оң қолын көтереді
Сұрағы барлар сол қолын көтереді
Мүлде түсінбегендер қолдарын көтермейді.
Туындаған сұрақтар сабақта талданады.
Тақырып мазмұнына қатысты сұрақтарды оқушылармен бірге талқылап, жауап беріледі.
Үй тапсырмасы: Сабақ бойы кездескен терминдерді қолданып кроссворд құрастыру (прокариот, эукариот, ядро, рибосома, плазмида т.б)
|
10– слайд
|
Қосымша ақпарат
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |