Сабақтың тақырыбы Сабақ саны (сағ) Мерзімі І тоқсан 54 сағат



бет4/9
Дата17.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#9551
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Топтық жұмыс.

Сынып оқушылары үш топқа бөлініп, келесі тапсырмаларды орындайды:

Ойлан тап! 5-сыныптағы қай бөліміне сәйкес келеді?Оның орындалу алгоритмін көрсет, оны дәлелде.

І топ

Логикалық есеп.

Теңіз қарақшыларының кемесінде бірнеше мысық, бірнеше теңізші және жалғыз аяқ ақсақ капитан бар. Жалпы санын есептегенде, олардың 15 басы және 41 аяғы бар. Кемеде қанша мысық бар? Жауабы: 8 мысық, 6 теңізші , 1 жалғызаяқ.



ІІ топ

Логикалық есеп.

2-ге бөлгенде 1 қалдық, 3-ке бөлгенде 2 қалдық, 4-ке бөлгенде 3 қалдық, 5-ке бөлгенде 4 қалдық, 6-ға бөлгенде 5 қалдық қалатын, ал 7-ге қалдықсыз бөлінетін ең кіші натурал санды тап.



Шешуі: Егер ізделінді санға 1-ді қоссақ, онда ол 2-ге, 3-ке, 4-ке, 5-ке, 6-ға, яғни 60-қа бөлінеді. 60-қа бөлінетін сандардың арасынан, 1-ге кем 7-ге еселік болатын санды табу оңай, ол 119 саны. Жауабы: 119 саны

ІІІ топ

Логикалық есеп.

Үш сыныптың оқушылары саяхатқа шықпақ болып сапқа тұрды. Оларды сапқа екеуден тұрғызғанда 1 оқушы жалғыз қалды. Үшеуден, төртеуден сапқа тұрғызғанда тағы да 1 оқушы асып қалды. Барлығын сапқа бес-бестен тұрғызғанда ғана бірде – бір оқушы саптан тыс қалмады. Оқушылар қанша еді?



Шешуі:

Егер ізделінді саннан 1-ді шегерсе, онда ол 2-ге, 3-ке, 4-ке бөлінеді. Ол қасиетке ие болатын ең кіші сан 12 , 24, 48, 60, 72, 84,96...

 96 сандарының арасынан керегін аламыз. Есептің шартын екі сан ғана қанағаттандырады: 25 және 85. Бірақ 25 жарамайды, себебі шарт бойынша сапқа үш сынып оқушылары тұрды. Сонымен оқушылар саны – 85. Жауабы: 85.




V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________







VІ. ҮЙ ЖҰМЫСЫ




1 тапсырма. Логикалық есеп.

1. Он екі литрлік ыдыста квас бар, оны сегіз литрлік және үш литрлік ыдыстар арқылы екіге тең қалай бөлуге болады? Шешуі: 12-3=9; 9-3=6; 6=6.



12

12

9

9

6

6

8

0

0

3

3

6

3

0

3

0

3

0

Жауабы: 6.

2. Үш адам бар. Сол үш адамға үш қызыл және үш көк қалпақ көрсетеді. Қараңғыда үшеуіне екі қызыл және бір көк қалпақ кигізіп, қалғандарын жасырады. Адамдардың қайсысы өз басындағы қалпақтың түсін таба алады?



Жауабы: ешқайсысы

3. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.

4.

Шешуі:


1)

2)

3)

4) Жауабы:

2 сабақ




МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы:




• «Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік»

Мақсат:

Білімдік

Білім

• Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу, ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті еске түсіріп, тұжырымдайды.

Түсінік

• Натурал сандардың бөлінгіштігіне мысалдар келтіре отырып, түсіндірмесін беріп, қорытынды шығарады.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

• Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік ережелерін қолданып, есептер құрастырып, оларды шығарады.

Талдау әрекеті

• ЕҮОБ және ЕКОЕ мысал келтіріп, олардың мағынасын ажыратады.

Шығармашылық әрекет

• «Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу» тақырыптарын пайдалана отырып, ЕҮОБ және ЕКОЕ табудың алгоритмін ойлап табады.

Құндылық

Бағамдау әрекеті

• «Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік» тақырыбын қайталау сабағының 6-сыныпта жүйелі білім алудағы маңыздылығын бағалайды.

Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (5 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (25 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).

Оқыту әдісі:




• Репродуктивті, ішінара ізденушілік

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:




• Натурал сан, жай және құрама сандар, ЕҮОБ және ЕКОЕ.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




• Өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.


Ақпарат көздері:




1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. /Әбілқасымова, Т.Кучер, З. Жұмағұлова. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2010ж. 400 б.

2. Математика. Әдістемелік нұсқау: Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. /Әбілқасымова, Т.Кучер,

З. Жұмағұлова. Алматы: Мектеп, 2010. 3-9-б.

3. Алдамұратова Т.А, Байшоланова Т.С. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 3-басылым. Алматы, Атамұра, 2011. -400-б.

4.Алдамұратова Т.А., Тупаева В.И. А-40 Математика. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 2-басылым. Алматы, Атамұра, 2011. 144-б.

5. М-29 Математика жұмыс дәптері, №1: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алдамұратова Т.А., Хабылбекова А.Қ., Алешина Н.Ф., Сатемирова С.Р. 2-басылым. Алматы, Атамұра, 2011. 64-б.



Оқушы жетістігін бағалау:

• Негізгі баға ҚӘ блогының тапсырмаларын орындағаны үшін, ал қосымша (бонус) баға ШӘ блогы үшін беріледі.




САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

  1. Жай және құрама сандар. Натурал сандардың бөлінгіштігі.

  2. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.

  3. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселіктерді табудың алгоритмі.

Слайдтар:


1- слайд

1 тақырыпша


Жай сандар

Құрама сандар

1 саны




Натурал сан





2-слайд


Натурал сандардың бөлгіштігі



2,5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері


3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілері



Ең үлкен ортақ бөлгіш

Ең кіші ортақ еселік

Өзара жай сандар





3- слайд

1,2,3,4,8,12,15,18,24,36,72 сандарының ішінен 36 санының бөлгіштерін теріп жазыңдар.





4- слайд

Төмендегі сандардың бөлгіштерін жаз:

21 санының бөлгіштері:________________________________________________

45 санының бөлгіштері:________________________________________________

72 санының бөлгіштері:________________________________________________

21, 45 және 72 сандарының бөлгіштерінің ішінен жай сандарын тап.






5- слайд

Төмендегі сандардың еселіктерін жаз:

3 санының еселіктері:_________________________________________________

10 санының еселіктері:________________________________________________



17 санының еселіктері:________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет