Сабақтың тақырыбы Себеттегі жемістер Оқу бағдарламасына сәйкес


Бекітемін: ДОЖЖО:________К.Нурмухамедова



бет11/11
Дата21.09.2024
өлшемі5,73 Mb.
#204836
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бекітемін:
ДОЖЖО:________К.Нурмухамедова

Бөлім:

Шығармашылық

Мұғалімнің аты-жөні

Карасаева Сулушаш

Күні:

16.05.2024 ж.

Сынып:2 «Г», «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қамшы. Мысыр пирамидасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.4.5.1 Сәндік-қолданбалы өнер тәсілдер мен техникалар көмегімен идеяларды шығармашылықпен ұсыну және сезімдермен білдіру
2.4.6.1-дизайн идеяларын шығармашылықпен ұсыну идеялары мен сезімдерді құрылымдау және модельдеу тәсілдері мен техникасы арқылы негізгі түрде білдіру.

Сабақтың мақсаты

Қамшының қазақ тұрмысындағы маңызын біледі.
Сәндік-қолданбалы өнер тәсілдер мен техникалар көмегімен идеяларды шығармашылықпен ұсынады.
Бақылау арқылы сурет сала алады.
Дизайн идеяларын модельдеу тәсілдері арқылы ойын бейнелей алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза, мөлдір көңілімен,
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз

Оқушылар қимыл арқылы сәлемдеседі.



От шашу




Сабақтың ортасы



Қамшы — қазақ халқының байырғы кездегі шаруашылық, мәдени өмірінде аса кең тараған, көлікті айдап жүргізу үшін қолданылатын, таспадан әртүрлі нұсқада түйіп, тобылғы немесе басқа затқа саптап жасаған ежелгі ат айдауыш құралдардың бірі, ер-тұрманның бір құрамы.
Көлік айдаумен қатар, жылқышылар шаруашылық ұйымдастыруда қамшыны асау үйретудің құралы ретінде қолданған. Асау аттың үстіңгі ерніне қамшының бүлдіргесін кигізіп, сабымен бұрау салады. Мұны шұра салу дейді. Шұраны әдетте шу асауға салады. Қамшыны қамшыгерлікте, аңшылықта да қолданады.
Баға жетпес ұлттық құндылығымыздың бірі – қамшы. Бұл бүгінде әр қазақтың шаңырағына сән беретін ұлттық бұйым. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде, салт-дәстүрінде қамшының алатын орны ерекше. Ол бірегей өнер туындысы ғана емес, сый-сыяпаттың төресі, ер жігіттің серігі, шаңырақтың киесі саналған. Сол себепті, әрбір қазақ қамшының қасиетін біліп жүруі керек.
Қазақта қамшыны ұстау мен қолданудың тәрбиелік мәні мен ережелері бар. Яғни, қамшыны әдетте, оң қолға екі бүктеп ұстайды. Қамшы өрімін салбыратып ұстау дұшпандықтың, әдепсіздіктің белгісі деп танылған. Сондай-ақ, жөн, жол көрсеткенде де саусақпен емес, қамшымен нұсқайтын болған.
Қамшы қазақтың тұрмысы мен мәденитінде үлкен орын алады. Сондықтан қызы ұнап, құдасымен сөз байласқан келушілер қолындағы қамшысын үйдің оң жағындағы керегесіне іліп кетеді. Салт бойынша қыз жақ жауабын беруі тиіс. Егерде қыз әкесі келісімін берсе, қамшы сол орнында ілулі тұрады. Ал, құда болуға келіспесе, қамшы қайтарылатын болған.

Мына сәулет құрылыстарына мұқият қара. Олар әр дәуірде сәулетшілердің қолымен тұрғызылған. Сол сәулетшілердің көбінің есімдері біздің заманымызға жетпеген. Ал олардың туындыларын біз әлі күнге дейін қызықтап, тамашалаймыз. Ең алып және ұлы құрылыстарды «әлем ғажайыптары» деп атайды. Мұндай ғажайыптардың саны жетеу еді. Солардың тек біреуі – Хеопс пирамидасы ғана біздің заманымызға дейін сақталған.
Мысыр пирамидалары
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадатханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, философиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлемге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.

Қамшыны жасалу жолы, көлемі, әшекейлеп безендірілуне қарай сара ала қамшы, әшекейлі ақ қамшы, алтынды қамшы, шашақты қамшы, ал, ең бастысы, тұтынысына қарай негізінен; қайыс қамшы; дырау қамшы деп бөлінеді.
Атқа мініп, мал баққанның барлығы қамшы ұстаған. Дегенмен құл иеленуші қоғамда құлдықтағыларды ұру үшін пайдаланылғаны рас. Қылмыс жасаған адамға қамшымен дүре соғылған. Сол себепті көшпелі халықтарда қамшыны малға, бас бостандығы жоқ адамдарға — құлдарға немесе қылмысы үшін айыптыларға ғана жұмсаған. Бақсы-балгерлер болса, оны адамды ұшықтау үшін қолданған. Қамшының мұндай түрін «сарала қамшы» деп атаған.
Әшекейлі ақ қамшы – сабы ақ күмістен сәнделіп жасалған қамшының түрі. Оны көбіне әйелдер ұстаған.
Атбас алтын қамшы - сабы да өрімі де алтынмен апталып, күміспен күптеліп жасалған, сабына березе тәрізді асыл тас орнатылған, атбасын бейнеленген қамшының ерекше түрі. Алтынды қамшының бұл тәрізді түрлерін әлеуметтік мәртебесі аса жоғары ел сұраған хан, сұлтан; ел құраған билер мен бектер, сондай-ақ ел ішіндегі аса қадірлі тұлғалар ұстаған деуге болады.
Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде астында терең мәйітхана орналасқан пирамиданы Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 146 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.
Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым.

Жарайсыңдар!




Сергіту сәті.

Сергіту сәті «Қара жорға» биі

«Қара жорға» биін бірлесіп билейді

Жарайсыңдар

«Қара жорға» әні

Сабақтың соңы

Қорытынды. Жасаған жұмыстарындағы кездескен қиыншылықтар мен ой бөлісу.
Рефлексия:

Үй жұмысы: Мысыр пирамидасын бейнелеу.


«Жүрек жылуы» әдісі бойынша ой қорытып, сабаққа рефлексия жасайды
.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет