Сабақтың тақырыбы Себеттегі жемістер Оқу бағдарламасына сәйкес



бет9/11
Дата21.09.2024
өлшемі5,73 Mb.
#204836
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Сабақтың ортасы

Cергіту сәті

Мұғалім оқушыларға тұрмыстық қалдық заттар туралы мәлімет беріп өтеді.
Кез-келген үйде пластикалық бөтелкелер бар. Ал олардың табиғатқа, адамзатқа жалпы бүкіл әлемге тигізетін зияны белігілі. Пластиктің ыдырауы екі жүз жылға жуық уақытты алатыны белгілі.
Пластмассалар жерге түскеннен кейін ұсақ бөлшектерге бөлініп, қоршаған ортаға өндіріс кезінде оларға қосылған химиялық заттарды шығара бастайды. Бұл хлор, әртүрлі химиялық заттар. Жер асты сулары арқылы пластиктің микрогранулалары және оның құрамындағы химикаттар су көздеріне енеді, бұл көбінесе жануарлардың жаппай қырылуына әкеледі.
Сондықтан бұл бөтелкелерден қажет болатын әртүрлі бұйым жасауға болады. Мысалы, гүлдерге арналған құмыралар. Бөтелкенің жоғарғы бөлігі кесіліп, оның түбінде 8–10 тесік жасалады.

Бетін кез-келген жолмен безендіреміз. Ол үшін әртүрлі пішіндегі және мөлшердегі таспаларды, жіптерді, шілтерді, моншақтарды қолдануға болады.

Балалардан жылдың қай мезгілі екенін, күз мезгілі несімен басқа жыл мезгілдерінен ерекшеленетінін сұрау. Күзде барлық жеміс-жидектер, көкөністер пісіп, оларды жинау науқаны басталады. Күз айларын молшылық, береке, мереке сыйлайтын мезгілге жатқызатынымызды айтып түсіндіру.


Бүгін жемістер мен көкөністерді ермексаздан жасайтынын хабарлау. Жұмыс барысында қай бала жеміс пен көкөністердің қай түрін жасайтынын таңдап алады. Жеміс пен көкөністің түрін жасау үшін ермексаздың қандай түсін таңдайтынын көрсетеді. Жеміс пен көкөністердің пішіндері әртүрлі болатындықтан балалардан сәбіздің пішіні қай геометриялық фигураға ұқсайтынын, сондай-ақ картоп, қызылша, шалқандардың пішіндері неге ұқсайтынын сұрап анықтау.
Балалар мүсіндеу кезінде қандай тәсілді қолданатынын айтады. Сілтемеде берілген үлгі бойынша жемістермен-көкөністердің жасалу жолын көрсетіп, түсіндіріп беру.

Мұғалім оқушыларға сабақ арасында сергіту сәтін ұйымдастырады.



Дайын болған жемістер мен көкөністердің мүсінін үстел үстіне қойып, «Біздің өнім» атты көрме ұйымдастырады. Балалармен бірге жұмыстарды бағалап, кімнің жұмысы сәтті шыққанын анықтап, сабақты қорытындылау.

«Қызыл қоңызды» жасауға кіріседі.


  1. Пластикалық бөтелкелерді маркермен түбі жағын түзу етіп, айналдыра сызып шығамыз.

  2. Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, сызық бойымен қайшымен кесіп аламыз.

  3. Кесілген бөтелке түбінің бөлшегін гуашь немесе акрил бояуымен іш жағынан қалаған түстермен бояп шықса болады.

  4. Оның сырт жағын аударып, қызыл қоңыздың қара дақтарын қылқалам арқылы бояумен нүктелеп жағып шығамыз.

  5. Енді басын ермексазбен домалақ пішініне келтіре отырып, көзі мен мұртшаларын жапсырамыз.

Дайын болған қызыл қоңыздың дене бөлшегімен басын біріктіре жапсырамыз. Міне, біздің тамаша туындымыз дайын болды!

Оқушылар көкөністер мен жемістердің эскиздерін орындап, ермексаз түстерін араластыру және қарапайым геометриялық пішіндерді еске ала отырып жемістерді мүсіндейді. Ол үшін қажет материалдарды дайындайды. Ермексазбен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы түсініп, әртүрлі пішіндегі заттарды мүсіндеу тәсілдерін ұқыптылықпен, эстетикалық талғамға сай орындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет