Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет28/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)
118382
Ар-намыс дауы
Бұл көріністі патриархалдық-рушылдық қарым-қатынастың баяу да болса біртіндеп ыдырай бастауының нышаны деуге болады.
Таптық қоғамда жан мен мал үшін ғана емес, ар-намыс үшін де айтыс-тартыстар жиі болған. Өйткені бай тап, билеуші топ халықты материалдық қана емес, рухани жағынан да қанап, жаншып келген. Біреу малға, біреу басқа тапшы. Осыған орай қазақ қауымында жарлыны басыну, әйелді қорлау, жалғызды кемсіту сияқты уақиғалар жиі кездесетін. Халық өкілі кезекті сөзге келгенде қатерлі жау, қаһарлы хан алдында да тілін тартпаған, ер шекіспей бекіспейтіндігін, теңдікке жағаласпай жалынып жетпейтіндігін түсінген.
Жағалбайлы Жантай бай есігіндегі жалшысы Қуатбекті жазықсыз сабап басын жарады. Басын қорғап жүргенде Қуатбектің қолы тиіп, Жантайдың тісі сынады.
Жантай өз қылығына қарамай атақты билерді шақырып, Қуатбекті жазалауды талап етеді. Сонда Қуатбек билерге былай дейді:
Жағалбайлы Жантайға Қанжығалы Бөгенбай,
Жалданып ем бір тайға. Қаз дауысты Қазыбек,
Жарытпады асына, Қошқарұлы Жәнібек!
Жара салды басыма. Бірің балға, бірің төс,
Жағаласып жүргенде, Бірің айт та, бірің кес,
Қолым тиді тісіне. Сөзің шекер, тілің бал,
Қаракерей Қабанбай, Ақыретті ойлай кес!
Сонда төрт би кеңесіп «шындыққа өлім жоқ» деп байдың дауын аяқсыз қалдыруға ұйғарды.
Біз Қуатбектің бұл сөзінен жалшылардың жартымсыз жалақысын, олардың асқа жарымайтын ауыр жағдайын және байлардың малайларын қалай қорлайтынын көреміз. Адалдықпен айтылған батыл наразылық қана Қуатбекті арашалап қалады. Билер халықтан қаймығып жазықсыз жанды жазаға кесе алмайды; сонымен қатар Жантай байға айып бұйыруға да бармайды.
Антогонистік таптарға бөлінген қоғамда адамның өмірі бір қалыпта тұрмақ емес. Әсіресе барлық тіршілігі баянсыз дәулетпен, мал шаруашылығымен байланысты қазақ елінде тұрмыс тұрақсыз болған. Бірде бар, бірде жоқ, бірде аш, бірде тоқ тұру қазақ шаруалары үшін әдетке айналған. Ертегі-аңызда екінің бірінен кездесетін «опасыз жалған», «баянсыз дүние» деп өмірден түңілу, торығулар содан туған.
Ар дауы
Ар дауы жеке адамдар арсындағы намыс жыртумен шектелмейді. Жер, жесір, құн, мал дауларының бәрінде де бір жағынан дүние-мүлік таласы, екінші жағынан атақ-абырой үшін тартыс жатады. Әсіресе ел-елдің арасында жүргізілетін елшілік-келісім сөздерде елші ең алдымен елінің намысын қорғайды. Өйткені жердің бүтіндігі, елдің дербестігі, әр халықтың өзін-өзі билеу правосы және табан ақы, маңдай терімен тапқанына өз иелігі, сайып келгенде, әр халықтың өмірлік мүддесі, ары мен намысы болып табылады. Елдің намысын қорғауға арналған сондай ар дауының бірі – Қазыбектің қалмақ ханына айтатын сөзі.
Сен темір де, мен көмір, Егесетін ер шықса,
Еріткелі келгенмін. Еліткелі келгенмін.
Екі еліктің баласын Тұтқыр сары желіммін,
Теліткелі келгенмін. Жабысқалы келгенмін.
Жаңа үйреткен жас тұлпар Табысқалы келгенмін.
Жарысқалы келгенмін. Табысуға келмесең,
Танымайтын заттарға Тұрысатын жерінді айт,
Танысқалы келгенмін. Сен қабылан, мен арыстан,
Қазақ, қалмақ баласы Алысқалы келгенмін.
Бұл шешендік сөзде қазақ елінің тыныштықты, тату-тәтті көршілікті тілейтіндігі көрінеді. Екі еліктің баласын теліткелі келгенмін деп бейнелеу арқылы қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенін білдіреді. Бірақ елдің өкілі – елші бейбітшілікті жалынып-жалбарынып сұрамайды, халықтың ар-намысын, абыройын жоғары ұстайды. Жат елде, жау алдында басы қатерде тұрса да, табысуға келмесең, тұрысатын жеріңді айт, алысқалы келгенмін, бірақ ойлан сен – қабылан, мен – арыстан деп елінің күшін ескерте, абыройын көтере сөйлейді. Ондай елшіге, әрине, өлім жоқ. Асылы, адам шынайы достыққа кішілікпен жетпейді, кісілікпен жетеді. Халықтар арасы да сондай. Кісі кемсініп сөйлеуден ұтпайды, теңсініп сөйлеуден ұтады. Бұл ереженің елдер арасындағы елшілік сөздерге де қатысы бар.
Сөйтіп, шешендік даулар екі кісі арасындағы мал-мүлік үшін болатын дау – талаптан бастап екі ел арасындағы дипломатиялық – мәмлегерлік сөздерге дейін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет