Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық:сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: жан-жануарлар мен құстарға қамқор болуға талпынады. Қоршаған ортаны қорғауға үйренеді.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы (1–7 мин)
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал орнату.
Қолдау
257
Біз Отанның гүліміз, Туған жердің нұрымыз. Тәуелсіз біздің еліміз,
Қазақстан бай жеріміз.
Оқушылар өлеңді мұғаліммен бірге шапшаң, баяу, сыбырлап қайталап айтады.
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «И» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер.
Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«И и» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«И и» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.
Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «тиін» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Балалар орманға барды. Орманнан тиінді көрді. Тиінге жаңғақ берді. Тиін жаңғақты алды».
Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Орманнан тиінді көрді.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 3 сөз бар.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «тиін» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «ти-ін» деп буынға бөледі.
«Ти-» бірінші буынын айтып, қай дыбыстың созылып айтылып тұрғанын табады.
«И» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.
Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Суреттер, оқулық Сызба
258
а
й
г
ө
л
е
к
Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.
«И» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.
«И» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.
Түймелерден «и» әрпін жасау.
7. Түймелерден «и» әрпінің сұлбасын жасайды.
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
Әріптің баспа, жазба түрі
Түймелер
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. (МК, Ұ, Ө) Оқылым. Оқулықтың 80-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.
«И» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (ие – иек), сөз алдына (ит – кит) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Оқушыларға қолдау көрсету.
Сызба, оқулық
Оқулық
(МК, Ө) Жазылым Оқулықтағы «и» әрпінің таңбалануына назар аудару.
«И» әрпін тақтаға жазып көрсету.
«И» әрпін ауада жазып көрсету.
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы
«и» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.
Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-
шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –
Мақтау, қолдау
Жазу дәптері
«Жарайсың!», «қызыл» түс –
«Ойлан!».
Сабақтың соңы (7 мин)
Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:
деңгей:
Суреттердің және сөздің дыбыс сызбасы арқылы жаңа сөзді тауып көр.
деңгей:
«И» дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықта.
деңгей:
Киік, инелік, итмұрын сөздерінің бірімен сөйлем құра.
«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмысМұғалімнің жаңылтпашпен жұмысты QR-пен немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Сұрақ-жауап әдісі арқылы бүгінгі сабақта өтілген жаңа дыбыс пен әріп туралы оқушылардың білімін бекіту.
Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.
деңгейдегі оқушылар суреттердің және сөздің дыбыс сызбасы арқылы жаңа сөзді табады: киік.
деңгейдегі оқушылар «и» дыбысы киік, инелік, итмұрын сөздерінің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықтайды.
деңгейдегі оқушылар киік, инелік, итмұрын сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.
Оқушылар жаңылтпашты тыңдайды.
Жаңылтпашта жиі кездесіп тұрған дыбысты анықтайды.
Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.
Рефлексия тақтайшасы
сабақ
259
Бөлім: Әліппе кезеңі
Педагогтің аты- жөні:
Күні:
Сынып: 1
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
И дыбысы және әрпі
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер
Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады; сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қояды;
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: табиғатты, жан-жануарлар, құстарды, қоршаған ортаны қорғауға талпынады.