Сабақтың тақырыбы: Сөздің лексикалық мағыныларынан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі79,53 Kb.
#6696
түріСабақ
Қарағанды облысы

Балқаш қаласы

«Жалпы білім беретін №9 орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ерубаева Бахытжан Сериковна

Сабақтың тақырыбы: Сөздің лексикалық мағыныларынан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: Сөздің мағынылары жайында алған түсініктерін пысықтау, ой-өрісін, дүниетанымын, сөздік қорын дамыту, рухани - адамгершілік , имандылыққа шақыру, жаман нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: өткен тақырыпты пысықтау

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі қағаздар

Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, плакат, магнитті тақта, маркер, стикерлер.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырма,тест, семантикалық карта.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылардың назарын сабаққа аудару

ә) сабақтың тақырыбы, оның мақсат - міндеттерін таныстыру



Сабақ барысы:

1. «Жорға» (жедел жауап)

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. «Көркем сурет»

4. «Мақалды жалғастыр» (инт. тақтада)

5. «Кім жылдам?» (плакат)

6. «Талдау – табыс кілті» (сергіту сәті)

7. «Сәйкестердіру тесті»

8. «Өздік жұмыс»

9. «Семантикалық картамен жұмыс»

10. «Шығармашылық жұмыс»

11. «Оқулықпен жұмыс»

12.Қорытынды «Тест»

1. Оқушыларды бағалау

2. Үй тапсырмасын беру

«Жорға» (жедел жауап)

1.Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс. (У дыбысы)

2.Дауысты дыбыс нешеу? (12 дауысты дыбыс бар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э)

3.Жазамыз және көреміз? (әріп)

4.Қазақ тілінде неше жалғау? (көптік,септік, тәуелдік, жіктік)

5.Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Кімдер? Не? Нелер?)

6.«Ұзын» сөзінің антонимі? (Қысқа)

7.«Батыр» сөзінің синонимі? (Ержүрек)

8. «Қосаяқ» сөзінің жасалуы? (Күрделі, біріккен сөз)

9. Омоним дегеніміз не? (Айт.дыб.жазыл, бірдей бірақ мағ.басқа сөздер)

10. Синонимдер дегеніміз не? (Айт.жазыл.дыб. әр түрлі,бірақ бір ғана мағ. береді)

.........___Түн_-_.........'>Үй тапсырмасын пысықтау:
Омоним, синоним, антоним кездесетін мақал-мәтелдер жазу.


Терең көл - .........

Түн - .........

Жаз - ........

Күн - ........

«Мақалды жалғастыр»

Мақал-мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді орнына қой, ол қай сөзбен антонимдік мағына құрайды?


  • Арқанның ұзыны жақсы, әңгіменің ...... жақсы.

  • Дұшпанға тастай қатты бол, ....... балдай тәтті бол.

  • Жолдасы жақсы жолды болар, жолдасы ...... қолды болар.

  • Ақыл - дос, ашу - ........

  • Ақымақ ішкен - жегенін айтады, .......көрген - білгенін айтады.

  • Көп сөз – күміс, ..... сөз-алтын.

  • Қыс арбаңды сайла, ...... шанаңды сайла.

  • Жақсылық ағаш басында, .. ... ...аяқ астында.


Қысқасы, досқа, жаман, дұшпан, ақымақ, аз, жаз, жамандық.

Төмендегі антоним сөздерді жұп – жұбымен жаз (плакатта орындалады)

Қара, бар, қол, семіз, жоғары, жақсы, кіші, төмен, аяқ, алыс, үлкен, кеш, арық, жақын, жаз, ерте, жоқ, нашар,қыс, ақ.

Қара — ақ жақсы – жаман

алыс – жақын кіші – үлкен

кеш – ерте жаз — қыс

бар – жоқ қол – аяқ

семіз – арық жоғары – төмен
«Талдау- табыс кілті» «Көрікті» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Көрікті -7 дыбыс, 7 әріп, 3 буын, 3 дауысты, 4 дауыссыз

К- дауыссыз, қатаң

Ө –дауысты,жіңішке, ашық, еріндік.

Р – дауыссыз, үнді

І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік

К- дауыссыз, қатаң

Т – дауыссыз, қатаң

І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік


Мағынысы бір-біріне қарама-қарсы сөздерді сәйкестендіріңдер

Қысқа жең ауру

Алыс қымбат

Арзан жеңіл

Ауыр аласа

Жаз ыстық

Суық жақын

Биік ұзын жең

Сау қыс

Өздік жұмыс

Төмендегі сөздерді антоним, омоним, синоним тобына бөліп жазыңдар.

Омоним: Көз, арық, жүз, бас, қас

Синоним: әдемі, берік, тағам, нәресте,тез.

Антоним: жоғары, кеш, жақсы, ыстық, ащы


Семантикалық картамен жұмыс:


Мысалдар

Зат есім

Сын есім

Есімдік

Етістік

Үстеу

Жоғары-төмен















Күн – түн















Қуану – ренжу















Анау – мынау















Ақ - қара















Шығармашылық жұмыс:

«Күз келбеті» тақырыбына омоним, синоним, антоним сөздерді кірістіріп шағын мәтін құрау.


Таратпа материалдармен жұмыс:

Синоним сөздерді тап.

«Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр»


Омоним сөздерді тап.

«Біздің қарамызды көрген соң, олар қолын бұлғап шақырды»





Антоним сөздерді тап.

Байлықтың атасы-еңбек, анасы – жер.


Мақал – мәлелдерден сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз.

Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас (Абай).


Биік, асық, жаңа,жас сөздеріне әр түрлі қолданыста сыңар тауып жазыңдар.

Биік тау – аласа тау жақсы асық – жаман асық

Жаңа киім – ескі киім жас жілік – кәрі жілік

Қорытынды:

1. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы...
*а) сөздік құрам ә) мәтін б) лексика
2. Антонимді тап.
а) сулы – сусыз *ә) сулы – құрғақ б) сулы - сулы емес

3. Ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөзді тіл білімінде...
а) лексика ә) көп мағыналы *б) табу
4. Ойды бейнелеп әрі тұспалдап және ишара түрінде айтылған сөзді...
а) мақал ә) сөздік қор *б) мәтел
5. Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер....
а) кірме сөздер *ә) жаңа сөздер б) тіркес сөздер

Рефлекция:

Сабақ өте жақсы өтті Жақсы өтті Нашар өтті



Бағалау: Сабаққа қатысып отырған оқушыларды білімдеріне қарай бағалаймын.

Үйге тапсырма: 100 – жаттығу, ереже жаттау.

Қосымша:

«Тапқыр болсаң, тауып көр» (Қайсысы қай мағынада?)

1. Тәтті ұйқы, тәтті қиял, тәтті алма.

2. Ашық аспан, ашық әңгіме, ашық мінез.

3. Иненің көзі, байлықтың көзі, адамның көзі.

4. Өткір ой, өткір мінез, өткір пышақ.

5. Алыс арман, алыс туыс, алыс жер.

Кеше туған бөлемді,



Анасы бесікке бөледі.
Бөле – зат есім, туыстық атау.

Бөле – етістік, бесікке жатқызу деген мағынада.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет