Сабақтың тақырыбы: Спорт-өмір көркі. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Модуль бойынша алған білімдеріне



Дата28.06.2017
өлшемі48,07 Kb.
#20509
түріСабақ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Урунбаева Зайра Темірболатқызы

Сынып: 3 «А»



Сабақтың тақырыбы: Спорт-өмір көркі.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Модуль бойынша алған білімдеріне

қорытынды жасау, оны мысалдар арқылы дәлілдей білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Алған білімдерін саралау, кем тұстарын анықтап толықтыру.

3.Тәрбиелік: Спорт түрлерін білуге, спортпен айналысуға  тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, интерактивтік тақта,үнтаспа.

Сабақтың әдіс-тәсілі: ой қорыту, сұрақ-жауап,ойын,сахналық көрініс.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу: Амансың ба, аспан ата!

Амансың ба, жер-ана!

Амансың ба, ессенсің бе,

Амансыздар ма, құрметті қонақтар!

Бүгінгі мемлекеттік тіл сабағымыздың тақырыбы: Спорт-өмір көркі.

Сабағымыздың негізгі мақсаты: алған білімдерімізді ортаға салып, жинақтап, нәтиже сабақты өткізу, оқушылардың танымдық қабілетін анықтау, сауатты мемлекеттік тілінде жазу, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Слайд «Спорт-өмір көркі»

Балалар, бұл сөздердің мағынасы қандай? Қалай түсінесіңдер? Осы сөздердің ішінде қандай сөздер таныс? Осы сөздердің ішінде «спорт» біздің сабағымыздың негізгі сөз. (Дәптерге жазу)

Ал спорт деген не?(слайдтер)

Балалар! Бүгін біздің сабағымызға атақты спорттың символы Барыс қонаққа келді.

-Сәлеметсіздер ме! Қалдарын қалай?  Мен сіздерге қонаққа келдім. Сіздер туралы көп жақсы сөздер естідім, жақсы оқисыңдар, қазақ тілінен  жақсы баға аласыңдар. Ал, кәнеки, көрсетіңдер маған, өз өнерін. Менің қолымда алтын сандық. Бірақ ол сиқырлы. Оның ішінде тапсырмалар бар.



Мұғалім: Жақсы, Барыс. Біз бәрін орындауға тырысамыз. Балалар, уәде береміз бе? Жақсы.

Барыс: 1 тапсырма: Сұрақтарға жауап бер:

1.Сен қандай  Қазақстан спортшыларын білесің?

2.Олимпиада чемпиондарын ата

3.Қысқы Азия ойындары қашан өтті?

4.Қай қалаларда өтті?

5.Саған қандай спорт түрі ұнайды?

6. Сен қай спорт түрімен айналысасың?

7.Біздің мектебімізде қандай спорт үйірмелер бар? (слайдтер)



Барыс: 2 тапсырма: Керекті әріпті жаз

Б.., үй..рме, денс..улық, ..нер,ша...ғы, ж..зу, ой..ндар, спортш... .



Сергіту сәті:

 Кәне,балалар,тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бір отырып,бір тұрып

Біз демалып қаламыз.



Барыс:3 тапсырма: Балалар! Сендер қазақ халқының ұлттық ойындарын білесіңдер ме? Атап қояйық ше.(слайд көрсету)

Ал қазір мен жігіттерді ортаға шақырамын. «Арқан тарту»

Үнтаспадан Ерболат Қүдайбергеновтың әні «Ау, жігіттер, жігіттер!

Жігіттер екіге бөлініп, сөздерді аударады.Мен сөз айтамын, сендер аударып өзіне тартасыңдар. Түсінікті ме?Бастайық.

Өнер-искусство, би-танец, күрес-борьба, мықты-крепкий, күшті-сильный,

ойын-игра, жарыс-соревнования, бәйге-конные скачки,  дойбы-шашки, шаңғы-лыжи.



Барыс: Жақсы, балалар, ойынды ойнау білесіңдер, сөздерді аударуды да білесіңдер. Спорт туралы өте көп мәлімет білесіңдер. Ал мен соңғы  сандықтан не аламын? Қалай ойлайсыңдар? Дұрыс . Ол бағалар (Баға қою.)

Ал мен сіздермен қоштасамын. Сау болыңыздар!



Мұғалім: Біздің қазақ тілінен ая бойынша спорт тақырыбы «Өнер» аясынына жатады.  Біздің қазақ тілі үйірмесінің қатысушылары бір сахналық көрініс дайындады. Тамашалайық.

Алдар Көсе мен Бай.

Бір күні жазда Алдар Көсе қой бағады. Дала ыстық. Қойлар жан-жаққа таралып жүреді.

Алдар Қөсе қараса, ауыл жақтан бай келе жатыр.

Бай Алдар Көсеге :

Эй, Алдар сен бәрін алдайсың ғой. Кәне, мені алдашы.

Алдар Көсе байға қарап:

Байеке, мен сені алдай алмаймын.

Бай: Неге?

Алдар Көсе: Мен адам алдайтын ағаш таяғымды үйде қалдырдым.

Бай: Ал барып кел.

Алдар Көсе: Қалай барамын? Қойларымды қайда жіберемін?

Бай: Жарайды. Мен қарап отырамын.

Алдар Көсе: Мен тез әкеле алмаймын.Жаяу көп жүремін.

Бай: Жарайды. Менің атымды ал. Ол тез сені әкеледі.

Алдар Көсе байдың атына мініп, жымиып, тез ауыл жаққа ұмтылды.

Бай қой бағып қалды. Бір сағат күтеді, екі сағат күтеді. Бай ауыл жаққа қарап қояды, бірақ Алдар Көсе жоқ.

Сонда ғана бай түсінді:

О-о-ой мені алдады! Алдар мені алдады! О-О-О.



Сабақты бекіту: Балалар! Бүгін сабақта біз қандай тақырыпты қайталадық. Не білдік? Не жаңа өзіне алдық?

Үйге тапсырма: 1 қазақтың ұлттық ойын туралы тауып, мазмұндау.

Баға қою.

ММ « № 10 орта мектебі»



Ашық сабақ

«Спорт-өмір көркі»

3 сынып
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Урунбаева Зайра Темірболатқызы

Жітіқара қаласы



2016-2017 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет