7 сынып. Нәтиже сабағы.
Сабақтың тақырыбы: Табиғат тамашасы.
Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтармен байланыстыра отырып, алған білімдерін пысықтау. Қазақстан табиғаты, өзен – көлдері, таулары, жан – жануарлары туралы білетіндерін қосымша материалдар арқылы толықтырып, олардың атауларын қатесіз жаза білу үшін жазба жұмыс түрлерін қолдану.
Сабақта меңгерген білім – дағдыларын іс жүзінде пайдалана білуге, тапсырмаларды өздігінен және қатесіз орындауға дағдыландыру. Мәтінмен жұмыс, жазба жұмыстары түрлі жаттығулар арқылы оқушылардың сөздерді есте сақтап, тіл байлықтарын дамыту. Сабақ барысында қолданылатын түрлі ойын түрлері, шығармашылық жұмыс түрлері арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттырып,ой - өрісін, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғатты қорғауға, жануарлар әлемі туралы көбірек біліп, оларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу. Табиғаттың әрбір мүшесінің баға жетпес байлық екенін түсіндіру. Табиғатқа байланысты айтылған өлең – жыр, нақыл сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, балаларды туған жерін қорғауға, оның табиғатын сүюге, жан – жануарларына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, іскерлік дағдыны қалыптастыру тәсілдері, түсіндіру, аударма және әңгімелеу әдістері.
Пәнаралық байланысы: география, биология, тарих, т.б.
Сабақтың көрнекіліктері: табиғат көріністері, есімдіктер жазылған парақшалар, кітаптар, қанатты сөздер жазылған плакаттар, тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар, бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сабағымыздың мақсаты сөздердің табиғат, жануарлар әлемі туралы білетіндеріңді толықтырып, сендердің шығармашылық қабілеттеріңді байқау, құстар мен жер – су аттарын есте сақтап, қатесіз жаза білуге үйрету.
Үй жұмысын сұрау кезеңі:
- Балалар, үйге берілген тапсырма бойынша “Қызыл кітапқа” жазылған, сирек кездесетін жан - жануарлар, құстар туралы не білеміз, оны сабақ барысында көрсетеміз.Қазір сендерге мынадай сөздерге қазақша аудармасын атау керек:
Лось – бұлан, суын. Лебедь - аққу
Олень – бұғы филин - үкі
Косуля - елік ястреб- қаршыға
Жаңа сабақтың барысы:
- Мына әсем табиғатқа қараңдаршы (тақтада табиғат көрінісі), мынадай тамаша табиғатта болып көрдіңдер ме?
- Не деген тамаша!
- Мына өзенді қарашы, суы қандай?
Ал осы біз тұратын жерде су көзі (өзен, көл) бар ма?
Ал табиғаттың әрбір құрылысы біз үшін қандай?
Енді, балалар, мына сөздерді - Земля, Вода, Огонь, Воздух аударыңдар. Жер, су, от, ауа – бұл табиғаттың 4 бөлегі. Сол сияқты тапсырмалар да 4 – бөлімнен тұрады.
бөлім: Жер – Ана тапсырмасы.
“Жақсы болсаң, жердей бол, бәрін шыдап көтерген”
“Салмақта тапсырма”
“Қызыл кітап” туралы айтып беріңдер.
Қызыл кітап – сөз тіркесін септеңдер.
бөлім: Су - Ана тапсырмасы.
“Таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген”
“Таза, қатесіз тапсырма”
Тақтада қатемен жазылған сөздердің қатесін тауып, қатесіз дәптерге жазып алу.
Ағашдар,арал тенізы, қояң, еліқ, ,шоль, Ала – тау, тибигат, усімдиктер,кошаган орта, туз, жанұардар.
бөлім: От - Ана тапсырмасы.
“Отан оттан да ыстық”
“Ең ыстық тапсырма”
Берілген мәтінді орыс тілге аударыңдар.
Дүниедегі ең үлкен жануар – кит. Бір ересек киттің салмағы 25 пілдің салмағымен бірдей. Бір киттің өзінен 70 тонна ет, 35 тоннадай май шығада. Киттің салмағы - 150 тоннаға жетеді. Суда тіршілік еткенімен, кит балық емес.Ол балаларын тірі туып, емізіп өсіретін сүткөрікті аң.
бөлім: Ауа - Ана тапсырмасы.
“Жеңіл тапсырма”
“Жаңылма, айт” ойыны. Бірінші ойыншы бір жануардың атын атайды. Екінші ойыншы оны қайталап, үстіне тағы да бір аңның атын қосып атайды. Осылай сөз қосылып, көбейіп отырады. Жаңылған бала ойыннан шығады.
Қорытынды.76 бет 2- тап., 78 бет 4 –тап. Бойынша қорытындылау.
Үйге тапсырма. 78-79 бет Тест.
Оқушыларды бағалау.
1 - бөлім: Жер – Ана тапсырмасы.
“Жақсы болсаң, жердей бол, бәрін шыдап көтерген”
“Салмақта тапсырма”
“Қызыл кітап” туралы айтып беріңдер.
Қызыл кітап – сөз тіркесін септеңдер.
- бөлім: Су - Ана тапсырмасы.
“Таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген”
“Таза, қатесіз тапсырма”
Тақтада қатемен жазылған сөздердің қатесін тауып, қатесіз дәптерге жазып алу.
Ағашдар, арал тенізы, қояң, еліқ, ,шоль, Ала – тау, тибигат, усімдиктер,кошаган орта, туз, жанұардар.
- бөлім: От - Ана тапсырмасы.
“Отан оттан да ыстық”
“Ең ыстық тапсырма”
Берілген мәтінді орыс тілге аударыңдар.
Дүниедегі ең үлкен жануар – кит. Бір ересек киттің салмағы 25 пілдің салмағымен бірдей. Бір киттің өзінен 70 тонна ет, 35 тоннадай май шығада. Киттің салмағы - 150 тоннаға жетеді. Суда тіршілік еткенімен, кит балық емес.Ол балаларын тірі туып, емізіп өсіретін сүткөрікті аң.
- бөлім: Ауа - Ана тапсырмасы.
“Жеңіл тапсырма”
“Жаңылма, айт” ойыны. Бірінші ойыншы бір жануардың атын атайды. Екінші ойыншы оны қайталап, үстіне тағы да бір аңның атын қосып атайды. Осылай сөз қосылып, көбейіп отырады. Жаңылған бала ойыннан шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |