Сабақтың тақырыбы Табиғатқа саяхат Сабақтың жалпы мақсаты



бет10/18
Дата22.01.2017
өлшемі3,5 Mb.
#7574
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Қағазбен жұмыс ісеу

Сабақтың жалпы мақсаты



Білімділік: оқушыларға ағаздың маңызы жайлы білім беру.
Дамытушылық: Қағазбен жұмыс істеулерін жетілдіру, дамыту.
Тәрбиелік: Құттықтау хаттар арқылы оқушыларды сыйластыққа, әсемдікке, әрбір адаммен дұрыс қарым – қатынас жасауға, үнемділікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

сұрақ- жауап , түсіндіру .

Көрнекіліктер



ермексаз, тақтайша сұрақ- жауап , түсіндіру .




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Түйе боздап, қой қоздап қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду - ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақ бойынша қалыпты тігуді аяқтау .

Қызығушылықты ояту



Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Қағаз пластикасымен жұмыс істеу үшін ең алдымен қағазды дұрыс бүктеу, қаттау және ию тәсілдерін меңгеру керек. Жұмыс істеуге өте қолайлы болып келетін түрлі түсті қағаздарды пайдаланған жөн.


Қағаздан әр түрлі бұйымдар жасауды сендер 1 - сыныптан бастап үйреніп келесіңдер. Қағаздан жеке - дара қарапайым жәндіктер мен құстардың бейнесін жасап үйрендіңдер. Енді солардың күрделі түрлеріне көшеміз.
Сюжеттік көріністі әр түрлі қағаздарды бүктеу арқылы жасап көрейік. Гүлге қонған көбелек бір түсті болмауы тиіс. Сонымен қатар олардың ішінен ерекшелігіне де жете назар аударуымыз керек. Әрбір көбелектің пішіндік ерекшелігіне және формасына байланысты қағазды ұқыпты бүктеу арқылы көбелектің көлемді формасын жасаймыз. Мұнда сендер бірнеше көбелектер мен гүлдердің түрін қағаз пластикасынан жасап үйлестірулерің керек.
Мұнда сендер қағазбен жұмыс істеудің күрделі түрімен танысасыңдар. Қағазды бүктеу, орау, июдің бірнеше қайталанып келетін түрлерін көреміз. Жұмыс істеу кезінде өте ұқыпты, мұқият болмасаңдар, шатасып қалуларың мүмкін. Сондықтан әрдайым бүктейтін орындар мен қағаз орамдарды белгілеп отырған дұрыс. Қағаздан жасалатын бұйымның көлемдік жағына байланысты қағаз бері ішке қарай немесе кері бүктелуі мүмкін. Ал кейде қағаз орамы бірнеше рет қайталанып келуі де ықтимал. Сондықтан бүктеу тәсілдерінен шатыспау үшін оны қарындашпен үзік сызықтар арқылы белгілеген орынды.

Қағаз пластикасымен жұмыс істеуге өте қолайлы болып келетін түрлі түсті қағаздарды пайдаланады.


Ой шақыру.
Балалар қазір қандай мезгіл?
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Сұрағы бойынша топтау әдісін пайдаланып, білгендерін қағазға түсіру.

Ой толғаныс

Сурет бойынша жұмыс.
Практикалық әрекет
Оқушылардың жұмысын суретке ілу, қорғау.
Рөл
Аудитория
Форма
Тақырып
Көктем көрінісін суреттейтін өлеңді аяқтау.
....................... көңілді,
....................... төгілді.
....................... ашылып.
........................ көрінді.

Үйге тапсырма беру.

Қағазбен жұмыс істеуді аяқтау .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .

Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Желіммен жұмыс істеу

Сабақтың жалпы мақсаты



Білімділік: желім түрлері және оның алынатын технологиясымен танысу.
Тәрбиелік: оқушылар тақырыпты тыңдар кезінде тұрақты зейінділікке, жұмысты орындау кезінде дәлдікке, желімдеп жасап отырған бұйымға ілтипатпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: желім түрлерін тани білу және желімді даярлау дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекі құралдары:

Әдіс-тәсілдер

сұрақ- жауап , түсіндіру .

Көрнекіліктер



Желім ,қағаз ,ағаш қалдықтары , ермексаз, тақтайша рқ- жауап , түсіндіру .




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Ағаш бөлшектерін желімдеу.
(үлестірмелермен жұмыс істеу)
1. Желіммен құрастырып бекіту қалай жүргізіледі?
2. Ағаш материалдарын қалай үнемдейді?

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақ бойынша қалыпты тігуді аяқтау .

Қызығушылықты ояту



Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Қағаз және қатырма қағаздан нелер жасалады? Кітап мұқабасын неден жасалады?ә) Желіммен жұмыс істеу. Желіммен заттың бір бөлігін екінші бөлігімен біріктіруге болады.Желімді қағазға қыл қаламмен жағады.Заттың бөліктерін желімдеуге желімдегіш қарындаш, ПВА желімін пайдалануға болады.1Егер желімдеуге кеңсе желімін пайдалансаңдар, онда желім жағуды бұйымның ортасынан жағу керек.2Желімдеген парақтардың үстіне таза парақ салып, екі қолмен тегістеңдер.3Жұмыс істеуге үлкен және кішкентай қылқаламдар қажет.б) Еңбек қауірсіздік ережесімен таныстыру.Сендер қайшыны түрлі бұйымдарды қиюға пайдаланасыңдар.1.Қайшыны бір-бірлеріңе тек қана доғал жағымен ұсыныңдар.2.Қайшымен қиған кезде сол қолдың саусақтарының қайшыдан алысырақ болуын қадағалаңдар.3. Қайшыны дұрыс ұстаңдар.



Синтетикалық желіммен жұмыс.


Мұғалім: - Біз өткен сабақтан бастап желім, ағаш бөлшектерін желімдеу деп жатырмыз. Желімді қалай жасайды, қандай түрлері бар деп тоқталмақпын. Біздің ата – бабамыз яғни, қазақ халқының өмірінде мал шаруашылығының пайдасы, маңызы бар. Ашыққанда ас болған да, шөлдегенде сусын болған да, тоңғанда киім болған да, үй болғанда да – бәрі малдың арқасы. Тіпті қазір сөз еткелі отырған желімнің өзінде халқымыз малдан алған.

. Желімдер негізінен екі түрге бөлінеді;


(плакаттан көрсету)
1. Мал өнімінен алынған табиғи желімдер.
2. Синтетикалық яғни жасанды желім.
Бұрынғы ағаш шеберлері желімді өздері жасаған. Ағаш бөлшектерін өңдеуге мал өнімдерінен жасалған ағаш желімі немесе мал сүйегінен жасалған мөлдір желім, казеин желімі қолданылады. Табиғи желім. Мал терісінің шелінен де желім жасалады. Суға қоймалжың етіп қайнатылады. Қайнап жатқанда тұз қосуға, әк немесе бор қосуға болады. Бұл желім құрғақ түрінде болады, қыздыру арқылы дайындайды.
Ал, малдың кепкен майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан сүйек желімін алуға болады. Бұны да, алдымен минералды тұздарын жою үшін өңдеп алады. Содан кейін арнаулы ыдыста қайнатады. Осының нәтижесінде қоюланады. Оны қайнатқан кезде үнемі араластырып отыру керек. Бұл желім көбінесе ағаш шикі - затын желімдеуге арналған.
Бұдан кейін тоқталатын табиғи желімнің түрі – казеин. Казеин желімі – сүт белоктарынан яғни, майы алынған сүзбеден жасалады. Әуелі сүтті ірітіп, оны қайнатып сүзбе алады, желімнің түсі ашық та, қошқыл да бола береді.
Оны сатуға ұнтақ түрінде беріледі. Сатып алғанда шірік иісі шықпау керек. Казеин желімінің бір кемшілігі онымен ағаш бұйымдарын жапсырғанда, түсін өзгертіп, қарайтып жібереді. Сондықтан казеин желімі шыршадан, қайыңнан жасалған бұйымдарды ғана желімдеу керек.
Казеин желімін жасау үшін, сүттен алынған минералды тұз керосин, тотияйын, цемент қоспасы, борды қосып араластырып белгілі бір ыдысқа суға араластырып қайнатылады. Содан пайда болған қоспаны құрғатып, кептіріп, үгіп – үгіп ұнтақ желім жасайды. Ал, пайдаланарда үй температурасындағыдай суға тұз немесе мүсәтір спиртін қосып араластырады. Ешқандай түйіршік болмау керек, қаймақтың қоюлығындай – ақ, сұрғылттау, күлгіндеу болғанда пайдалануға болады, 3 – 7 сағатқа дейін тұрса пайдалануға жарамайды. Желімдейтін бұйымды алдын – ала дайындап бірден жағу керек.

Казеин желімі ағаштан жасалған бұйымды қарайтып, түсін өзгертіп жібереді, сондықтан шыршадан, қайыңнан жасалған бұйымдарды пайдалану керек. Өндіріс те тақта түріндегі желімдерде кездеседі. Оны пайдаланғанда ұсақтап – ұнтақтап сумен араластыру арқылы пайдаланады.


Ал, енді синтетикалық желімге тоқталатын болсақ, суға төзімді, қара күйе, микробтар бүлдіре алмайды.

Ой толғаныс

.. 1. Желімнің қандай түрлері бар? (табиғи, синтетикалық желім).
2. Мал өнімдерінен алынған желімді не дейді? (табиғи).
3. Табиғи желімдердің түрлері қандай? (шел желім, сүйек желім, казеин).
4. Сүйек желім қалай жасалады?
5. Шел желімі қалай болады?
6. Синтетикалық желім түрлерін ата?
7. Казеин қалай алынады?
8. БФ – пен қалай, нені желімдеуге болады?

Үйге тапсырма беру.

Желіммен жұмыс істеуді аяқтау.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет