Мұғалімнің түсіндірмесі:
Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп , зейіндерін , ынта- жігерлерін сабаққа аудару. Тақырыбын таныстыру , мақсатын абарлау . Мұғалім түсіндіруі.
Желіммен заттың бір бөлігін екінші бөлігімен біріктіруге болады.Желімді қағазға қыл қаламмен жағады . Заттың бөліктерін желімдеуге желімдегіш карандаш , ПВА желімін пайдалануға болады.
1.Егер желімдеуге кеңсе желімін пайдалансаңдар, онда желім жағуды бұйымның ортасынан жағу керек.
2.Желімдеген парақтардың үстіне таза парақ салып, екі қолмен тегістеңдер.
3.Жұмыс істеуге үлкен және кішкентай қылқаламдар қажет.
Еңбек қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Сендер қайшыны түрлі бұйымдарды қиюға пайдаланасыңдар.
1.Қайшыны бір-бірлеріңе тек қана доғал жағымен ұсыныңдар.
2.Қайшымен қиған кезде сол қолдың саусақтарының қайшыдан алысырақ
болуын қадағалаңдар.
3. Қайшыны дұрыс ұстаңдар.
1-6 суреттер бойынша күшіктің суретін құрастыру.
1.Үйіңде күшік бар ма?
2.Қағаздан қандай күшік жасайсың?
|