Еңбекке баулу
|
Кабинет:
|
Уақыты:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Қар ұшқыны» аппликациясы
|
Сабақтың жалпы мақсаты
|
Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру.
Білімділік: Тақырып бойынша балалардың сөздік қорын молайту; Сөз, сөйлем ойлау қабілеттерін дамыту; Өз тәжірибесін қолдану арқылы сурет бойынша әңгіме құрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін, түйсігін, сөйлеу мәнерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз жолдастарының пікірін назар салып тыңдай білу дағдысын қалыптастыру.
Сөздік жұмыс: Күртік қар, ұлпа қар.
|
Әдіс-тәсілдер
|
сұрақ- жауап , түсіндіру .
|
Көрнекіліктер
|
Қайшы , мата, түрлі-түсті жіп, ине.
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
6. Тапсырма көздері: Оқулықпен жұмыс, қол өнер, сурет салу.
7. Мақсаты: Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып түсінуге жағдай жасау.
8. Сабақ бойынша жазбалар:
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Өткен сабақ бойынша «Аққала» жұмысын аяқту .
|
Қызығушылықты ояту
|
|
Жаңа материалмен жұмыс.
|
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін, ынта - жігерлерін сабаққа аудару.
тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау. Қағаздан шаршы пішіндерді қиып алып, схема бойынша қар ұшқынын жасаймыз. Жасаған жұмыстарымызды көгілдір қағазға желімдейміз. Сонда аппликация әдемі көрінеді.
Аппликацияны бөлмеге іліп қою үшін қалай толықтыру керек екенін ойланыңдар
Балалар топшаларға бөлініп отырады. Әр топша үшін үстел үстінде 8 – ге бөлінген сурет бөліктері жатыр.
Педагог: - Балалар, енді біздер «Суретті құрастыр» деп аталатын ойынды ойнаймыз.
Балалар бір – бірімен ақылдаса отырып, суретті құрастырады.
- Қане балалар қандай сурет құрастырдыңдар?
Балалардың жауаптары.
- Қар ұшқыны не қаршық, қарға, ақшақар. Педагог осы ретпен суреттерді тақтаға орналастырады.
- Осы суреттердің атауларында қандай ортақтастық бар?
Балалардың жауабы.
- Барлығында «қар» сөзі кездеседі.
Балалар интерактивті тақтадан қысқы ойындар бейнеленген көріністерін видеотаспа арқылы тамашалайды.
Педагог:-- Балалар, осы мезгілге байланысты қар сөзін қатыстырып, тағы қандай сөйлем құрастыруға болады?
- Қар жауып тұр. Жерде күртік қар жатыр. Ағаштар қар жамылып тұр.
Педагог: - Сендер өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар..
|
Ой толғаныс
|
Сурет боынша өлең құрау:
Аппақ --------қар жауар,
--------------------қуанар.
Аққала соғып, жарысып
------------------ балалар.
Автор орындығына отырып қыс мезгілі жайында әңгімелеу. Жағымды және жағымсыз жақтарын айту.
|
Үйге тапсырма беру.
|
«Қар ұшқыны» аппаликациясын аяқтау .
|
Бағалау
|
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
|
Кері байланыс
|
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
|