Сабақтың тақырыбы Табиғатқа саяхат Сабақтың жалпы мақсаты



бет12/18
Дата22.01.2017
өлшемі3,5 Mb.
#7574
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Қағаздан мозаикалық өрнегін құрастыру

Сабақтың жалпы мақсаты



а) білімділік: оқушыларды түрлі - түсті қағаз қиындыларынан саңырауқұлақ жапсырмалауға үйрету. Қайшымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;
б) дамытушылық: қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру, көзбен мөлшерлей білуге, қағазды үнемді пайдалануға дағдыландыру. Алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой - өрісін
дамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
в) тәрбиелік: оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, өзінің жұмыс орнын ұқыпты ұстауға баулу, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу..

Әдіс-тәсілдер

сұрақ- жауап , түсіндіру .

Көрнекіліктер



ермексаз, смайлик , күннің шұғыласы салынған плакаттар .




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

1. Қағаз дегеніміз не?
2. Қағаздың қасиеттерін ата.
3. Қағаздың түрлерін ата.
ә) «Жануарды таны» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау.
Шарты: көбелек туралы мәліметтерді еске түсіру.
Жасаған көбелектері туралы сұрау.

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақ бойынша «Геометриялық пішіндер» жұмысын аяқту .

Қызығушылықты ояту



Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

а) Мозаика құрастыру туралы айту.


ә) Слайдпен жұмыс.
б) Мұғалімнің көрсетуі.
V. Жаңа білімді бекіту
а) Қауіпсіздік ережелері:
Қайшымен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
2. Қайшыны тек Өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.
3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
4. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
5. Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.
6. Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.
7. Қайшының алмасына зер салып қи.
8. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
Желіммен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Желімнің қақпағын абайлап аш.
2. Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.
3. Артығын сүрткішпен алып таста.
4. Қолыңды сүрткішпен сүрт.
5. Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой.

Қылқаламмен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста.
2. Қылқаламды дұрыс ұста.
3. Қылқаламның ұшымен қағазды абайлап үз.
4. Қылқаламды ешкімге нұсқама.
5. Жұмыс соңында қылқаламды орнына сал.
ә) Практикалық жұмыс.
1 - топ: қайшымен қию арқылы мозайка құрастыру.
2 - топ: қылқаламмен үзу арқылы мозайка құрастыру.
3 - топ: қағазды майдалап жырту арқылы мозайка құрастыру.
в) «Саңырауқұлақ» сөзін буынға бөлдіру, тасымалдату, әріптерінен сөз құрату.

Ой толғаныс

а) Балалар, бүгінгі жұмыс ұнады ма?
ә) Не жасап үйрендік?
б) Көрме ұйымдастыру.
в) Жұмыс орнын жинау.

Үйге тапсырма беру.

Қағаздан мозикалық өрнегін құрастыруды аяқтау .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет