Сабақтың тақырыбы: Тағам құрамындағы қоректік заттар Оқу мақсаты: Сабақтың мақсаты



бет2/4
Дата11.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#174195
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1-сабақ. Тағам құрамындағы қоректік заттар

Майлар

  • Майлар – тірі жасушалардың негізгі компонентерінің бірі.Олар қуат тепе-теңдігін сақтау сияқты, дәрумендер мен минералдардың кейбір топтарын сіңіру үшін де ағзаға соншалықты қажет. Майлар тіндерді құрушы, қоректік заттарды тасымалдаушы және қуат қоры болып табылады. Майлар да екі үлкен топқа бөлінеді:
  • Майлардың негізгі функциялары: 
  • Майлар тек көмірсулармен ақуыздардың көмегімен қол жеткізе алмайтын, үлкен қуат қорын береді. Ал қуаттың жетіспеушілігі жоғары болса, бұлшықеттер мен тіндердің өсуі мен қызметі баяулайды.
  • Дәрумендерді майсыз сіңіру мүмкін емес. А, С, Е және К сияқты органикалық заттардың сіңуі тек майдың арқасында жүзеге асады.
  • Майлар тәбетті төмендетуге көмектеседі, сондықтан кез-келген диета ұстаған уақытта тәбетті бақылап, ішкі ағза мүшелерінің жұмыс істеуіне көмек көрсету үшін аз мөлшерде май болу керек.
  • Май – бұл қатып қалмауға көмектесетін оқшауланудың жеке жүйесі. Ол сүйектерді соққылардан қорғайды.
  • Май тағамның құрылымы мен дәмін қамтамасыз етеді, сондықтан қуырылған және майлы тағам әрқашан дәмді болып келеді.

 Көмірсулар

  •  Көмірсулар
  • Көмірсулар – ағза үшін құрылыс, қуат және қорғаныс қызметтерін атқаратын органикалық заттар. Олар барлық жемістер мен көкөністерде, сондай-ақ дәнді дақылдарда кездеседі.
  • Көмірсулардың қарапайым және күрделі түрлері бар:
  • Күрделі түрі тұрақты тұтынуға кеңес берілетін және ағзаға ұзақ уақыт қуат беретін пайдалы санатқа жатады. Күрделі көмірсуларды дәнді дақылдардан, көкөністерден және қантсыз жемістерден табуға болады.
  • Қарапайым түрі керісінше, оңай сіңіп, ағзада глюкозаның күрт көтерілуіне әкеледі. Яғни, ол қант мөлшерінің артуына, шамадан тыс қуаттануға және артық майдың пайда болуынаәсер етеді, ал бұл өз кезегінде артық салмақтың негізі болмақ. Қарапайым көмірсулар тәттілерде, ұн өнімдерінде, тәтті және кептірілген жемістерде кездеседі. Егер Сіз дұрыс тамақтануға ауысқыңыз келсе, онда өзіңізді сұлы, қарақұмық, арпа, інжу арпа, тары секілді жарма түрлерін жеуге үйретіңіз. Себебі бұл тағамдар ұзақ уақыт бойы ағзаға тойымдылық сезім беріп, аштықты тудырмайтын күрделі көмірсулардың көзі болып келеді.
  • Көмірсулардың негізгі функциялары:
  • Ағзаның жарты тәуліктік қуатын қамтамасыз етеді.
  • Қанның ұюына тосқауыл болады, сондай-ақ, ісік ауруына қарсы тұру қызметін атқарады.
  • Жүрек, бүйрек және бұлшықеттерде жиналатын қуат қорын тудырады. Гликоген барлық ағзаны
  • Көмірсулар қоректік компоненттерді сіңіруге әсер ете отырып, асты қорыту қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет