Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет23/64
Дата19.09.2022
өлшемі158,05 Kb.
#149998
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64
Байланысты:
туз
Эссе 2
3. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
-Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау.
-Бүгін қандай мереке?
-Сендер аналарыңа қандай көмек жасайсыңдар ?
-Ана жайлы қандай өлеңдер білесіңдер?
3.Сергіту сәті Бір, екі, үш –
Қарлығаш боп ұш.
Төрт, бес, алты –
Қарлығаш боп қалқы.
Жеті, сегіз, тоғыз, он –
Қарлығаш боп қон!

4. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.
2.Сұрақтарға жауап алу.
3. Теріп оқыту.
5.Бекіту кезеңі: Әркімге - өз үйі

Ақ жылтыр бетке үш үй салыңыз: ананың үйі, қызға үй және қуыршаққа үй-үлкен, орташа және кішкентай. Төртбұрыштан – үйдің қабырғасы ал үшбұрыштан үйдің шатыры тұрады. Әртүрлі кескіндерден қағаз бетіне, балаға тура осындай үй салуды ұсыныңыз. Бала үлкен төртбұрышқа үлкен үшбұрыш, ортаншыға – ортаншы және кішкентайға-кішкентайды қою керек.


«Анаңа дастархан жасауға көмектес» тақырыбындағы ойын.
Дастархан жайылған үстелдің ортасына гүлмен құмыраны қой.
Құмыраны сол жағына, нан салатын ыдысты, оң жағына бұрышпен тұз салған ыдысты қой. Қасық, шанышқыны оңмен сол жағына рет-ретімен қой. Ас ішетін үлкен табақтың үстіне, орташа табақ қой, табақтың оң жағына пышақ пен қасық, сол жағына шанышқы, т.б. Осы сияқты «ертеңгілік немесе кешкі тамаққа дастархан жаса» деп ойынның түрін өзгертуге болады.
Кеңістік ұғымын қалыптастыруға арналған ойын-сабақ.

Пәні: Түзету- дамыту № 29
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Мен және менің болашағым
Мақсаты: Оқушының өз болашағына сеніммен қарауға,арманы мен мақсатына жетуді үйрету. Ой- өрісін дамыту, тәрбиелеу.

«Мен сияқты жаса».
«Санайық»
Сабақ қорытындысында көңіл-күйге назар аудару.

  1. Зейіннің ауысу қабілетін дамыту жаттығуларын балаға естіртіп бірнеше сөз тіркестері айтылады. Мысалы: ойынның шартындағы келісім бойынша үстел, төсек, қой, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, торғай, шанышқы т.б. тәрбиешінің айтқан сөзін зер салып тыңдап отырады. Мысалы: жануарларды білдіретін болса, жануарлардың атын естіген сәтте алақанын шапалақтау керек. Бала қателесіп кетсе сөздерді қайталап анық айтсын. Ойынды екі рет қайталағанда уәде бойынша өсімдікті сипаттайтындай болуы керек.

  2. Келесі нұсқасында 2 бөлімді қосып өткізуге болады. Яғни жануарлар туралы айтқанда орнынан тұрады. Осы сияқты жаттығулар ұйымдастыру.

  3. Баланың зейінін тез ауыстыруға, жылдам шоғырландыруға, бір мезгілде бірнеше объектіге бөлуге, зейінде дамытуға арналады.

Жаттығулар
Оқып, санай алатын балаларға 5 қатар етіп ретсіз жазылған әріптер тіркесін ұсынып, әр қатардағы әріп тізбегінің ішінде кездейсоқ ұшырасқан сөздерді оқиды да оның астын сызып қояды. Бұл сөздер 2-3-4-5 әріптен құралған болуы мүмкін. Әріптер мен сөздерді анық етіп қолмен немесе машинамен жазуға балаларды қызықтыру үшін күлдіргі сөздерді жазуға болады. Нәтижесін қорытындылау сөзді табу жылдамдығына және табылған сөздің санына қарай бағытталады. «Түгелдеу - шатастыру» ойыны

Мақсаты: Еріксіз зейінді дамыту.


Жүргізуші сол жерде отырған балалардың атымен, тегін қате айтады. Балалар зейін қойып, мұқият тыңдап отырады. Тек қана атымен тегін дұрыс айтқанда ғана алға шығады.
Егер кімде-кім қателессе ойыннан шығады, айыбын төлейді (жұмбақ, жаңылтпаш, әзіл өлең).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет