Сабақтың басы
(барлық сынып)
Өткенді қайталау. (5мин)
Сабақтың ортасы
(15 мин)
Талдау
(10мин)
Сабақтың аяғы (5 мин)
Кері байланыс
(5 мин)
Үйге тапсырма
|
Ұйымдастыру. Топқа бөлу (тапсырма түрлі түсті қағазға жазылады). «Масса», «көлем».
Ширату жаттығулары:«Сұрақты қағып ал» әдісі
Тығыздықты қандай әріппен белгілейді?
Масса бірліктерін ата.
Сұйықтың көлемін қандай құралмен өлшейміз?
Таразының түрлерін ата.
1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?
1 тоннада неше килограмм бар?
Тығыздықты табу үшін...
І тапсырма «Ротация » әдісі.
1-топ. Өлшемі (30х10х10 ) см3 қалайы білеушенің массасы 21,9кг. Қалайының тығыздығын анықта?
2-топ. Егер шойынның тығыздығы 7∙103 кг/м3 болса, онда көлемі 20 см3 шойын кесегінің массасын
анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- шамаларды ХБЖ-не келтіреді;
- тығыздықты есептеу формуласын
қолданады;
- тығыздықты есептейді.
Парақта дайын 2 топка 2 есеп беріледі.
Әр топқа бір есептен беріледі, 1 минутта, сағат бағытымен аламасады. Белгілі уақытта 3 минутта
Бағалау: топтар бір-біріне баға береді.
Кері байланыс: Бағдаршам
ІІ тапсырма
1. Сызғыш арқылы дененің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеп кестеге толтырыңыздар.
2. V=a·b·c формула бойынша көлемді анықтаңыздар.
3. Таразы арқылы дененің массасын анықтаңыздар.
Кестені толтыру:
Ұзындық,а,см
|
Ені, b, см
|
Биіктік,
h. см
|
Көлем,
V, см3
|
Дененің массасы
m,г
|
|
|
|
|
|
І топ: Ағаш білеушенің тығыздығын табу керек. Оқушылар ағаш білеуше, таразы, сызғыш көмегімен тапсырманы зерттеп, есептеп, талдап берулері керек.
ІІ топ: Мензурка көмегімен дененің көлемін, таразымен дененің массасын анықтап,денелердің тығыздығын табады.
Оқушыларға мензурка, жүк, таразы т.б, жіп беріледі.
Мензурканың бөлік құны
|
Сұйықтың көлемі, V1,см3
|
Дене мен сұйықтың көлемі,
V2 ,см3
|
Дененің көлемі,
Vд =V2-V1,см3
|
Дененің массасы, m,кг
|
|
|
|
|
|
Дескриптор
шамаларды ХБЖ-нде жазады;
- дененің көлемін анықтайды
- дененің массасын анықтайды.
- тығыздықты есептеу формуласын қолданады;
Кері байланыс:Смайликтер
|