Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу



бет2/4
Дата08.09.2017
өлшемі0,55 Mb.
#30782
1   2   3   4

4. Көркем жазу.

Ч,ч-екі элементтен тұрады.

Щ,щ-


5. Оқулықпен жұмыс.
1. Сөздерді дұрыс оқып, көшіріп жаз.

Почта, чек, чемпион, карточка, щетка, плащ, учаске.

2. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

1. Дүкеннен аяқ киім щеткасын сатып алдым.



6. Сергіту сәті. Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз,
Түлкі болып қашамыз, қашамыз.
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп.
Орнымызға қонамыз, қонамыз.
1. Сөйлемдерді оқып, ч,щ әріптері бар сөздерді көшіріп жаз.
2. Құрамында ч,щ әріптері бар сөздерге дыбыстық талдау.
Шығармашылық жұмыс.
4-жаттығу.
«Телефон» ойыны арқылы cабақты бекіту.
Сабақты қорыту.
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма ?
-Бүгінгі сабақта біз не білдік ?
Бағалау.
Үйге: «Щетканың пайдасы» тақырыбына әңгіме құру

Сабақтың тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі. Ч ч дыбысы мен әрпі


Сабақтың мақсаты: Ц ц және Ч ч дыбыстары мен әрпін танытып дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру.
Сабақтың міндеті:
1. Сөздерді дұрыс буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
2. Дыбысты, әріпті танумен қатар сөз, сөйлем құрай білуге, буындық, дыбыстық талдау жасай білуге үйрету арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын, байқампаздықтарын дамыту.
3. Мамандық түрлеріне баулу, тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: алфавит, атауында ц дыбысы бар сөздер, постерлер, топқа бөлуге арналған геометриялық фигуралар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдістері: топқа бөлу, миға шабуыл, топпен жұмыс, топтық сұрақ,
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту
1. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
Сәлеметсіз бе!
- Оқушыларды сабаққа дайындау
Оқу – құралдарының түгел болуына назар аудару
-Сабаққа зейіндерін аудару
2. Топқа бөлу
Түсті шеңберлер арқылы сынып оқушыларын 4 топқа бөлу
Сары түсті шеңбер – 1 топқа
Қызыл түсті шеңбер – 2 топқа
3. «Миға шабуыл» стратегиясы
Мақсаты: Сұраққа шапшаң жауап беруге үйрете отырып, өткен тақырыптарды қорыту
1 топ: Э дыбысына сөз құрау.
- Щ дыбысына сөз құрау.
2 – топ: «Дыбысқа саяхат» ойыны жоғалған дыбыстарды атау, сөзді оқу, сөйлем құрау.
... лектр, а... ы,... кран, тұ... ы.
Щетка(2 буын, 5 әріп, 6 дыбыс)
- Борщ(1 буын, 4әріп, 4 дыбыс)
- Сергіту сәті
II. Мағынаны тану
Мақсаты: Ц ц дыбысын таныту, артикуляциясын үйрету, жаңа сөздерді таныту
1) Ассоциация құру.
«Топпен жұмыс» стратегиясы
Мақсаты: жаңа ц және ч дыбыстары туралы білетін өмірлік білім – дағдыларын жетілдіру
Әр топқа Ц ц және Ч ч дыбыстарына қатысты суреттерді беру
1 – топқа: Цирк
2 – топқа: Циркуль
Әр топ өз алдарына берілген суреттерде берілген заттар туралы білгендерін айтады: Мысалы: Циркте клоундар өнер көрсетеді. Циркульді шеңбер салу үшін қолданады. Чемоданға адамдар жол жүргенде керекті заттарын салады. Чемпион – спорттық жарыстарда 1 орын алған адамдарды айтады.
2) Әріптердің жазылуымен таныстыру
Ц әрпінің жазылуы И әрпіне ұқсас. Жол астына екінші тармағы салынады. Кіші әрпі де кіші и әрпіне ұқсайды. Оның да тармағы болады.
Ч әрпі жолдың үстінен салынады. Бірінші тармағы ирек түрінде Ү әрпіне ұқсас салынады да астыңғы жолға жеткенде оңға шеңберше иіледі. Кіші әрпі бас әрпі секілді, тек жодың ішіне салынады.
Ал енді кітаптарыңа қарап, осы дыбыстарды орнын анықтаңдар.
3) Тақтамен жұмыс
Топ мүшелеріне берілген сөздерді тақтаға жазу ұсынылады. Сол сөздерге талдау жасайды.
4) Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: ц, ч дыбыстарының дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу, сауаттылыққа баулу
Бағандағы сөздерді жекелеген оқушыларға оқыту, мағыналарын ашу.
- Ц дыбысының орнын анықтау, суреттерін көрсету.
(ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездесетінің көрсету)
- «Цирк» әңгімесін мәнерлеп оқу. оқушыларға іштей және дауыстап оқыту. Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.
- Әңгіме не туралы?
- Циркте нелер бар?
- Аю, ит не қылды?
5) Дәптермен жұмыс.
5) Мақсаты: Ц дыбысының жазылуын көрсету, дұрыс жазуға көңіл бөлу
а) Ц ц үлкен, кіші әріптерінің жазылуын көрсету.
ә) Үлгі бойынша 1-ші жолдарды бастырып жазу.

III. Рефлексия


1) Топтық сұрақ қою
Топ мүшелері бір – біріне тізбектей сұрақ қояды
1 – топ 2 топқа: 2 топ 1 топқа сұрақтар қояды.
2) Кері байланыс

Біз бүгін не істедік?


Топқа бөліндік
Сөздерге талдау жасадық
Буындарды біріктірдік

Бір – бірімізге сұрақ қойдық


Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру.


Сабақтың міндеті: 1. Ц дыбысы мен әрпін таныстыру,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды меңгерту.
2. Ц дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту.
Көрнекілігі: Ц дыбысының баспа,жазба түрлері,кеспе әріптер,дыбыстық белгілер,слайд
Әдіс¯тәсілдері: баяндау,ізденушілік, сұрақ­ жауап.
Сабақ жоспары:
І.Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу. Таңертеңгі жиын. II. Үй тапсырмасын сұрау . Қорытындылау. а) «Түскі ас» мәтіні. ә) Щ дыбысын қайталау. III. Жаңа тақырып. ­Балалар, бүгін бізге сайқымазақ келіп отыр. Ол сырттай сендерді бақылап,қарап, қадағалап отырады.Қане барлығымыз тыныш отырып, білгенімізді ортаға салайық. а) Жұмбақ жасыру. Аяғын жерге тірей қалып, Шеңбер сызды шыр айналып. (Циркуль)
ә) «Әріптер әлеміне саяхат» кітабынан өлең оқу.
Шеттен енген тек қана Сөзді бастап мен тұрмын Мен бармын цирк,цехта да Бас әрпі мен циркульдің. б) Суретті әліппемен жұмыс . VI. Оқулықпен жұмыс.

V.Сергіту сәті.


VI. Мәтін бойынша жұмыс. Тізбектеп оқу. Ассоциация құру.

Ой қозғау.


VII. Тіл дамыту жаттығулары. Ца-ца-ца цо-цо-цо Цу-цу-цу ци-ци-ци
VIII. Дәптермен жұмыс.
а) Ц- тіл алды,жуан,қатаң,дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздермен халықаралық терминдерге тән.
Ц дыбыс сөздің басында,ортасында келеді.
ә) Ц әріпінің элементтерін анықтау,ауада көрсету.
б) тақтаға жазып көрсету(екі ырғақ, ілгекше).
в) дәптерде жазу.(бастыру көркем жазу,дыбыстық талдау).
XI. Қорытынды.
Яғни, бүгін қандай дыбыспен таныстық? (Ц)
Ц дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
X. Бағалау. Қуанышты хабарлама үлестіру.

Сабақ тақырыбы: Х, Һ дыбыстары.


Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Х,һ дыбыстарының айтылуына назар аудартып, олардың айтылуындағы
ерекшелікті байқату, х,һ дыбыстары бар сөздердің мағынасын түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелілігі: Сөздерді қатесіз, дұрыс, көркем жазуға үйрету, үнемі кітапханамен
байланыс жүргізуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақ әдісі: Сатылай кешенді талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мазмұнды суреттер, х,һ дыбыстарының кестелері.
Жүрісі:
І. Қызығушылықты ояту.
- «Цемент» сөзіне ойлаған сөйлемдерін оқыту.
- Ц дыбысына дыбыстық мінездеме беру.
ІІ. Мағынаны тану.
1. – Қазір қай мезгіл?
- Күзде қандай өзгерістер болады? \жапырақтар сарғайып, түседі\.
2. - Орманға барып, осы жапырақтарды жинап қайтайық.
3. Оған бару үшін өлең оқып, жұмбақтар шешейік.
Қазақтың көне жерінде,
Айдаһар өмір сүріпті,
Патша боп көп жыл тұрыпты,
Күшсізді талай жалмапты.
Тіссізді талай қандапты...

Талай- талай қаһарман.


Жеңіспенен табысқан
Шыққан осы шаһардан.
- Ай- да- һар, қа- һар- ман сөздерінде үшінші, екінші буындарында қандай
дыбыс естіп тұрмыз. (Һ).
- Енді өлең- жұмбақ шешей ік.
Сәлем алып алыстан,
Туысыңнан таныстан.
Келетұғын «хат», «хабар»,
Қай әріптен басталар? (Х).
4. Ендеше бүгін Х,һ дыбыстары туралы білімдерімізді тереңдетеміз.
5. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру. Х,Һ дыбыстарының айтылуына назар аудару. Айтылу ерекшеліктерін байқату.

Х
1. Бұл дауыссыз дыбыс.Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан


ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.
2. Үннің қатысына қарай-қатаң дауыссыз дыбыс.Себебі, ол тек қана
салдырдан тұрады.
3. Айтылу тәсіліне қарай-ызың дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты
айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып,ауа сүзіліп шығады.
4. Жасалу орнына қарай тіл арты дауыссыз дыбыс.
Һ
1. Бұл дауыссыз дыбыс.Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан
ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.
2. Үннің қатысына қарай-қатаң дауыссыз дыбыс.Себебі, ол тек қана
салдырдан тұрады.
3. Айтылу тәсіліне қарай-ызың дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты
айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып,ауа сүзіліп шығады.
4. Жасалу орнына қарай тіл арты дауыссыз дыбыс.
2-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің астын сызып,
мағынасын түсіндіру.
- қ, һ дыбыстарының айтылу ерекшеліктерін байқату.
Қ
1. Бұл дауыссыз дыбыс.Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан
ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай-қатаң дауыссыз дыбыс.Себебі, ол тек қана салдырдан тұрады.
3. Айтылу тәсіліне қарай-шұғыл дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты
айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне қатты соқтығысып,ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады.
4. Жасалу орнына қарай тіл арты дауыссыз дыбысы.
3-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме жүргізіп,берілген сөздерден
сөз тіркесін құрап
жазу. Сұрақтарға жауап беру.
4-жаттығу. Топпен жұмыс.
Сөздерді түсініп оқу. Түсіндірме арқылы түсіндіру. Әр топ дыбыстық
талдау жүргізеді. \ халық, жаһан, қағаз сөздеріне\.
6-жаттығу. Берілгенін оқу. (Мектеп кітапханасымен байланыс).
- Кітапханада кітапты не арқылы таабсың?
- Кітап авторларының көрсеткішін пайдаланасың ба? (Бұл жөнінде кітапханашы апай әңгімелеп береді).
ІІІ. Шығармашылық жұмыс. Шеңбердің ішіндегі әріптерден Х,Һ әріптері бар
сөздер тауып жазу. Тапқан сөздердің мағынасын түсіндіру.
«Халық» сөзіне сөзсазындық (фонологиялық 1-саты) талдау жүргізу.
Халық. 1. Бұл сөз айтылу,жасалу,жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз.
Себебі,сөз құрамындағы дауысты дыбыстар жауан дауыстылар.
У. Сонымен күн кешкіріп қалды. Орманнан қараңғыда адасып қалармызү
жинаған жапырақтарымызды алып, үйімізге қайтайық.
УІ. Ой толғау.
Бүгін орманда не туралы айттық?
(Х, һ дыбыстары, олардың ерекшеліктері туралы).

УІІ. Үйге: 7-жаттығу.

сабақтың тақырыбы: Х, Һ дыбыстары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет