Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдік. «Қонақтар» №9-сабақ. Бөлім: 4-бөлім



бет8/11
Дата10.07.2022
өлшемі19,24 Mb.
#147386
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
кмж
sinip1, отан, Сағыныш М, Ашық сабақ, Иса Жаскайрат
Тәрбие жұмысының тақырыбы: « Отан – отбасынан басталады»
Мақсаты: а) Отан сөзінің мағынасын түсіндіре келе отбасы кімдерден
құралатынын,олардың үлкен кішілігіне қарай қалай аталатынын
түсіндіру,ұғындыру.
ә) өлеңдерді мәнерлі түрде айту қабілеттерін,сөздік қорларын,
сабаққа деген қызығушылықтарын дамыту.
б) отбасы мүшелерін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Суреттер, мақал – мәтелдер, техникалық құралдар, дидактикалық материялдар.
Тәрбие жұмысының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Балаларға бүгінгі сабақтың ерекше екенін айтып, түсіндіру.
а) Психологиялық жаттығу.
Арайлап таң атты ,
Алтын нұрын таратты.
Менің елім оянды,
Қыран сынды қанатты.
Күннен алтын нұр туады,
Байтақ өлке құлпырады.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»,
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
Кіріспе:

  • Балалар, біз бүгін күздің керемет шуақты күнінде «Отан отбасынан басталады» атты тәрбие сабағы жайлы әңгіме қозғаймыз.

Суретпен жұмыс:Суреттен президенттің, тудың ,Астананың, үйдің,отбасы мүшелерін көрсету арқылы не екенін, кімдер екенін сұрау. Суреттерге қарап әңгімелеу.
Біздің президентіміздің аты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Бас қаламыз Астана.Аспанда желбіреген көк туымыз бар.Біздің Отанымыз –Қазақстан.
Ата, әже, ана, әке, ұл, қыз бәрі қосылып, отбасын құрайды.Ұл мен қыз үлкен кішілігіне қара «аға, іні, әпке, қарындас, сіңілі» деп аталады. Олар барлығы бір үйде тұрып,бірге өмір сүреді. Отбасы әр адамға жылы ұядай қадірлі.Ондағы әр адам бір – бірін сыйлайды. Бір – біріне жәрдемші, қамқоршы, көмекші.
Ал, енді балалар өз отбасымыз туралы айтайықшы.
1- оқушы: Мына суретте менің отбасым бар. Біз үлкен отбасымыз. Отбасында апам, әкем, анам, бір әпкем және үш ағам бар. Мен отбасында ең кішісімін. Сондықтан да бәрі мені еркелетеді.
2 – оқушы: Мына суретте менің отбасым бар. Отбасында әкем, анам, бір әпкем, бір ағам және менен кіші бір сіңілім бар. Мен отбасында ортаншысы болғандықтан үлкендерге көмекші, сіңіліме қамқоршымын.
Отбасындағы ата, әже, әке, ата туралы әпке, іні, қарындас туралы өлең шумақтарын білесіңдер ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет