Сабақтың басы
4 мин
5 мин
5 мин
|
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып, оқушылардың сабаққа қатысуына және сынып тазалығына назар аударамын.
«Мен қандаймын?...» психологиялық ойынын өткіземін.
Қорапшаның ішінен геометриялық фигураларды оқушылар таңдап алады.
– Сіз лидерсіз. Әрқашан белсендісіз.
– - - Сіз жұмыс істегенді, оқып үйренгенді ұнатасыз.
– Үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүресіз.
-Сіз өте мейірімді жансыз. Жүрегіңіз жақсылық пен мейірімге толы.
Бұнда оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп,өзіне сенімділігі артады.
II Үй тапсырмасын тексеру.
Жұптық жұмыс №4.43 (4,5)
№4.44 (1,2)
Мақсаты:Оқушылар өз жұмысына талдау жасайды,өзге жұмыспен салыстырады.
Нәтижесінде оқушылар өздерінің тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексереді,қатесін көреді,қателіктен сабақ алу,қорытынды жасау дағдылары қалыптасады.
Дұрыс жауаптар интербелсенді тақтада көрсетіледі.
Кері байланыс: «+»,«-» қою арқылы «-» тары бар оқушылардың жұмыстарына түзету ұйымдастырылады.
III. Жеке жұмыс.
Мақсаты-өткенді қайталап,еске түсіру
Нәтижесі: Оқушының ойын ашық білдіруіне,жылдам ойлануға дағдыландыру
1,2,3,4 ширекте синус/косинус/тангенс/котангенс таңбасы ... болады
У=sin(x),Y=cos(x),Y=tg(x),Y=ctg(x) функцияның периоды ...-ға тең болады.
У=sin(x),Y=cos(x),Y=tg(x),Y=ctg(x) функцияларының жұп-тақтығы
Функцияның таңбатұрақтылық аралығы деп ...
|
Интербелсенді тақта
«Жұбыңды тексер»
слайд
Жұмыс дәптері
«Математикалық диктант»
слайд
«+,-» қою арқылы
|