Сабақты талдау үлгiсi
I ҮДМ талдау (сабақтың үшбiрыңғай дидактикалық мақсаты)
ҮДМ қалыптастырудың нақты,қысқа, қарапайымдылығын анықтау, оған соңғы нәтиже берiлдi ме (неге жету керек, ненi үйрету керек, ненi үйрену керек)
Берiлген сабақ мақсатының қандай байланысы тақырыптың жалпы мақсатында бар екендiгiн анықтау;
Мұғалiм өзiндегi мақсатты сезiну дәрежесiн анықтау;
Үшбiрыңғай дидактикалық мақсаттағы бiлiм аспектiсiмен тәрбиелеу және дамыту аспектiснiң сәйкестiгiн анықтау;
Оқушылар үшiн сабақ мақсатының қай шамада түсiнiктi және жете қалыптастырылғанын бағалау, олар оны түсiндi ме, сезiндi ме?
II Оқу материалының мазмұнын талдау
Оқу бағдарламасының талабына сай оқу материалының сәйкестiлiгiн анықтау;
Оның ұтымдылығын , бiрiздiлiгiн, орналасуын, байланыстылығын анықтау, өткен тақырыпқа кейiнгi түсiнiктiң тiрегi;
Материалды қарауда басты ойды көрсету мүмкiндiгi берiлдi ме, соны қарау керек;
Оқу материалы мазмұнының мүмкiндiк деңгейiн анықтау;
- қарапайымдылық;
түсiнiктiлiк;
жеңiлдiктiң болмауы,
қиындықтың мүмкiндiк деңгейi;
● Берiлген оқу материалына тәрбиелiк мүмкiндiктi енгiзу;
● Оқушыларды дамыту үшiн оқу материалы мазмұнының мүмкiндiгiн қарау, берiлген оқу материалының негiзiнде ҮДМ дамыту аспектiсiне қандай жолмен жетуге болады?
● Оқу материалындағы теориялық бөлiмнiң практикалық бөлiммен байланысын анықтау немесе керiсiнше;
● Оқу материалының көңiлге қонымдылығын анықтау;
жалпы мен жекенiң сәйкестiлiгiн;
терминологияның бiрұғымдылығын,
қайталаудың болмауы;
● Оқу материалының тұтастылық, байланыстылық мазмұнына баға беру;
● Жалпы бiлiм мен кәсiби даярлаудың бiр – бiрiмен байланысын бағалау мазмұн бойынша пәнаралық байланыс (проблемалық жағдай туғызу үшiн тiрек есебiнде аралас пән бойынша бiлiмдi пайдалану, өндiрiстiк мазмұнмен мәтiндердi және тапсырмаларды пайдалану)
● Сабақтың ақпараттық кеңiстiгiн бағалау, материалдың жеткiлiктi (тиiмдi) көлемi,әр түрлi бiлiм көздерiн пайдалану, ОТҚ дидактикалық материалдар (қай кезеңде және қандай мақсатпен)
III Оқыту әдiсi
● Қандай жалпы оқыту әдiстерi пайдаланылды және олардың педагогикалық мақсаттылығы;
● Осы әдiстердi пайдалану кезiнде мұғалiмдер мен оқушылардың iс - әрекетiнiң сипаттамасы қандай;
● Оқушылардың танымдылық iс - әрекетi активизация әдiсiн бағалау (реппродуктивтi, продуктивтi, жиi iздену, проблемалық, зерттеушiлiк)
● Оқу материалының мазмұнына оқыту әдiсiнiң сәйкестiлiгiн оны меңгертудегi қажеттi жүйенi қамтамасыз етудi айқындау;
● Топтағы оқушылардың мүмкiншiлiктерiне шынайы оқыту әдiсiнiң қаншалықты сәйкес келетiндiгiн анықтау;
● Мұғалiмнiң осы әдiстiң жүйесiн пайдалану кезiнде алынған оқушылардың бiлiмiн талдау арқылы әдiстiң нәтижелiлiгiн анықтау;
IV Мұғалiмнiң қызметi
● Мұғалiм қызметiнiң сипаттамасын анықтау, информатор мұғалiм немесе танымдылық процесiн ұйымдастырушы
● Сабақта оқушылармен қайта байланыс болды ма, оның тиiмдiлiгi
● Мұғалiмнiң сөз сапасы (тиiмдiлiк қарқыны, дауыс мәнерi, бейнелiк, сезiмдiк)
● Оқушылардың iс - әрекетi мен сабақты басқару стилiнiң дұрыс таңдауына және оқушыларға деген қарым – қатынасы бойынша мұғалiм ұстанымы;
● Сабаққа тәрбиенiң әсерi:
- оқу материалы мазмұнына тәрбиелiк мүмкiншiлiктердi пайдалану
- мұғалiм тұлғасының тәрбиелiк мағынасы және оның сабақтағы қызметi,
● Танымдылық қызметке оқушыларды қосу;
● Бiлiм актуализациясы (оқу материалында басты ойдың бiлiктiлiгiн көрсету, салыстыру, жалпылау, талдау)
● Сабақта оқушылардың өзiндiк дәрежесi;
● Ұжымдық жұмыстың, қарым – қатынастың қызметтестiк дағдысын дамыту
● Оқушыларға оқу жүктемесiнiң, оқу еңбек мәдениетiнiң жеткiлiктiлiгi
VI Үй тапсырмасы
● Сабақтағы үй тапсырмасының ұтымдылығы;
● Үй тапсырмасын орындаудағы түсiндiрме сапасының болуы;
● Үй тапсырмасының қандай түрi ұсынылды (мiндеттi,таңдау бойынша, өз еркiмен, озық, шығармашылық, дифференциалдық)
●Үй тапсырмасы мазмұнындағы басты ойға бағдар жасау
VII Сабақ бойынша жалпы тұжырымдама
● Сабақ мақсатына жеттi
● Сабақ мақсатына жеткен жоқ
● Сабақ мақсатына жартылай жеттi
VIII Сабақ әдiстемесiнде (технологиясында) шеберлiктi жетiлдiру, сабақты дидактикамен қамтамасыз ету, ақпарат кеңiстiгiн кеңейту, оқушылардың танымдылық қызметiн ұйымдастыру бойынша мұғалiмге ұсыныс.
Достарыңызбен бөлісу: |